Бағдарламалық сұрақтар Бөлімнің аты: Нәруыздар. Ферменттер



Pdf көрінісі
бет3/57
Дата06.02.2023
өлшемі0,97 Mb.
#65587
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57
Байланысты:
50 сұрақ

2)Дисульфидті байланыс – цистеиннің екі молекуласындағы тио топтар өзара әрекеттескенде 
түзіледі, бұл байланыс нәтижесінде цистин түзіледі. Мыс. Цистеин мен цистин 
3)Ковалентті емес байланыстар – оңай үзілетін әлсіз байланыстар. Ковалентті емес 
байланыстарға сутектік, иондық, гидрофобтық байланыстар жатады. 
Сутектік байланыстар –пептидтік байланыс түзуге қатысқан сутек пен оттектегі 
артық заряд есебінен түзіледі. 
Иондық 
байланыстар 
– 
диссоциацияланған 
күйде 
болатын 
МАДК-ң 
(моноаминодикарбон) бос СООН тобы мен ДАМК-ң (диаминомонокарбон) бос NH
3
+
тобы арасында түзіледі. Сутектік және иондық байланыс полярлық сипатқа ие. 
Гидрофобтық байланыс – нәруызда суда ерімейтін және заряды жоқ, полярсыз 
топтардың өзара тартылысынан пайда болатын байланыс. Бұл байланыс нәруыз 
молекуласының ішіндегі полярлы емес радикалдардан гидрофобты ядроның түзілуіне 
әсер етеді. 
Нәруыз молекуласының бірінші реттік құрылымын пептидтік байланыс қамтамасыз етеді. 
Екінші реттік құрылымды сутектік байланыстар қамтамасыз етеді. Үшінші реттік 
құрылымның беріктігі дисульфидтік, иондық және гидрофобты байланыстармен қалыптасады. 
Төртінші деңгейдегі құрылымды иондық, сутектік, дисульфидтік байланыстар қамтамасыз 
етеді. Нәруыздардың реттік құрылымдарын түзетін байланыстарды салыстырғанда, ең 
мықтысы – бірінші реттік құрылым, ең әлсізі – төртінші реттік құрылым. 
Нәруыздардың биологиялық белсенділігінің және өзіне тән қасиеттерінің жойылуына әкеліп 
соғатын құрылымының өзгеруі денатурация деп аталады. Денатурация процесі төмендегідей 
денатурациялаушы агенттер әсерінен туындауы мүмкін: 
1. 
Температураның 42
0
С-тан жоғары көтерілуі нәруыз молекуласындағы сутектік және 
гидрофобтық байланыстарды үзеді; 
2. 
Қышқылдар мен негіздер нәруыз зарядын өзгертіп, полярлы байланыстарға әсер етеді; 
3. 
Органикалық еріткіштер гидрофобтық байланыстарға әсер етеді; 
4. 
Мочевина және гуанидин нәруыз молекуласында көптеген сутектік байланыстар түзеді, 
осының салдарынан белоктың құрылымы өзгереді, бұл жағдайда нәруыз денатурацияға 
ұшырайды; 
5. 
Ауыр металдың тұздары нәруыз молекуласының зарядын өзгертеді, себебі әлсіз 
байланыстарды үзеді; 
6. 
Ультра күлгін сәуе әсерінен болады; 
7. 
Тиолды қосылыстар дисульфидті көпіршелерді тотықсыздандыру арқылы үзеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет