Бағдарламалық қамтамасыз етудің сенімділік көрсеткіштері дегеніміз не? Сенімділік көрсеткіштері бағдарламалық өнімнің сенімділігін



бет5/5
Дата16.10.2022
өлшемі20,2 Kb.
#43507
1   2   3   4   5
Байланысты:
25-03 проектированте

Функционалдық сенімділік берілген уақыт аралығында нанымды нәтижелерді алуды немесе функционалдық тапсырманы орындауды қамтамасыз ететін жүйенің қаблеттілігін білдіреді.
Сенімділік теориясының маңызды түсінігі – тоқтау (тоқтап қалу) – объектінің жұысқа қабілетінің бұзылу оқиғасы. Уақытша тоқтау – қысқа уақытта өзі жойылатын тоқтау.
АЖЖ үшін тоқтаулар аппараттық және бағдарламалық болып бөлінеді. Аппараттық тоқтау техникалық құралдардың жұмысқа қабілеттілігін жоғалтудан туады. Мұндай жағдайда жөндеу және тоқтаған элементтердің жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіру әрекеттері жүргізіледі. БҚ тоқтауы бағдарламалық қателердің салдарынан туады. Мұндай тоқтауларды қалпына келтіру уақыты аппаратураны қалнпына келтіру уақытынан едәуір артық.
Функционалдық сенімділікті арттыру мақсатында «бақылау нүктелері» қалыптастырылады. Бақылау нүктелері деп, жүйенің барлық күйінің көшірмесін белгілі уақыт өткен сайын жаңартуды түсінеміз. Бақылау нүктелерін қалыптастыру бағдарламаның жалпы уақытын біршама ұзартады, бірақ уақытша тоқтаудан кейін есептеу үрдісі жаңадан қайталанбайды және соңғы жаңартылған бақылау нүктесінен жалғасын табады. Бұл тапсырманы орындаудың жалпы уақытын қысқартады, соның арқасында АЖЖ-нің функционалдық сенімділігі артады.
Қысқартулар
CAD – Computer Aided Design;
АБЖ – автоматты басқару жүйесі
АЖЖ – автоматтандырылған жобалау жүйесі;
АЖО – автоматтандырылған жұмыс орны;
АҚ – ақпараттық қамтамасыз ету;
ӘҚ – әдістемелік қамтамасыз ету;
ӘТ – әзірлеушінің терминалы;
БӘК – бағдарламалық-әдістемелік кешен;
БҚ – бағдарламалық қамтамасыз ету;
БТК – бағдарламалық-техникалық кешен;
ДЭЕМ – дербес электронды-есептеуіш машина;
ЖАҚК – жобалауды автоматтандыру құралдарының кешені;
ЖТ – жобалаушылар терминалдары;
ЖТС – жобалаушылардың терминалдық станциялары;
ҚҚ – құқықтық қамтамасыз ету;
ҚҚБЖ – құрылыстық құжаттардың бірыңғай жүйесі;
ҚТ – құрастырушының терминалы;
ЛҚ – лингвистикалық қамтамасыз ету;
МББЖ – мәліметтер базасын басқару жүйесі;
МҚ – математикалық қамтамасыз ету;
ОЕК – орталық есептеу кешені;
СТ – сынаушының терминалы;
ТҚ – техникалық қамтамасыз ету;
ТҚБЖ – техникалық құжаттардың бірыңғай жүйесі;
ТТ – технологтың терминалы;
ҰҚ – ұйымдастырушылық қамтамасыз ету;
ЭЕМ – электронды-есептеуіш машина;
ЭҚ – эргономикалық қамтамасыз ету;

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет