Бағаналық жасушалар
С. СЕйфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық униврситеті
Нұр-Сұлтан - 2019
Жоспар
- Бағаналық жасушалар кіріспе
- Бағаналық жасушалардың жіктелуі
2.1. Эмбриональды бағаналық жасушалар
2.2. Фетальдв бағаналық жасушалар
2.3. Шеткі қан жүйесінің бағаналық жасушалары
2.4. Кіндік қанының бағаналық жасушалары
3. Бағаналық жасушалардың медицинада қолданылуы
“ Бағаналық жасушалар“түсінігі алғаш рет өткен ғасырдың басында Ресейде пайда болды.Ұлы Ресей гистологы А.А.Максимов қан түзілу процестерін зерттеуде анықтады.
Бағаналық жасушалар дегеніміз- пісіп-жетілмеген немесе дифференцияланбаған (яғни,бөлшектерге бөлінбеген)жасушалар,олар ұқсас жасушалар жасап шығаруға қабілетті.
Өсіп-жетілген организмнің (адам немесе жануар) миллиондаған жасушалары аталық және аналық гаметаларының қосылуынан пайда болатын бір ғана жасуша-ЗИГОТАДАН түзіледі.Бұл жасушада ағза туралы ақпарат ғана емес, оның сатылы даму схемасы да болады.
Қазіргі таңда жасушалы терапияның негізін қалаушы кім деген сұраққа жауап беру мүмкін болмай отыр, себебі емдеудің тәжірибелік әдісін кейбір адамдардың айтуынша, емделушінің жасушаларын қайта қалпына келтіру үшін ешкі жасушасының эмбриондарын инъекция арқылы қолданған швецариялық дәрігер Пол Ниханс деп есептейді; басқалар болса, жасушалы терапияның негізін 20-30 жылдары Парижде уақытынан бұрын қартаю кезінде фетальді ұлпаларды ауыстырмақ болған орыс дәрігер – эмигрант С.Воронцов қалады деп санайды. Осыған қарамастан, жасушалы биология ғылымдағы өз статусына ХХ ғасырдың екінші жартысында жеткен болатын. 1960 жылы кеңестік ғалымдар И.Чердков пен А.Фриденштейн мультипотентті сүйек кемігін ВСК (БЖ) ашты. Бұл ашылу ересек ағзаның зақымдалған ұлпаларын қайта қалпына келтірудегі жасушалардың рөлін зерттеуге жол ашты. 1981 жылы алғаш рет американдық ғалым Мартин Эвансқа тышқанның бағаналы жасушасынан плюрипотентті тізбек бөлінген еді.
Ал, 1998 жылы американдық зерттеушілер Дж.Томпсон және Дж.Герхарт төрт күндік адам эмбрионының жасушаішілік массасынан ЭСК ала алды.
Адам ЭСК-сының бөлінуі 1999 жылы Science журналының жариялауы бойынша ХХ ғасырдағы ДНҚ қос спиралінің анықталуы мен «Адам геномы» бағдарламасынан кейінгі мойындалған жаңалық болды.
Достарыңызбен бөлісу: |