Beginning the lesson
|
Ағылшын тілінде сөзжасамның бірнеше түрі бар.
1.Ешқандай өзгеріссіз жасалатын сөздер. Олар айтылуында да, жазылуында да зат есім және етістік, сын есім және етістік бола алады.
Мысалы: answer - жауап, to answer - жауап беру, dirty - кір, лас, to dirty – кірлету, free - бос, to free - босату, walk - серуен, to walk - серуендеу.
2.Екпіннің өзгеруінің көмегімен жасалатын сөзжасамдар бар.
Мысалы: ‘transport - көлік, to trans’port - тасу, ‘import - импорт, to im’port – импорттау.
3.Әріптің өзгеруінің көмегімен жасалатын сөздер.
Мысалы: woman – women, advice – advise, proof – prove.
4.Жұрнақтар мен префикстердің көмегімен жасалатын сөздер бар.
Префикстер сөздің басында, ал суффикстер сөздің соңында келеді.Суффикстер бір сөз табынан екінші сөз табын жасай алады.
Зат есімнің бірнеше жұрнақтары бар. – ability, - ibility: possibility, - age: passage, - al: arrival, -ance, - ence: importance, difference, - dom: freedom, - ee, -er, -or: teacher, doctor, - hood: childhood, - ian: historian, - ion, - ation, - tion, - sion, - ssion: collection, production, submission, - ism: tourism, - ist: artist, terrorist, - ment: agreement, government, - ness: oldness, darkness, - our: colour, - ship: friendship, - th: depth, - ty: safety, -ure, ture: creature, departure, mixture.
Ағылшын тілінде зат есім сияқты сын есімнен зат есім тудыратын жұрнақтар бар. Мысалы : сын есім жұрнақтары - ance, - ence, -ant, - ent, important - маңызды, importance маңыздылық, - dom, wise – данышпан , wisdom - даналық, - ness, dark - қараңғы, darkness,- қараңғылық - ty, active - белсенді, белсенділік – activity.
|
|
marks
|
Student’s book
|