Бағалы қағаздардың айналысы деп оларды сатып алу-сатуды және заң жүзінде олардың иемденушісін өзгерту әрекеттерін айтады.
Әлемдік тәжірибеде нарықтың, оның ішінде бағалы қағаздар нарығының, бірсыпыра белгілеріне, айналысқа түсетін активтер түріне, сондай-ақ олардың сатылу тәсілдеріне қарай көптеген түрлері кездеседі. Төменде әрқайсысының мазмұны қарастырылады.
Нарық географиялық белгілеріне және қоғамдық танылуына
қарай:
халықаралық және ұлттық;
жергілікті және аймақтық нарық болып бөлінеді. Сондай-ақ қолданылатын қаржы құралдарына байланысты
нарық, мысалы, бағалы қағаздардың нақты түрінің (акция, облигация, және т.б) немесе опциондар, фьючерстер, валюта нарығы деп те бөлінеді.
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде бағалы қағаздарды сату тәсіліне қарай төмендегідей бағалы қағаздар нарықтары да-муда.
алғашқы және екінші нарық;
ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған;
биржалық және биржадан тыс;
жай және қос аукциондық нарық;
дәстүрлі және компьютерленген нарық;
кассалық және мерзімді нарық.
Достарыңызбен бөлісу: |