Жазылым жұмыстарын ұйымдастыруда келесіні ескерген жөн: - Жазылым жұмыстары шығармамен танысып болғаннан кейін ұйымдастырылады және оқушының білік дағдысын жаңа кезеңге көтеруі тиіс.
- Сабақ үстінде бірнеше рет естілген тақырыптарды қайталамай жаңашылдығымен, тың идеясымен ерекшеленуі тиіс.
- Тақырыптары ой туғызатындай проблемалық сарында, оқушылардың көзқарасын, пікірін, сезімін білдіруге бағыттайтын сұрақ түрінде берілген жөн.
- Жазылым жұмыстарын ұйымдастыру мәселесі өткен ғасырда да, бүгінгі күнде де өзекті мәселелердің бірі.Осы мәселе төңірегінде Цезарь Павлович Балталонның пайымдарымен танысуға болады.Ол жазылым жұмыстарын шығармашылық тұрғыдан қарастыруды алға тарқан. Жазылым жұмыстың алғы шарты деп оқылған шығармадан алған әсер деп атап өткен.
А/И4. Шығармадағы табиғат көрінісін, оқиға орнын, кейіпкер бейнесін сипаттап жазу.
М.Әуезовтің “Көксерек” повесі бойынша осы тапсырманы беруге болады.
Тапсырма:
“Құрмаш рөліне еніп, адамдар астаң-кестеңін шығарып кеткен қасқыр апанының үстінен түстің делік. Сол сәттегі табиғат көрінісін, оқиға орнын, өз сезіміңді сипаттап жаз.
Оқушы Құрмаш рөліне еніп, оның сезімін, табиғат көрінісімен, ішкі жан-дүниесімен байланыстыра сипаттап жазады. Сипаттама эссе сіздің оқырманыңызға сөзбен салынған суретті көрсетеді, иісті, дәмді сездіртеді, әуенді, дыбысты естіртеді, киноны көрсетеді, әлдебір заттармен жанасқандай болдаы, сезеді. Сипаттама эсседе фактілер мен мысалдар болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |