Сабақтың тақырыбы
|
Сағат саны
|
Өтілетін күні
|
Үйге тапсырма
|
І. Кіріспе (1 сағат)
|
1
|
Дұрыс тамақтану гигиенасы
|
1
|
|
|
ІІ. Күнделікті гигиена (3 сағат)
|
2
|
Тұрмыс жағдайын ұйымдастыру. Үй тұрмысының гигиенасы мен экологиясы.
|
|
|
|
3
|
Күнделікті дене күтімі. Жеке бас гигиенасын сақтау.
|
1
|
|
|
4
|
Қозғалыс –аурудан арылыудың бірден бір жолы. Спорт денсаулық кепілі
|
1
|
|
|
ІІІ. Тамақтану әліппесі (7 сағат)
|
5
|
Тамақтану заңдылықтары.
|
1
|
|
|
6
|
Тамақтану мәдениеті мен ережесі
|
1
|
|
|
7
|
Тамақтың пайдалы қасиеттері мен құнарлығы
|
1
|
|
|
8
|
Дұрыс және тиімді тамақтану-денсаулық негізі
|
1
|
|
|
9
|
Тамақтану гигиенасы және рационы.
|
1
|
|
|
10
|
Тамақтанудың негізгі үш принципі
|
1
|
|
|
11
|
Физиологиялық сағаттар.
|
1
|
|
|
ҮІ. Дұрыс тамақтану денсаулық кепілі (10 сағат)
|
12
|
Адамның энергия жөніндегі жөніндегі қажеті.
|
1
|
|
|
13
|
Неге сусыз тірішілік етуге болмайды.
|
1
|
|
|
14
|
Нәруыздар-тіршілік тірегі, құрылыс материалы
|
1
|
|
|
15
|
Майлар-маңызды материал.
|
1
|
|
|
16
|
Көмірсулар-энергияның негізгі көзі
|
1
|
|
|
17
|
Витаминдер және минералды заттар
|
1
|
|
|
18
|
Тамақ өнімдерінің негізіг топтары
|
1
|
|
|
19
|
Тамақтың дәмі мен дәмділігі
|
1
|
|
|
20
|
Су- тіршлік тамыры. Сусындар туралы бірер сөз
|
1
|
|
|
21
|
Емдік тамақтану.
|
1
|
|
|
22
|
Әйелдің тамағы мен ажары
|
1
|
|
|
23
|
Ана мен оның ұрпағына қамқорлық.
|
1
|
|
|
24
|
Бір жасқа дейін тамақтану
|
1
|
|
|
25
|
Жасы ұлғайған кісілердің тамақтануы
|
1
|
|
|
26
|
Егер семіздіктен жәбір шегіп жүрсеңіз.
|
1
|
|
|
Ү. Денсаулық және сұлулық (8 сағат)
|
27
|
Гимнастика және оны сауықтыру маңызы
|
1
|
|
|
28
|
Ұйқы және оның маңызы
|
1
|
|
|
29
|
Никотин, ішімдік және есірткі- сұлулық жауы
|
1
|
|
|
30
|
Қоршаған ортаның теріге әсері.
|
1
|
|
|
31
|
Емдік шөптер мен жемістерді теріні күту мақсатында қолдану.
|
1
|
|
|
32
|
Физиологиялық ұл және қыз баланың ағзасындағы жыныстық жетілу кезеңіндегі өзгерістер
|
1
|
|
|
33
|
Сұлулық сыры-күтімде.
|
1
|
|
|
34
|
Қорытынды
|
1
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Тақырыптық-күнтізбелік жоспары
Аптасына 1 сағаттан, жылына 36 сағатқа есептелген
7 сынып
Пайдаланған әдебиеттер
Негізгі
1.Х.К Сәтбаева, З.С Әбішева, А.Д Соколов. Валелогия-денсаулық туралы ғылым.
