Ересектердің бағаналық жасушаларының көздері-сүйек кемігі,қан,көз,бас миы,қаңқа бұлшықеттері,тіс тіні,бауыр,тері,асқазан-ішек жолы қабырғасының ішкі қабаты және ұйқы безі.Соның ішінде сүйек миында максимальды концентрацияда болады.
Сүйек миында бағаналық жасушалардың 2 түрін ажыратады:
1.гемопоэтинді-одан қанның барлық жасушалары түзіледі.
2.мезенхимальды-барлық мүшелер мен тіндер жаңарады.
Ересек ағза бағаналық жасушалар қоры өте үлкен емес.Сондықтан жойылған жасушаларды организм өздігінен жаңартуға қабілеті жоқ.Ол зақымдалу ошағының көлемді болуы,ағзаның әлсіреуі немесе жас шамасына да байланысты болады.
Науқасқа цирроз,инсульт,паралич,диабет және басқа нерв жүйесі ауруларынан емделуге мүмкіндік бар ма?