Қазіргі кезде бағаналық жасушалар деп – пісіп-жетілмеген немесе дифференцияланбаған жасушаларды айтады, олар ұқсас жасушалар жасап шығаруға қабілетті.
Бағаналық жасушалардың қайта жаңаруы көптеген генерация кезеңінде жүреді, нәтижесінде жасуша клеткалары едәуір көбейеді. Бірақ бағаналық жасушалар ұзақ уақыт арнайы сигналдармен «оятқанша» «ұйқы» күйінде болады.
Дифференциялану қабілетіне байланысты бағаналық жасушалардың 4 негізгі түрі болады:
• Потипотентті бағаналық жасушалар - олар ағзаны түзетін тіңдер мен жасушалардың түрлі типтерін түзеді. Оған ұрықтанған жұмыртқа немесе зигота және екі кезектескен жасуша генерацияларын жатады.
• Плюрипотентті бағаналық жасушалар – ағзаны құрайтын барлық клеткаларды құрамайды, тек көпшілігін жасап шығарады. Оған эмбриональды және фетальды бағаналық жасушаларды жатады.
• Мультипотентті бағаналық жасушалар – кейбір бағыттағы аз дифференцияланатын жасушалар типтерін жасайды. Мысалы: сүйек кемігінің гемопоэтикалық және мезенхимальды бағаналық жасушалары. Унипотентті-тек бір типтегі клеткаға дифференцияланады
Ересек адамдардың бағаналық жасушалары - дифференцияланбаған жасушалар. Олар ағзаның бүкіл өмірінде денеде жаңарып отырады немесе өздері тұрған тіндер типіне маманданады.
Ересек адамдардың бағаналық жасушалары - дифференцияланбаған жасушалар. Олар ағзаның бүкіл өмірінде денеде жаңарып отырады немесе өздері тұрған тіндер типіне маманданады.
Ересектердің бағаналық жасушаларының көздері - сүйек кемігі, қан, көз, бас миы, қанқа бұлшықеттері, тіс, бауыр, тері, асқазан-ішек жолы, қабырғасының ішкі қабаты және ұйқы безі.
Зерттеулерге қарағанда ересектер бағаналық жасушаларының бір бөлігі ғана мультипотентті екені анықталады.
Мысалы, сүйек миының стромалық мезенхимальды бағаналы жасушалары шартында бас миы жасушасының 3 негізгі түрін ажыратады, олар: