Бағалы қағаздар нарығы және биржа ісі: Оқу құралы. Алматы: 2007


Бағдарламалық қамтамасыз етуге



бет217/219
Дата17.04.2022
өлшемі1,63 Mb.
#31259
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   219
Байланысты:
Áà?àëû ?à?àçäàð íàðû?û æ?íå áèðæà ³ñ³ Î?ó ??ðàëû. Àëìàòû 2007

Бағдарламалық қамтамасыз етуге операциялық жүйе жа­тады. Ол жүйенің негізгі қызметі: қолданбалы бағдарламаның қолданыстағы техникалық құралдарға тэәуелсіз болуын қамтамасыз ету, бағдарламаны басқа есептеу жүйесіне аударуды жеңілдету, қолданбалы бағдарламаларды жетілдіруге және өндеуге кең мүмкіндік беру. Қазіргі кезде Windows 95 операциялық жүйесі кең қолданыста болуда.

Техникалық қамтамасыз етуге әдетте ЖЭЕМ-ды және ком­муникация құралдарын жатқызады. Жеке электрондық есептегіш машина деген көпшілік қолданушылар қол жеткізе алатын және әртүрлі міндеттерін шешуде қолданатын әмбебап электрондық есептегіш машина.

Биржа қызметінде ЖЭЕМ-ды кең қолдану, шын мәнінде, бірсыпыра жұмыс орындарын автоматтандыруды талап етеді. Онда ЖЭЕМ және биржа қызметіне қатысушылар кешенді автоматтандырылған модульмен өзара байланыста болады. Бұл жағдайда «автоматтандырылған» деген термин белгілі бір дәрежеде тек метафора (ауыспалы астарлы мағынада) бо­лып қалады. Себебі көптеген басқаруға байланысты шешімдер объективті және субъективті факторлардың жиынтығына бай­ланысты қабылданады. Олар творчестволық сипатта болып, автоматтандыруға келмейді.

Қазіргі кезде толық көлемде автоматтандыру туралы тек кейбір процедураларды айтуға болады. Мысалы, бағдарламалармен қамтамасыз етілген ақпараттық технологиялар - тексті және кестелі процестер, экранға шығатын формалар, мәліметтер базасы және т.с.с. Тіпті техникалық қызметкерлер үшін оларға қажетті ақпараттың тек кейбір бөлігін ғана автоматтандыруға болады.

Қорыта айтқанда, биржалық саудаға қатысушының жұмыс столындағы ЖЭЕМ «жоғары өндіруші интеллектуальды ассистенттің» қызметін атқаруы тиіс - ол ақпаратты сақтауды ұйымдастырушы (файлдық құрылым, іздеу, сараптау, есептеу, экранда мәліметті ұдайы көрсету).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   219




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет