Дәріс сабақтарының мазмұны
Тақырып 34. «Өлшеу құралдарының салыстырмалы сипаттамалары »
Мақсаты: Білім алушыларды өлшеу құралдарының салыстырмалы сипаттамалары толық таныстырып, олардың теориялық бiлiмдерiн нығайту.
Мамандық бойынша өлшеу құралдарының салыстырмалы сипаттамаларын біледі.
Дәріс материалдары: Білу: (Ғ) 0-49; (D) 50-54
Дескриптор:
Тақырыптың анықтамасын біледі. Өлшеу құралдарының салыстырмалы сипаттамаларын біледі.
Түсіну: Осы тақырыптың негізгі мәнін түсінеді
1.Дәрістің негізгі идеясын түсінеді. 55-59(D+)
2. Өлшеу құралдарының салыстырмалы сипаттамаларының жұмыс қызметімен танысады 60-64 (С-) Мамандық бойынша өлшеу құралдарының жалпы жұмысы туралы түсінеді 65-69 (С)
Эталондар.
Мөлшерленген метрологиялық қасиеттері бар
қолданбалы техникалық
құралдарды өлшеу құралдары дейміз.Техникалық өлшеу құралдары 3 негізгі топтарға бөлінеді:
1. Мөлшер бұл берілген мөлшерлі физикалық шаманы қайталау жаңғырту үшін арналған өлшеу құралы (ӨҚ). Бірмəнді мөлшер – бір мөлшердің
(кіртас) физикалық шамасын жаңғыртады. Көпмəнді мөлшер - əртүрлі
мөлшерлі (сызғыш) біраттас шамалар қатарын жаңғыртады.
Стандарттық үлгі – бұл заттың қасиетін немесе құрамын сипаттаушы шама
бірліктерін жаңғыртуға арналған мөлшер.
Үлгілі зат – бұл бекітілген арнайы құжатта көрсетілген дайындаудың
шарттарын сақтау кезінде жаңғыртылатын белгілі қасиеттері бар зат.
2. Калибрлер - өздерімен өлшемдердің берілген шекараларында
тетіктердің беттері мен формаларының өзара орналасуын бақылау мен табуға
арналған құрылғыларды ұсынады.
3. Əмбебап ӨҚ кейбір диапазонда нақты өлшемді анықтайды, мұнымен
олар өлшемнің берілген диапазонда жатуын ғана анықтай алатын калибрлерден
ажыратылады, олар мына түрде болады:
- өлшегіш аспап - бұл өлшегіш ақпарат белгісін бақылаушымен тікелей
қабылдауға қолайлы күйде өндіруші құрылғы;
- өлшегіш аспап – бұл өз араларында байланыс арналарымен біріккен
мөлшерлер, өлшегіш аспаптар, өлшегіш түрлендіргіш жəне қосалқы құрылғылар - ӨҚ жиынтығы, автоматтандырылған өңдеу үшін ыңғайлы күйде
өлшегіш ақпарат белгілерін өндіруге, оны автоматтық басқару жүйелерінде
пайдалануға беруге арналған.
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар:
1. Өлшегіш аспап -
2. Өлшеу қондырғылары -
3. Өлшеуші жүйе –
4. Өлшем құралдарының метрологиялық сипаттамалары жəне олардың нормалануы.
Дескриптор Білім алушылар мамандық бойынша өлшеу құралдарының жұмысын дәптерге жазады. Білім алушылар мамандық бойынша өлшеу құралдарының жұмысы не үшін қажет екенін жауаптарын дәптерге жазады.
Қолдану:
1. 70-74(С+) Өлшеу жəне бақылау құралдарын жобалау принциптері
1. Тэйлор принципі. Пішін мөлшерлерінің алдын-ала жазылған шекті
мəндерге сəйкестігін сенімді анықтау, өтпелі жəне өтпейтін шектерді (МЕСТ
45346-82) анықтау кезінде мүмкін. Кез келген бұйым шақтамалы ең үлкен
жəне ең кіші өлшемдер бойынша кем дегенде 2 рет бақылануы керек.
2. Аббе принципі. Егер бақыланатын геометриялық элемент жəне
салыстыру элементі бір сызықта - өлшеу сызығында сурет 1 жататын болса,
өлшеудің ең кіші қателіктері туындайды. (А) сұлбасы (Б) сұлбасына қарағанда,
өлшеудің кіші қателігіне ие.
Бақылау сұрақтары:
1. Техникалық өлшеу құралдарының негізгі топтары.
2. Өлшеу құралдарының мөлшерленетін метрологиялық сипаттамалары.
3. Эталондар, олардың жіктелуі.
Дескриптор
Білім алушылар мамандық бойынша өлшеу құралдарының сипаттамаларын қолданады
Білім алушылар мамандық бойынша өлшеу құралдарының сипаттамаларын біледі.
Білім алушылар мамандық бойынша өлшеу құралдарының принципін біледі
Бағалау : жұмысты қорғайды 90-94 (А-); 90-100(А)
Дескриптор
Білім алушылар мамандық бойынша өлшеу құралдарының маңызды бір көрсеткішін атайды.
Үй тапсырмасы: Конспект жазып, тақырып бойынша сұрақтар құрастыру.
Әдебиет және оқыту құралдары.
Негізгі:
5. Г.Жамадилова, Н. Костырёва «Стандартизация продукции». Учебное пособие. Фолиант Астана -2016г
6. Мутанов Г, Умырзаг Р. «Основы стандартизации, метрологии, сертификации. Менеджмент качества». - Астана,2000.
Достарыңызбен бөлісу: |