Бұл бағдарламаның мақсаты – ғылыми-теориялық материалдарды, шығармашылық-танымдық жұмыстарды, қосымша әдебиеттер мен әдебиет теориясын пайдалана отырып, оқушылардың тіл байлығын молайтуға, көркем шығарманы еркін талдауға, әдеби-теориялық ұғымдарды игеруге тың ақпараттар беру.
Бағдарламаның өзектілігі – оқушылардың бұрыннан алған білімдерінтереңдете оқуға мүмкіндік бере отырып, жаңадан берілген тың мәліметтер арқылы әдебиеттануда алған білімдерін толықтыра түсу.
Қазақ тілінде кездесетін тұрақты тіркестер, мақал-мәтелдер, дыбыс, буындардың үндесуі, аллитерация, ассонанс, теңеу, эпитет, метафора лар сынды теориялардың түрлері толық қамтылған.
Бағдарлама барысында К.Ахановтың «Тіл білімінің негіздері», З.Қабдоловтың «Сөз өнері», Қ.Жұмалиевтің «Әдебиет теориясы», А.Ысқақовтың «Қазіргі қазақ тілі» Морфология, М.Балақаевтың «Қазіргі қазақ тілі» кітаптары басшылыққа алынды.
«Сөз өнері» бағдарламасы оқушының шешендік өнерді толық игеруіне және қабылдауына зор мүмкіндік туғызады.
Достарыңызбен бөлісу: |