Қайтарылатын сыйлық ақымен жасалатын мәміле алдын ала келісілген сыйлық ақымен жасалатын мәмілеге ұқсас. Сыйлық ақы алмау құқығы сатушыда болады. Мысалы, егер 17/ІІ-да акция бағасы 308$ болса, онда сатушы («аю») 6$ сыйлық ақы төлеуді тиімді санап, оны алмайды, бағалы қағаздың курсындағы 8$-ды алады.
Ал опцион -мерзімдік мәмілеге кіргізілетін талап. Ол бойынша екі жақтың біріне мәміленің кейбір, қарама-қайшы талаптарының бірін таңдау немесе оның алғашқы ережесін өзгерту құқығы беріледі. Мысалы, бағалы қағаздың курсының төмендеуіне ойнаушы («аю») 1/ІІ-да курсы 300$ болатын акцияны сату құқығын өзіне сатып алады да, 17/II -га дейін әр акция бойынша 4$-дан төлейді. Егер акция курсы 296$-дан төмен болса, онда «аю» оз құқығын пайдаланып, айырмасын өзі алады. Ал қағаз курсының жоғарылауына ойнаушы «бұқа» 4$ болатын құқықты өзіне алып, 17/ІІ-дейін әр акция бойынша курсы 300$-дан акция сатып алады. Егер курс 304$ болса, ол өз құқығын пайдаланып жеңіп шығады.
Ал стеллаж, пролонгация, репорт, депорт мәмілелері де алыпсатушылардың бағалы қағаздардың курсын өзгерту арқылы пайда табу ойындары.
Стеллаж - бағалы қағаздар бойынша мерзімдік мәміленің түрі, мұнда екі жақтың бірі (стеллажды сатып алушы) мәміле мерзімі басталғанда сатушы мен сатып алушы жағдайының бірін таңдау құқына ие болады.
Достарыңызбен бөлісу: |