Банктік үлгі- онда бағалы қағаздар нарығының механизмі арқылы банктер қаржы қорларын бөледі (ол Германияда, Австрияда, Белгияда көп тараған). Бұл үлгі бойынша экономиканы инвестициялау мен мемлекеттік бюджет кемшілігін жоюды банктер өз міндетіне алады.
Банктік емес үлгі немесе нарықтыц үлгі - онда бағалы қағаздар нарығының механизмі арқылы елдің қаржы қорын бөлумен банк емес мекемелер шұғылданады (мысалы, АҚІІІ-та, Ұлыбританияда, Малайзияда, Пәкістанда, Сингапурда). Бұл үлгі бойынша бағалы қағаздар нарығы демократиялық жолмен өркендейді. Қаржыньщ негізгі бөлігі жеке тұлғалардың ақшасы. Ол - банктен алған ақшаға қарағанда - «арзан» ақша.