Бағаналы жасушалар


Сүйек кемігінің стромалық (мезенхималық) бағаналы жасушалары ортапедиялық клиникада қолданылады. Негізгі көрсеткіштері - сынған сүйек ақауларын, бұзылған буын шеміршегінің қалпына келуін қамтамасыз ет



бет3/3
Дата17.03.2023
өлшемі90,05 Kb.
#75155
1   2   3
Байланысты:
Лекция 14 БМ

Сүйек кемігінің стромалық (мезенхималық) бағаналы жасушалары ортапедиялық клиникада қолданылады. Негізгі көрсеткіштері - сынған сүйек ақауларын, бұзылған буын шеміршегінің қалпына келуін қамтамасыз етеді. 

  • Сүйек кемігінің стромалық (мезенхималық) бағаналы жасушалары ортапедиялық клиникада қолданылады. Негізгі көрсеткіштері - сынған сүйек ақауларын, бұзылған буын шеміршегінің қалпына келуін қамтамасыз етеді. 
  • Мезенхимальді бағаналы жасушалар кардиохирургиялық клиникада белсенді орын алады. Инфарктан кейін бұзылған кардиомиоциттерді қалпына келтіреді.
  •  Гемопоэтикалық бағаналық жасушалар, оның гемапоэздегі ролі.
  • Ересек бағаналық жасушаларды болашақта терапиялық қолданудың оптимистік болжамдары сүйек миының трансплантациясның тарихи жетістіктеріне байланысты.
  • Гемопоэтикалық бағаналық жасушалардың сүйек миының қалыпты қызметін қалпына келтірудегі рөлін алғаш рет 40 жылдай бұрын Тилл мен Мак Кулох дәлелдеді.
  •  

Гемопоэтикалық бағаналық жасушалардың екі сипаттамасы бар:

• Бағаналық жасушалардың қосымша өздігінен жаңару арқылы өндіреді.

• Негізін салушы жасушалардың құрылуымен диффференциялауға «міндетті».

 Бағаналы жасушаларды қолданудағы туындайтын мәселелер.

    • Эмбриондық бағаналы жасушалар даму барысында кез келген жасуша түріне маманданып, өзгере алады;
  •  
    • Эмбриондық бағаналы жасушалар шексіз көбейе алады және де олар ересек ағзаның арнайы химиялық командаларын ұғынып, қабылдай алмайды, себебі ол командаларды беретін бластоцистада ондай құрылғы жоқ;
  •  
    • Ағзаға бұндай жасушаларды енгізу түрлі қатерлі ісік ауруларына немесе тератомалардың пайда болуына әкеп соқтырады;
  •  
    • Трансплантациядағы бағаналы жасушаларды қолданудағы басты мәселе, олардың реципиент жасушалармен иммундық сәйкестікте болу-болмауы;
  •  
    • Бағаналы жасушаларды қолданудағы этикалық мәселелердің туындауы.
  •  

Бағаналы жасушаларды қолданудағы қойылатын талаптар:

    • Бағаналы жасушалардың саны қол жетімді мөлшерде болу қажет;
    • Бағаналы жасушалардың дифференциациясы бағытты түрде жүруі қажет;
    • Бағаналы жасушалар реципиент ағзада өмір сүре алуы қажет;
    • Трансплантациялаудан кейін бағаналы жасушалар реципиент жасушада мамандана алу қажет;
    • Трансплантация кезінде реципиент жасушаға ешқандай зақым келмеуі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет