Бағалы қағаздар нарығы және биржа ісі: Оқу құралы. Алматы: 2007


жылдың 10 шілдедегі «Акционерлік кргамдар



бет84/219
Дата17.04.2022
өлшемі1,63 Mb.
#31259
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   219
Байланысты:
Áà?àëû ?à?àçäàð íàðû?û æ?íå áèðæà ³ñ³ Î?ó ??ðàëû. Àëìàòû 2007

8. 1998 жылдың 10 шілдедегі «Акционерлік кргамдар туралы» №281-1 Қазақстан Республикасының заңы акционерлік қоғамның құқықтық жағдайын, оны құру, капиталдандыру, қайта құру және тарату тәртібін; акционерлер мен үшінші тұлғалардың құқықтарын, міндеттерін, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жағдайларын; қоғамның органдары мен лауазымды адамдарының өкілеттілігі мен жауапкершілігін айқындайды.

9. Басқа да заңдар және нормативтік - құқықтық актілер. Оған бағалы қағаздарды шығару және айналымға түсіру мәселелерін, Ұлттық Комиссияның өкілдігін реттейтін Президенттің жарлықтары жатады. Мыс, «Валютаны реттеу туралы» заң бойынша Ұлттық Комиссия валюта қатынастарын, соның ішінде, ішкі нарыққа шетел бағалы қағаздарын түсірудің тәртібін реттейтін орган болып тағайындалды.

Жоғарыда айтылған құқықтық негіздерге сай брокерлік және дилерлік кеңселер ашылып, олар акциялардың мемлекеттік бумаларымен және басқа мемлекеттік бағалы қағаздар түрлерімен жасасқан мәмілелерге қатысуда. Сонымен қатар, Қазақстандағы акционерлік қоғамдардың эмиссиясын мемлекеттік тіркеуден өткізу іске асырылып, көптеген азаматтар бағалы қағаздар нарығында қызмет істеуге мамандану куәлігін алды. Алғашқы тіркеуші компаниялар пайда бола бастады. Бағалы қағаздар нарығын дамыту барысында алғашқы даулар да (оның ішінде сотқа талап қою) кездесе бастады.

Алайда, бұл кезде бағалы қағаздар туралы шыққан заңдар жетілген және бағалы қағаздар нарығының құқықтық негіздерін қалыптастыру процесі аяқталды деуге болмайтын еді. Нарықтың инфрақұрылымы да қалыптасу шағында болатын. Дегенмен айтылған заңдарды пайдаланудың нәтижесінде республикада пайда болған бағалы қағаздар нарығын құқықтық қамтамасыз етудің жетістіктері мен кемшіліктерін анықтауға мүмкіншілік туындады.

Бұдан кейінгі жылдары нарықтың инфрақұрылымын жетілдіруге, нарық субъектілерінің қызметін реттеуге бағытталған жаңа заңнамалар қабылданып, бұрынғыларға бірнеше дүркін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуде.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   219




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет