Ерекше экономикалық заңдар дегеніміз не?
бұл шаруашылықтың нақты тарихи формасының даму заңдары.
Иемдену заңдары?
1. Еңбек бастапқы иемдену әдісі;
2. Басқаның еңбегін иемдену заңы.
Адамзат қоғамының даму тарихында меншіктің әр түрлі типтері белгілі. Олардың ең бастылары?
жалпы және жеке меншік болып саналады.
Жабық экономика дегеніміз не?
- барлық шаруашылық әрекеттер тек мемлекет шеңберінде жүргізілетін, ішкі тұтынумен шектелетін, шетелдермен қатынас болмайтын экономикалық жүйе.
Ашық экономикалық жүйе дегеніміз не?
– халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіне экономика белсенді түрде қатысатын, ұлттық валюта мен қатар шетелдік валюта қолданылатын экономикалық жүйе.
Дәстүрлі жүйе дегеніміз не?
-ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып отырған дәстүр мен салт бойынша қатынастар қалыптасатын жүйе.
Аралас экономика дегеніміз не?
-мемлекет пен нарық механизмдерінің араласуы арқылы экономиканы реттеу жүзеге асатын экономика түрі.
Достарыңызбен бөлісу: |