Аса құрметті төраға (немесе төрайым)! Құрметті қатысушылар!



бет1/2
Дата06.06.2023
өлшемі44,58 Kb.
#99008
  1   2
Байланысты:
Нуралим


Аса құрметті төраға (немесе төрайым)!
Құрметті қатысушылар!

Тәждік арнаның анатомиялық құрылысын сипаттайтын әдістер өте көп. Қазіргі уақытта клиникада тәждік арнаның құрылысын тіршілік жағдайында анықтайтын құнды әдіс – коронарография болып табылады. Бірақ, тәжірибелік жағдайда, ғылыми зерттеулерде бұл әдісті қолдану өте қымбат, сондықтан қол жетімсіз, әрі мүмкін болмай отыр.


Заманауи медицинаның жеткен жетістіктеріне қарамастан, анатомия ғылым болып қалыптасқаннан бері келе жатқан; препараттау, коррозия, егу, бояу және т.б. әдістер осы күнге дейін маңызын жойған жоқ. Қан тамырларын коррозиялық зерттеу – стереоскопиялық және стереоморфологиялық мәлімет алуға толық мүмкіндік береді.
Біздің зерттеу мақсатымыз – тәждік артерияларды зерттеудегі коррозиялық әдістің қолданбалы маңызын айқындау және тәжірибеде жаңартылған түрін енгізу.
Зерттеуге материал ретінде 11 – 12 айлық ер жынысты шошқаның жүректері алынды. Шошқа жүректерін таңдау себебіміз оның жүрегінің көрсеткіштері адам жүрегіне өте ұқсас. Киришенко мәліметтері бойынша жалпы дене салмағына жүрек массасының пайыздық қатынасы адамдар мен шошқа жүректерінде 0,3 – 0,4 – ке тең.
Коррозиялық әдісті жасаудың тиімді жолдарын таңдау барысында соңғы уақыттарда ғылыми зерттеулерде ұсынылған «В.С. Пикалюк, 2004», «В.Н.Горчаков, 2007» әдістері қарастырылды. Корризиондық препараттарды салқын массадан дайындау жолдарының бірі 5-6%-тік целлоидиндік масса таңдалды.
Коррозиялық әдісті жүргізу бірнеше кезеңдерден тұрады (слайдтан көрсету)

1. Бұл әдебиеттерде көрсетілген корризиондық препараттарды салқын массадан дайындау жолдарының бірі 5-6%-тік целлоидиндік масса тәжірибе жүзінде кемшіліктері анықталды, мұндай пайыздық көрсеткішпен дайындалған коррозиялық препарат осал, сынуға бейім, сақтау мерзімі аз және бояу түсі қышқылға тұрақсыз болды. Әдістемелік нұсқау бойынша целлоидиндік массаны бейне және рентген - таспаларынан алынған. Заманауи рентген таспаларда целлоидин жоқ болып шықты. Біз ең тиімді ескі сурет таспасынан алу деп шештік, біріншіден қалған екеуімен салыстырғанда ацетон мен эфирге өте тез ериді (1 күннің ішінде). Кино таспа 2 күнде, ал рентген таспасы 3 күннің ішінде еритінін байқадық, екіншіден салыстырмалы түрде сурет таспасы қаржылай қол жетімді. Біз целлоидинді 12 пайызға өзгерттік. 12%-тік целлоидиндік массаның әдебиеттерде қарастырылған 6%-тік целлоидиндік массадан ерекшеліктері: 12%-тік целлоидиндік массамен дайындалған коррозиялық препарат күшті қышқыл әсер еткен кезде майлы бояуды жақсы ұстау қабілетіне ие және толық дайын болған препаратты майыстырған кезде сынбай өзінің бастапқы қалпына оңай келеді, яғни серпімді қасиеті жоғарлады. Массаның тұтқырлығының жоғары болуы оны қан тамыр қуысына жоғары қысыммен айдауға болады, ал бұл өз кезегінде тамырдың 3-4 ші реттік тармақтарының, тіпті одан ұсақ соңғы тармақтарының нақты мүсінің алуға мүмкіндік береді.


2. Артерияларды толтыруға арналған массаны әдетте қызыл, көк, жасыл түске бояйды. Ол үшін аз ғана майлы бояуды алып, соған сәйкес дайын целлоидиндік массаға ұнтақтағыш арқылы ұнтақтап ерітілді. Бояу процесін аяқтаған соң, ұсақ қыл тамырлардың бітеліп қалмауы үшін массаны екі қабатты дәкенің көмегімен сүзу қажет. Дайын боялған целлоидиндік масса тығыз жабылған шыны ыдыста сақталады.
3. Дайын болған ерітінді тәждік артериялар сағасы арқылы құйылды. Тамыр саңылауы толық тазрғанына көз жеткізген соң, боялған целлоидиндік масса құйылды. Бұл процесс «Бобров» аппараты көмегімен жүзеге асырылды. Бұл аппарат бір шыны түтіктен ауа айдау арқылы шыны ыдыстағы қысымның көтерілуінен екінші шыны түтіктен сұйықтықтың өте жоғары қысыммен шығуына негізделген құрылғы. Системадан тамыр саңылауына үлкен қысыммен өтіп, ірі магистралды тамырлардан ұсақ қылтамырларға дейін, целлоидиндік масса дұрыс дайындалған болса тіпті микроциркуляциялық арнадан өтіп вена саңылауына дейін шығуы мүмкін.
4. Бояғыш зат егілген мүшені шыны ыдысқа салып, 100%-тік тұз немесе азот қышқылы құйылды. Мүше салынған ыдыстың беті шыны қақпақпен немесе тығынмен жабылуы қажет. Қышқылда 1 күн тұрады.
5. Егер 1 күн өткеннен соң мүше тіні сырттай қараған кезде ыдыраған болса, препарат ағынды суға жуылады. Алдымен судың ағыны жәй, артынан қаттырақ қойылып препартты тазарту жүргізіледі. Егер тін шамалы жуылатын болса, препаратты қайта қышқылға салу керек.
6. Дайын болған препарат талдауға дайын. Біздің зерттеу нәтижесінде тәждік арнаның үшқырлы моделдері алынып, алынған препараттар талданды. Тәжірибелік жағдайда тәждік арнаның тәждік артериялардың тармақталуы мен олардың сағасының орналасуында түр-тұқым ерекшеліктері анықталды.
Өздеріңіз көріп отырғандай өзгерткен коррозиялық әдістің нәтижесінде жүректің тәждік артериясының жан-жақты үшқырлы моделі алынды. Мына суретте препараттың артқы көрінісі көрсетілген. Оң жақ және сол жақ тәждік артерияның соңғы тармақтарына дейін сапалы боялған.
Келесі суретте көрсетілген a. coronaria dextra. Анатомиялық тұрғыдан тәждік артерияның құнды көрсеткіші олардың иілістері болып табылады.Бұл суретте оң жақ тәждік артерияның 3 иілісі көрсетілген: 2 горизонтальды және 1 вертикальды иілістер.
Ғылыми әдібиеттерде тіждік артериялардың бөліну типтері бифуркациялық, трифуркациялық, тетрафуркациялық түрлері кездеседі. Ал мына препаратта a. coronaria sinistra бифуркациялық бөліну типі сипатталған.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет