3.2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы
қағаздары
Қазақстанда мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының пайда болуын және қалыптасуын түсіну үшін оны тарихи түрғыдан қарастырып өтелік. Жоспарлы-әкімшілік экономика жағдайында дамыған КСРО-да барлық шаруашылық субъектілері өздеріне қажетті капиталды я орталықтанған бөлу бойынша бюджеттен, я үкімет бекіткен несиелік жоспар бойынша мемлекеттік банктен алып дамыды. Ол кезде бағалы қағаздар нарығы механизмі арқылы кәсіпорындардың бос капиталды алатын қарыз алу жүйесі, сондай-ақ мемлекеттік займдардың нарықтык өтімділігі болған жоқ. Мемлекеттік облигациялар мәжбүрлі түрде халыққа сату арқылы таратылды.
Егеменді Қазақстанның нарықтық экономикаға өтуі кезінде мүлікті жекеменшіктендіру нәтижесінде мүлікке мемлекеттік меншіктің қысқаруы, халық шаруашылығының құрылымдық өзгеруі, инфляция деңгейінің шарықтауы және басқа да тың өзгерістер мемлекетті қарызды бағалы қағаздарды шығаруға шарасыз әкеп соқтырды.
Төменде мемлекеттік бағалы қағаздарға сипаттама беріліп, оларды шығарудың мақсаты және міндеті айқындалып, сондай-ақ Қазақстан қор нарығындағы мемлекеттік бағалы қағаздардың не-гізгі түрлері сипатталады.
Достарыңызбен бөлісу: |