Гемаглобинурия-ауыр гемолитикалық анемияда, қатты уланғанда, сепсис күйік кезінде пайда
болады.
Глюкозаурия- зәрде глюкозаның болуы. Ол бүйрекке тәуелді және бүйрекке тәуелсіз болып
келеді. Бүйрекке тәуелді глюкозаурия кейбір нефрит түрлерінде, бүйректе
глюкозаның
раебсорбциясы жүргізетін ферменттің кемшілігінде байқалады. Бүйрекке тәуелсіз
глюкозаурия қанда глюкозаның деңгейі бүйрек межесінен асып кеткенде байқалады.
Кетаноурия-Қант диабеті кезінде, ашығуда, тиреотоксикозда, церебральді кома кезінде,ауыр
қалтырау кезінде, алкагольді интоксикация кезінде гиперкатехолемияда байқалады.
Креатинурия- Креатиннің зәрмен көп шығуын айтамыз. Креатинурия - миопатиялар,
бұлшықеттің прогрессияланған дистрофиясы кезінде байқалады.
зәрде креатиннің пайда
болуы гипертиреоз кезінде,
аддисон ауруы кезінде, қантты диабет кезінде,
инфек аурулар,
күйіп қалу, белоктық ашығу, қызыл волчанка және Е витамині жетіспеген кезінде байқалады.
Өт пигменттері: Тікелей билирубин- зәрде паренхиматозды
және механикалық
сарғыштанудан пайда болады.
Фенилкетанурия-тұқым қуалайтын ауру, бауырда гидроксилазалар
болмағанда зәрде
фенилаланин пайда болады.
Диастазды көтеретін және түсіретін жағдайлар:
1.
Бүйрек жетіспеушілік. Бүйрек жұмысының бұзылуы
2.
Панкреатит.
3.
Холецистит.
4.
Спирттік сусындардың әсерінен асқазан сөлінің, бауырдың функциясының бұзылуы
5.
Жедел
аппендицит, перитонит.
6.
Ауыз қусының жедел асқыну процесстері асқана ас қорыту жүйесіне әсер ету
салдарынан
7.
Паротит.
Бүйрек межесі деп нефрон өзекшелерінде эпителий
жасушаларының бастапқы
несептен глюкозаны кері сіңіріп алу қабілеті сақталатын қан сұйығындағы глюкозаның
деңгейін айтады. Бұл қабілеті қанда глюкоза 8-9 ммоль/л болғанға дейін сақталады.