Beginning the lesson
|
Үстеу – қимыл, іс-әрекеттің жай-күйін, мекенін, мезгілін, мөлшерін, мақсатын тағы басқа белгілерін білдіретін сөз табы. Үстеу how?, where?, when?, why? деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы:
He always comes early.
She walked slowly.
Құрамы жағынан үстеу негізгі және туынды болып бөлінеді.
Негізгі үстеудің арнайы жұрнақтары жоқ. Мысалы: Often, very, quick, slow т.с.с.
Туынды үстеу- сын есімнен –ly жұрнағы арқылы жасалынады, мысалы: quickly, slowly, brightly т.с.с.
Үстеу мағынасына қарай 6 топқа бөлінеді.
• Мекен үстеу (here, there, where, inside, outside т.б)
• Мезгіл үстеу (late, early, today, tomorrow, now т.б )
• Мөлшер үстеу (very, nearly, much, little, quite т.б)
• Қимыл-сын үстеу (well, badly, quickly, slowly, hard т.б)
• Қайталау үстеу (twice, often, never, always, once, usually т.б)
• Сенімділік үстеу (certainly, surely, definitely, clearly т.б)
Үстеудің сын есім сияқты 3 шырай категориясы бар.
- Жай шырай
- Салыстырмалы шырай
- Күшейтпелі шырай
Үстеулердің салыстырмалы шырайы –er жұрнағы арқылы, ал күшейтпелі шырайлары - est жұрнағы арқылы жасалынады.
Fast – faster – fastest
Early- earlier - earliest
Үстеулер шырайларының – ly жұрнағы арқылы жасалған үстеулер алдына more және most сөздерін қолдану арқылы жасалынады.
Bravely – more bravely- most bravely
Correctly - more correctly – most correctly
Late, hard, soon, fast, near үстеулері шырай категорияларын өздеріне ұқсас сын есімдердің формаларын жасау амалдарына сәйкес келеді.
Near –nearer –nearest
Ерекше жасалынатын үстеулер:
Well – better –the best
Badly –worse –the worst
Little – less—the least
Much-more-the most
Far-farther-the farthest
Cөйлемде үстеу пысықтауыштың қызметін атқарады. Сын есімді анықтайтын үстеулер сөздің алдына келеді.
|
|
marks
|
Student’s book
|
Middle
|
СҰРАҚТАР
1. Үстеудің шырайын таңдаңыз. Can you speak more ... please?
2. Сөйлемнің мағынасына қарай дұрыс үстеуді қойңыз. You are .... right.
3. Үстеуді табыңыз.
4. Қимыл-сын үстеуді көрсетіңіз.
5. Төмендегі асты сызылған сөз қай сөз табына жатады.
He reads very little_.
6. Төмендегі сөйлемді дұрыс үстеумен толықтырыңыз. She was smiling ...
7. Ағылшын тілінде мағынасына қарай үстеу нешеге бөлінетінін көрсетіңіз.
8. Мезгіл үстеуді табыңыз.
9. Төмендегі сөйлемді үстеудің шырайын қою арқылы толықтырыңыз. She can run ... than me.
10. Well үстеуінің күшейтпелі шырайын көрсетіңіз.
11. Put the adverbs of frequency with be in a correct place
12. Identify right predictable adverbs which expresses degrees of certainty
13. Recognize so and such with the meaning “like this”
14. Choose the adverbs in the positive degree.
15. Choose the adjectives in the positive degree.
16. Find «predicative positions» of adjectives in sentences below.
17. Elicit the «adverbial particles».
|
Match
|
Emoticon, marks
|
Student’s book
|