Бағдарламалық сұрақтар Бөлімнің аты: Нәруыздар. Ферменттер



Pdf көрінісі
бет8/57
Дата06.02.2023
өлшемі0,97 Mb.
#65587
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   57
Байланысты:
50 сұрақ

Эффекторлар әсері 


Активаторлар ферменттердің белсенділіктерін арттырады, ал ингибиторлар тежейді. 
Eкеуіде: арнайылықты және арнайылығы жоқ болып бөлінеді. Біріншілері тек бip ғана 
ферментің әсер ету жылдамдығына, ал екіншілері – бip топ ферменттеріне әсер етеді. 
1. Арнайлығы жоқ активаторлар бip топ ферменттердің активтілігін артырады. . 
 2. Арнайлығы бар (арнайылықты ) активаторлар - тек қана бip ферментті активтендіреді. 
Ингибиторларда (тежегіштері) eкіге бөлінеді: 
1. Арнайлығы жоқ ингибиторлар, бip топ ферменттердің активтілігін тежейді. 
2. Арнайлығы бар ингибиторлар - бip ғана ферменттің активтілігін тежейді. 
6. Ферменттердің жіктелуі. Ферменттердің кластарына жалпы сипаттама. 
Ферменттердің кластары (трансферазалар, лиазалар) , өкілдері, кездесетін орны, 
катализдік әсері. 
Ферменттер— барлық тірі организмдер құрамына кіретін арнайы ақуыздарды ферменттер 
деп атайды. Реакция түрлеріне сай ферменттер 6 топқа бөлінеді: 
1. 
Оксиредуктаза - электрондардың тасымалын катализдейді, тотығу-
тотықсыздану реакциялары жатады. 
2. 
Трансфераза - функционалды топтардың және молекулалық қалдықтардың бір 
қосылыстан екінші қосылысқа тасымалдайды. 
3. 
Гидролаза - гидролитикалық ыдырау реакция жылдамдығын жылдамтады. 
4. 
Лиазалар – молекулалар арасындағы химиялық байланыстарды гидролиз 
реакциясыз катализдейді,бір өнімнің ішінде қос байланысты түзеді. Субстратты 
ыдыратады және жаңа өнімді синтездейді. 
5. 
Изомеразалар – бір субстрат молекуласының құрылымдық немесе кеңістіктік 
өзгерістерді катализдейді, изомерлі формалар түзіледі. 
6. Лигазалар – синтез раекцияларын жылдамдатады, энергияңа бай байланыстарды 
ыдыратады.Изомеразалар – бір субстрат молекуласының құрылымдық немесе 
кеңістіктік өзгерістерді катализдейді, изомерлі формалар түзіледі. 
1)Гидролазалар- судың қатысымен күрделі заттарды жай заттарға дейін ыдырататын 
ферменттер тобы. 
Топшалары: 
1-ші топша- күрделі эфирлік байланыстарды гидролиздейтін- эстеразалар . 
2-ші топша –көмірсулардағы гликозидтік байланыстарды гидролиздейтін гликозидазалар.
3-ші топша–белоктардағы және полипептидтердегі пептидтік байланыстарды гидролиздейтін 
пептидгидролазалар жатады. 
2)Эстераза тобы 6 топшаға бөлінеді. Карбон, қышқылдарының эфирлерінен тұратын 
эстеразалар липидтердің күрделі эфирлерін гидролиздейді. Өкілдері: 
-липазалар, тағам қорытатын сөлдерде кең қолданылады 
-фосфолипазалар, фосфолипидтердің гидролизін тездетеді. Фосфоэстеразалар фосфор 
қышқылынан құралған күрделі эфирлік байланыстарды үзеді. Өкілдері: глюкоза-6-фосфатаза, 
АТФ-аза және т.б. 
3)Гликозидазалар топшасы гликозидтік байланыстарды үзеді. 
Олар жасушаларда, тағам қорытатын сөлдерде болады, бірақ асқазан сөлінде болмайды. 


Өкілдері: амилаза- крахмал мен гликогенді мальтозаға дейін ыдыратады; мальтаза мальтозаға 
екі молекула глюкозаға дейін ыдыратады; сахараза сахарозаны глюкоза мен фруктозаға дейін 
ыдыратады; лактаза лактозаны глюкоза мен галактозаға дейін ыдыратады; гамма- амилаза 
гликогенді глюкозаға дейін ыдыратады. 
4)Пептидгидролазалар топшасы белоктарға әсер етіп, пептидік байланыстарды үзеді. 
2 топшадан тұрады: 
-эндопептидазалар- белок молекуласының ішкі жағындағы пептидтік байланыстарды үзіп 
оны полипептидтерге дейін ыдыратады; 
-экзопептидазалар- полипептидтердің соңдарындағы пептидтік байланыстарды үзіп оларды 
амин қышқылдарына дейін гидролиздейді. 
5)Лиазалар- судың қатысынсыз субстраттан белгілі топтарды бөліп алуды тездететін 
немесе топтарды қос байланыс бар жерге қосатын ферменттер класына жатады. Бұлар екі 
компонентті, жасушаішілік ферменттер. Өкілдері: кетоқышқылдардың декарбоксилазалары, 
декарбоксилазалар, карбоангидразалар. 
6)Трансферазалар - атомдарды немесе атомдар тобын бір субстраттан басқа субстратқа 
тасымалдайтын ферменттер класы. Бұлар негізінен екі компонентті, жасушаішілік 
ферменттер. Тасымалдайтын топтарына қарай олар бірнеше топшаларға жіктеледі: 
аминотрансферазалар, метилтрансферазалар, ацилтрансферазалар, фосфотрансферазалар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет