Ағылшын тілінде зат есімдер екі септікте беріледі.
The Common Case, The Possessive Case.
The Possessive Case (тәуелдік септік) бір нәрсеге жататынын немесе обьектінің қандай да бір тұлғаға тәуелді болатынын білдіреді. Тәуелдік септігі Whose? деген сұраққа жауап береді. Зат есімнің тәуелдік септігі әдетте жанды заттарға байланысты қолданылады. Мысалы: boy's, brother's.
Сонымен қатар, тәуелдік септікте уақыт пен қашықтықты білдіретін зат есімдер қолданылады.
An hour’s work – бір сағаттық жұмыс.
A week’s rest – бір жұмалық демалыс.
Today’s newspaper – бүгінгі жаңалық.
Жансыз заттарға:
book of mother’s friend
Жекеше түрдегі зат есімдердің жасалу формасы: апостроф (') және –s жалғауы арқылы: the boy's pen, Peter's book.
-s жалғауы арқылы дәстүрлі тәсілмен жасалған көпше түрдегі зат есімдерде тәуелдік септікті тек апостроф ғана белгілейді: the girls’ bags.
Көпше түрде –s жалғауы болмайтын зат есімдер апостроф (') және –s жалғауының көмегімен тәуелдік септік жасайды: the children's toys.
Тәуелдік қатынасты білдіретін тағы бір жолы of предлогы бар сөз тіркесі арқылы білдіруге болады: the boy's father – the father of the boy.
СҰРАҚТАР
1. Зат есімнің тәуелдік формасын көрсетіңіз. This is ____ dress.
2. Жекеше түрдегі зат есімнің тәуелдену формасын көрсетіңіз.
3. Көпше түрдегі зат есімнің тәуелдену формасын көрсетіңіз.
4. Төмендегі сөйлемді тәуелдік септікке қойыңыз. Менің досымның отбасы.
5. “of” предлогі бар тәуелдік септіктегі зат есімді көрсетіңіз.
6. Сөйлемдегі тәуелденіп тұрған зат есімді көрсет.
7. Көптік мәнді зат есімнің тәуелдік формасын анықтаңыз.
8. Жекеше түрдегі зат есімнің дұрыс тәуелдену формасын табыңыз.
9. Төмендегі бос орынды дұрыс предлогпен толықтырыңыз. The father ___ the boy.
10. Тәуелдік септік қандай сұраққа жауап беретінін көрсет.
Ағылшын тілінде кейбір сөздер сөйлемнің мағынасына қарай әр түрлі сөз табына жатуы мүмкін. Көптеген негізгі етістіктердің зат есімнен айырмашылығы болмайды. Олардың мағынасы сөйлемдегі орнына және атқаратын қызметіне ғана қарай түсінікті болады. Мысалы: Work сөзі зат есім де, етістік те бола алады.
Work зат есімде «жұмыс» деп аударылса, етістікте «жұмыс істеу» деп аударылады. Wonder – зат есімде керемет деп аударылса, етістікте таңғалу деген мағынаны береді.
Back – сөзі зат есімде арқа, бел, бір нәрсенің артқы бөлігін білдірсе, үстеуде артқы, арты, артында деген мағына береді.
Clean – сөзі сын есімде таза деген мағынаны берсе, етістікте бұл сөзі тазалау, жинау деген мағынаны береді.
Delay- сөзі зат есімде «тоқтау», етістікте кідіру, кешігу деген мағынаны береді .
Drink - сөзі зат есімде сусын, етістікте ішу деген мағынаны береді.
End – сөзі зат есімде соңы, етістікте аяқтау деген мағынаны береді.
|