Бағалы қағаздар нарығы және биржа ісі: Оқу құралы. Алматы: 2007


Екіншіден, экономиканың барлық субъектілерін нақты хабарлармен



бет88/219
Дата17.04.2022
өлшемі1,63 Mb.
#31259
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   219
Байланысты:
Áà?àëû ?à?àçäàð íàðû?û æ?íå áèðæà ³ñ³ Î?ó ??ðàëû. Àëìàòû 2007

Екіншіден, экономиканың барлық субъектілерін нақты хабарлармен қамтамсыз ету. Ол әдетте, бағалы қағаздарды шығару мен оны шығарушылар туралы анық та толық хабар беретін эмиссия проспектін шығарумен жүзеге асырылады. Оған алдын ала белгілі бір адамдар ғана біліп және тек солардың арасында орналастыратын жеке бағалы қағаздар қосылмайды. Одан басқа эмитенттер бұқаралық акпарат беттерінде үнемі қаржы есебін, фирманың басшы адамдары туралы өзгерістерді жариялап тұруға міндетті.

Үшіншіден, институционалдық органдар бағалы қағаздар нарығын тексеру және ондағы құқық тәртібін сақтау қызметімен де айналысады. Бұл органдардың өкілі заң бұзушылардың кез-келгенін тексеріп, кінәлілерге әкімшілік шара қолданып, істерін сотқа беруге құқығы бар. Ол үшін оларға, мысалы, бағалы қағаздарға және ақша қаражатына тыйым салуға (арест), құжаттарын алуға және т.с.с. үлкен өкілеттілік берілген.

Бағалы қағаздар нарығын реттеу мемлекеттің ең маңызды міндеттері:



  • нарыққа қатысушылардың қызмет етуіне нарық ережесіне сай жағдай жасау;

  • нарыққа қатысушыларды кейбір жақтардың алаяқтық, арамдық және қылмыстық іс-әрекеттерінен қорғау;

  • бағалы қағаздарға сұраныс пен ұсыныс негізінде ашық баға белгілеу процесін қамтамасыз ету;

  • кәсіпкерлікті ынталандыратын тиімді нарықты қалыптастыру және әрбір тәуекелге барабар сыйлық беру;

  • белгілі бір қоғамдық нәтижеге жеткізетін бағалы қағаздар нарығының Ұлттық моделін (мысалы, экономикалық даму деңгейін көтеру, жұмыссыздық деңгейін төмендету және т.б.) құру.

Бағалы қағаздар нарығын реттеудің мақсаты - бағалы қағаздармен келісімге келушілердің заңды мүдделері мен құқығын сақтауды қамтамасыз ету. Мемлекеттің мұндай айырықша статусқа ие болуы ол бағалы қағаздар нарығында ең ірі эмитент (мемлекеттік қарызды қаржыландыру), әрі инвестор (кәсіпорындар мен банктердің бағалы қағаздарындағы мемлекеттік акциялардың бумасы) болуына байланысты туындайды. Сондай-ақ, бағалы қағаздар нарығына қызмет көрсететін қаржы институттарының ісін бағыттау мен реттеу мемлекеттік органдарға жүктелген. Олардың ең негізгісі - 1995 жылы Президенттің «Бағалы қағаздар және Қор биржасы туралы» жарлығына сәйкес құралған Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссия.

Қор нарығын мемлекеттік реттеу органының негізгі атқарған қызметтері төмендегідей:



  • бағалы қағаздар нарығын дамыту Бағдарламасын дайындау және орындау;

  • қор нарығын реттейтін заңдар мен нормативтік актілердің жобасын дайындау;

  • бағалы қағаздар нарығын дамыту Бағдарламасын орындау үшін мемлекеттің қаржылық, техникалық және ұйымдық ресурстарын шоғырландыру;

  • бағалы қағаздар нарығында қадағалауды және бақылауды қамтамасыз ету;

  • қор нарығына мамандар дайындаудың мемлекеттік жүйесін құру;

  • бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымын құруға әрекет жүргізу.

Осы аталған қызметтердің орындалу барысында Қазақстан бағалы қағаздар нарығындағы және оның кызметін қамтамасыз ететін инфрақұрылым қалыптасып, одан әрі дамуда. Бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу ғылымға негізделіп алдын-ала дайындалған концепцияға жүгінеді.

Қазіргі кезде бағалы қағаздар нарығын реттеумен және қадағалаумен айналысатын уәкілетті орган - ол 2004 жылы құрылған Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау Агенттігі.

Агенттіктің негізгі атқаратын қызметтері мыналар:


  • бағалы қағаздар нарығын дамытудың мемлекеттік саясатын және заңнамалық базасын дайындау және орындау;

  • белгіленген мақсатқа (негізінен макроэкономикалық) жету үшін қаржы ресурстарын (мемлекеттік және жеке) шоғырландыру;

  • нарыққа қатысушылар ушін «ойын тәртібін» белгілеу;

  • нарықтың кәсіби мамандары мен нарық клиенттері үшін қаржылық тұрақтылық пен нарықтың қауіпсіздігін бақылау;

  • нарықтың жағдайы туралы ақпарат жүйесін құру және оның инвесторлар үшін ашықтығын қамтамасыз ету;

  • инвесторларды шығыннан қорғау жүйесін құру және т.с.с.қызметтер.

Бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу тәсілдерімен қатар нарықтың өзін-өзі реттеу іс-шараларының да маңызы зор. Өзін-өзі реттеуде қоғамдық реттеу әдістері қолданылады. Ондай әдістерге бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметтердің стандартын дайындау және оларды практикада жаппай қолдану, теріс ниетті жарнамаға рұқсат бермеу, инвесторлар мен эмитенттердің жақсы қылықтарын дәріптейтін қоғамдық пікір қалыптастыру әрекеттері жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   219




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет