Бағдарламаның мақсаты



бет2/34
Дата27.03.2022
өлшемі372,12 Kb.
#28978
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
Байланысты:
Ағылшын тілі әлемі 11-сынып 12

Бағдарламаның міндеті:

Оқушының тұлға ретінде қалыптасуына әсер ету; Ақыл-ойын және ерік пен сезім белсенділігін арттыру; Оқушылардың танымдық қабілетін дамытып, қызығушылығын арттыру.

Курс бағдарламасы Дауысты дыбыстардың оқылуы,буын түрлері. Дауысты дыбыстардың тіркесінің оқылуы. Дауыссыз дыбыстардың оқылуы. Екі түрлі оқылатын дауыссыз дыбыстар. Дауыссыз дыбыстардың тіркесінің оқылуы. Жіктеу есімдіктері/ Personal Pronouns: субъективті және объективті. Тәуелдік есімдіктері / Possessives: Ілік септігіндегі формасы және абсолюттік форма. Reflexive Pronouns / Өздік есімдіктері: түрлері, тұрақты сөз тіркестері. Сілтеу есімдігі /Demonstrative pronouns.

Белгісіздік және болымсыздық есімдіктер. Туынды есімдіктер. Түрлері және ерекшеліктері. Сұраулық және қатыстық есімдіктері. Белгісіздік артиклі / Indefinite Article. Ерекшеліктері және қолданылуы. Белгілілік артиклі / Definite article: ерекшелігі, қолданылуы.Артикль қойылмайтын сөздер. Зат есімнің көпше және жекеше түрі / Plural and Singular Forms: жасалуы, ерекшеліктері.

Саналатын және саналмайтын зат есімдер / Countable and uncountable nouns. Жекеше түрде және көпше түрде қолданылатын зат есімдер / Singular and plural nouns. Зат есімнің ілік септігі / Possessive Case . Әртүрлі сөз табына жататын сөздер. Есептік сан есім /Cardinal Numerals: дара және күрделі сан есімдер. Реттік сан есім/ Ordinal Numerals: жасалуы. Бөлшектік сан есім / Fractional Numerals: жасалуы. Уақыт, күн/The time, Dates. Сын есімнің шырайлары/ Degrees of Comparison: жасалуы, ерекшеліктері, “ as….as” конструкциясының қолданылуы. Үстеу/Adverbs: жасалуы, шырайлары, қолданылуы. Предлог түрлері. Предлогты тіркестер / Prepositional phrasers. Фразалық етістіктер / Phrasal verbs. Зат есімнің жұрнақтары / Suffixes of noun.

Сын есімнің жұрнақтары / Suffixes of adjectives. Етістіктің жұрнақтары / Suffixes and Prefixes of Verbs. Сын есімнің болымсыз префикстері /Negative prefixes of Adjectives. To be етістігі. Шақтары. Белгісіздік шақтары / Indefinite Tenses. Созылмалы шақтар / Continuous Tenses. Аяқталған шақтар/ Perfect Tenses . Аяқталған созылмалы шақтар / Perfect Сontinuous Tenses. Ырықсыз етіс / Passive Voice. Өткен шақтағы келер шақ / Future in the Past. Тіркестер: “ to be going to”, “to have/ to have got”, “there is/ there are”, “used to do” . Модаль етістіктер. Tүрлері, мағыналары /Modal Verbs. Есімше / Participle I, Participle II. Герундий, тұйық етістік: қолдану ерекшеліктері, сөйлемдегі қызметі, формалары / The Gerund, The Infinitive сияқты тақырыптарды кеңінен қамтиды. Әр тақырыптан соң оқушылар сынақ тапсырмаларын орындап білімдерін бекітеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет