Ағылшын тілінде 2 етіс бар. Олар: негізгі және ырықсыз етіс.
Сөйлемде іс -әрекет баяндауышпен орындалса, онда ол негізгі етіс.
Сөйлемде іс -әрекеттің атқарушысы, қимыл иесі арнайы айтылмай, қимыл өздігінен істелгендігі көрініп тұрса, ондай етіс ырықсыз етіс деп аталады. The house was built last year.
Ырықсыз to be көмекші етістігінің сәйкес шақ түрлерінің тұлғасы мен мағынасы етістіктің есімше II ( Participle II) арқылы жасалады. Осылайша ырықсыз етісте етістікті жіктеген кезде тек to be көмекші етістігі ғана өзгереді, ал мағыналық етістіктің II есімше (Participle II) өзгеріссіз қалады.
Present Simple Passive - am/is/ are asked
Past Simple Passive – was/were asked
Future Simple Passive – will/ shall be asked
Present Continuous Passive – am/is/ are being asked
Past continuous Passive - was/were being asked
Present perfect Passive - have /has been asked
Future Perfect Passive –will/shall have been asked
Past Perfect Passive –had been asked
Future-in-the- Past Passive –should /would be asked
Cұраулы сөйлемде бірінші көмекші етістік бастауыштың алдына қойылады.
Болымсыз сөйлемде бірінші көмекші етістіктен кейін not демеулігі қойылады.
Егер сөйлемге іс -әрекетті жасаған тұлғаны қосатын болсақ, ол сөйлемге by көмекші сөзі арқылы енгізіледі, ал бір зат арқылы жаалатын болса with көмекші сөзін қолданамыз.
Ырықсыз етіс модальды етістіктерменде қолданылады, сөйлемде көмекші to be (to демеулігісіз) және өткен шақтағы есімше модальды етістіктерден кейін жұмсалады.
СҰРАҚТАР
1. Ырықсыз етісті аударыңыз. Оның ақылды бала екені белгілі.
2. Төмендегі ырықсыз етістің шағын көрсетіңіз. He will have been asked by tomorrow.
3. Ырықсыз етісті дұрыс қолданыңыз. The streets … (to clean) every morning.
4. Ырықсыз етістің дұрыс нұсқасын көрсетіңіз. He ... responsible for the accident.
5. Ырықсыз етістің дұрыс нұсқасын көрсетіңіз. A new supermarket ... next year.
6. Дұрыс нұсқаны көрсетіңіз. The letter … by my brother.
7. Дұрыс нұсқаны көрсетіңіз. The book ... by Hardy.
8. Дұрыс нұсқаны көрсетіңіз. ... the letter … tomorrow?
9. Дұрыс нұсқаны көрсетіңіз. Has been discussed
10. Төмендегі ырықсыз етіс шағын көрсет. The letter has just been typed.
11. Recognize the construction “have something done” in past simple
12. Recognize present simple passive in the sentences
13. Recognize non-finite form in Passive
The Future Indefinite in the Past - іс-әрекетті сөйлеп тұрған уақыттан кейін, болашақта болатындығын өткен шақ формасында беру. Осы себепті басыңқы сөйлем өткен шақта берілсе, Future Indefinite in the Past бағыныңқы сөйлемде қолданылады.
The Future Indefinite in the Past shall, will етістігінің орнына should, would көмекші етістігі арқылы жасалады. I жақтың жекеше және көпше түрінде should етістігі, II және III жақтың жекеше, көпше түрінде would етістігі келеді.
Сұраулы формасы should, would етістігі арқылы жасалынады, көмекші етістік бастауыштың алдына қойылады.
Болымсыз формасы бастауыштан кейін should, would етістігі арқылы жасалынады, одан кейін not шылауы тұрады.
Мезгіл үстеулері: tomorrow, soon, next day, next week, next month, next year, in a few days т.с.с.
The Future Continuous in the Past созылыңқы іс-әрекет, қимылдың сөйлеп тұрған уақыттан кейін, келер шақта болатындығын өткен шақ формасында қолданылады. Басыңқы сойлем етістік өткен шақта қолданылғанда, бағыныңқы сөйлем келер шақта болады.
The Future Continuous in the Past шағының жасалу жолы келер созылыңқы шақ сияқты жасалады, тек shall, will орнына should, would қолданылады және to be келер шақ формасы should be, would be және осы шақ есімшесі (Present Participle) арқылы жасалынады.
Сұраулы формасы бірінші көмекші should, would етістігі арқылы жасалынады, көмекші етістік бастауыштың алдына қойылады.
Болымсыз формасы бастауыштан кейін бірінші көмекші should, would етістігі арқылы жасалынады, одан кейін not шылауы тұрады.
Мезгіл үстеулері: at five o’clock, at that moment, at noon, at midnight, from five till six т.с.с.
The Future Perfect in the Past cөйлеу кезінде аяқталған іс- әрекеттің болатын нақты нәтижесін өткен шақта қолданылуы.
The Future Perfect in the Past шағының жасалу жолы келер перфекті шақ сияқты жасалады, тек shall, will орнына should, would қолданылады және to have келер шақ формасы should have, would have және өткен шақ есімшесі (Past Participle) арқылы жасалынады.
Сұраулы формасы бірінші көмекші should, would етістігі арқылы жасалынады, көмекші етістік бастауыштың алдына қойылады.
Болымсыз формасы бастауыштан кейін бірінші көмекші should, would етістігі арқылы жасалынады, одан кейін not шылауы тұрады.
Мезгіл үстеулері: by 5 o’clock, by the first of July, by Saturday т.с.с.
The Future Perfect Continuous in the Past іс-әрекет қимылдың келер шақта созылыңқы аяқталғанын өткен шақ формада білдіреді.
The Future Perfect Continuous in the Past шағының жасалу жолы келер перфекті созылыңқы шақ сияқты жасалынады, тек shall, will орнына should, would қолданылады should have been , would have been және келер шақ есімшесі (Present Participle) арқылы жасалынады.
Болымсыз формасы бастауыштан кейін бірінші көмекші should, would етістігі арқылы жасалынады, одан кейін not шылауы тұрады.
Мезгіл үстеулері: for seven hours, for twenty years, for a long time т.с.с.
|