2.А.Алдашев, Алматы, 1994ж, «Тағам және денсаулық»
3. «Тағам туралы толғау» Қайнар1994. Ж. Бектепов, С.Мусабеков
4. «Тамақтану энциклопедиясы» Алматы 1996ж
Қосымша
Отбасы және денсаулық журналы
«Тәнтану» Жандар Керімбектің Ермаханы 2004ж
«Адам анатомиясы» А.Р Рахышева А-2005ж
«Тағам туралы толғау» Қайнар1990
«Валеология» Х.К Сәтбаев, Ж.Б Нілдібаев. Алматы
«Валеология» Ә.Х сағымбаев, М.М Ақмырзаев. Алматы2001
«Денсаулық» Ситақанов С.Д №10, 2002ж
«Денсаулық» Тілегенов Ұ, №6, 2005ж
А.Аалдашев, алматы, 1994ж, «Тағам және денсаулық»
Валеология: Денсалық және өмірлік дағдылар. Алматы; 2004ж
Түсінік хат
Адам өміріндегі ең қымбатты - денсаулық. Дені сау, білімді, жан – жақты дамыған адам ғана өз өмірін дұрыс жолға қоя алады. Денсаулықты ешқашан ешқандай ақшаға сатып ала алмайсың, бірақ оны сақтау және қалыптастыру әрбір адамның өз қолында. Ол үшін салауатты өмір салтын ұстану керек. Жасөспірімдік кезең есеюдің ең ғажабы. Бұл кезеңде адам ағзасында елеулі өзгерістер болады, сондай–ақ өмір сүру дағдысы қалыптасады. Жасөспірімнің болашақ өмірі үшін осы кезеңде зиянды әдеттерге үйір болмай өз денсаулығын күту керек, алдағы уақытта немен шұғылданады, қандай отбасын құрады т.т.с.с осы кезеңде дұрыс болуына байланысты. Өз ағзасын басқара алуы үшін ол ең бірінші ағзасының құрылысы қандай, қалай жұмыс істейді, ненің пайдалы немесе зиянды екенін білуі қажет.
«Тамақтану және денсаулық» элективті курс бағдарламасы оқушыларға денсаулықтарын күтуге, жеке бас тазалығын сақтауға, демалысы мен еңбегін дұрыс ұйымдастыра алуға көмектеседі. Элективті курс бағдарламасы мазмұнынына теориялық ұғымдар мен қатар практикалық тері, шаш, тырнақ, көз, тістерін күту жайында ұсыныстар мен кеңестер кіргізілген. Мектеп жасындағы оқушылар мен жасөспірімдердің осы кезеңде зиянды әдеттер темекі шегу, алкогольдік ішімдіктер мен есірткі заттарға әуестенулеріне байланысты зиянды әдеттердің әсері туралы арнайы тақырыпарналған.
Курс бағдарламасында басты көңіл дұрыс тамақтану тақырыбына арналады. Курс 7 сынып оқушыларының жас ерекшеліктері мен басты оқу бағдарламасына негізделіп жасалған. Курсты оқу жасөспірімдердің дені сау, сұлу, өзіне сенімі мол жастар болып өсуіне септігін тигізеді. 7 класқа арналған «Тамақтану және денсаулық» арнаулы курс бағдарламасы жылдық сағат саны-34, аптасына 1 сагат;
Арнаулы курс бағдарламасында «Күнделікті гигиена», «Тамақтану әліппесі», «Дұрыс тамақтану денсаулық кепілі», «Денсаулық және сұлулық» бөлімдері бойынша оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға, дамытуға назар аударылған.
Бағдарламаның өзектілігі: Оқушыларды жеке бас гигиенасын сақтау және дұрыс тамақтану арқылы денсаулықтарын нығайту туралы білімдерін тереңдету және бекіту. Тамақтың пайдалы қасиеттері мен құнарлығы, тамақтану заңдылықтары туралы оқушылардың білім, білік дағдыларын дамыту.
«Тамақтану және денсаулық» арнаулы курс бағдарламасының мақсаты: Оқушыларды тамақтану мәдениетімен таныстырып, дұрыс тамақтану арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру, жеке басының дене сымбаттылығы мен денсаулығын жетілдіру және нығайту, өзін-өзі тану әдістерін үйрету.
Бағдарлама мынадай міндеттерді шешуге арналған
оқушыларды жеке бас гигиенасын сақтауға үйрету;
дұрыс тамақтану арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру;
тамақтану туралы ғылыми көзқарастарын қалыптастыру;
адамның ағзасына қажетті тағамдық заттардың ерекшелігін түсіндіру;
қазақтың ұлттық тағамдары мен салт-дәстүрлерін жаңғырту;
бейіндік оқыту бағытында оқушыларды тестке дайындау;
оқушылардың негізгі ғылым сауаттылықтарын артыратын PISA зерттеулеріне дайындау;
-кәсіптік бағдар беру;
Бағдарлама бойынша оқушылар нені меңгеруі тиіс
Омыртқа жотасы, көз, мойын, қолдарға арналған жаттығулар кешенін;
Таңғы және тыныс алуға байланысты жаттығулар кешенін;
Тамақтану заңдылықтары мен мәдениетін,
Тамақтың пайдалы қасиеттері мен құнарлығын;
Тамақ өнімдерінің негізіг топтарын;
Өз денесін күтуге арналаған бағдарлама жасай алуға және мінез- құлқына баға беру тәсілдерін;
Физиологиялық сағаттар;
Күтілетін нәтижелер:
Беріліп отырған курсты жүзеге асыру барысында жасөспірімдердің салауатты өмір салтын ұсану дағдысының нығаюы, гигиеналық мінез құлқы қалыптасуы тиіс. Адамның ағзасына қажетті тағамдық заттардың ерекшелігін түсінуге және денсаулықтың адам өміріндегі маңызды екенін меңгеруі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |