Бағдарлама Сөз өнері 0-сынып оқушыларына арналған



бет3/4
Дата15.05.2022
өлшемі23,63 Kb.
#34457
1   2   3   4
Байланысты:
10сынып

Мазмұндық бөлімі

10-сынып
Кіріспе. Тілдің жалпы адамзаттық құндылық ретінде рөлін түсіндіру. 1 сағат.

Сөз өнері – құдіретті өнер. Сөз қолданудың ұлттық дәстүрлерін жаңғырта отырып, сөз әдебінің нормаларын меңгерту. 1 сағат

Әдебиеттану ғылымы, даму жолдары. Оқушылардың рухани-адамгершілік қасиетін байыту, эстетикалық танымын кеңейту, оқмандық мәдениетін қалыптастыру. 1 сағат.

Көркем әдебиеттің қоғамдық мәні туралы түсінік. 1 сағат.

Әдеби тілдің стильдік тармақтары туралы түсініктерін кеңейту. 2 сағат.

Тіл тазалығы. Сөз қолданудың ұлттық дәстүрлерін жаңғырта отырып, тіл тазалығын меңгерту. 1 сағат.

Шығармашылық жұмыс. «Тілім – тірлігімнің айғағы» ойтолғау. 1 сағат.

Композиция мен сюжетті түсініп, жоспар құра білу. 1 сағат.

Образдың жасалу жолдары. Портрет, мінездеу терминдері туралы мәлімет беру. 2 сағат.

Кейіпкерлердің тілі. Жанама мінездеу. 1 сағат.

«Арман алысқа жетелейді» ойтолғау. 1 сағат.

Сөздің грамматикалық мағынасы. Оқушының тілдік сауаттылығын арттыру, әдеби тіл нормаларын меңгерту. 1 сағат

Мәтінмен жұмыс. Көркемсөз нормаларын меңгерту. 1сағат.

Шешендік сөздің мазмұндылығы. Шешендік сөздің тектері мен түрлері, олардың өзіндік ерекшеліктері жөнінде ұғым қалыптастыру. 1 сағат.

Пейзаж. Пейзаж және баяндау. 1 сағат.

«Алатау бөктеріндегі қала» суреттеу. 1 сағат.

Сөздіктермен жұмыс, сөз саптасына қатысты ұғымдарды меңгерту. 2 сағат.

Синоним, омоним, антоним. Мысалдармен түсіндіру. 1 сағат.

Шығармашылық жұмыс. 1 сағат.

Архаизм. Диалектизм. Неологизм.Мағыналарын түсініп оқу. 1 сағат.

Өлең және оның құрылысы. 1 сағат.

Өлең ұйқасы. Ұйқастың түрлері туралы түсінік. 1 сағат.

Көркемдегіш құралдарды ажырата білу.1сағат.

Мәтінмен жұмыс. «Өнер алды – қызыл тіл» ойталқы. 1 сағат.

Әдеби тілде ажарлап сөйлеу. Қарым-қатынас түрлеріне тән сөз әдептерін игерту. 1 сағат.

Сұхбат. Интервью. Хабар. Мақала. 2 сағат.

«Қоғам және жастар» пікірталас. 1 сағат

Шығармашылық жұмыс. Сұрақ қойып, жауап берудің әдіс-амалдарын ұғындыру. 1 сағат.

Қорытынды. 1 сағат.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет