Б.Н. Демеуова, Л.К.Ахметова. Түсініктеме хат мазмұны Білім сапасын арттыру еліміздегі басты мақсаттардың бірі болып отыр. Бүгінгідей қарыштап дамыған заманда әр адамның жан-жақты рухани өсуі біліміне байланысты болмақ. Білім негізі мектепте қалыптасатын болғандықтан, әр пәннен берілетін ғылыми негіз оқушының санасына жетуі тиіс. Соған байланысты мемлекеттік білім стандартына сәйкес 10-11 сыныптарда таңдамалы курстар жүргізіледі. Қазақ тілін біліп қана қою жеткіліксіз, оны сауатты жаза, көркем сөйлей білу, ақпараттық технологияда сөйлете білу бүгінгі жастардың қолында. «Сөз өнері» таңдамалы курсының бағдарламасы 10-11 сыныптарға арналған.