Құрамы: 1 коржға арналған заттар: (Тортқа 4 корж керек)
Ақуыз - 165 гр.
Қант - 75 гр.
Қант ұнтағы (сахарная пудра) - 90 гр.
Жүгері крахмалы (кукурузный) - 9 гр.
Ұн - 9 гр.
Фундук - 125 гр.
Какао - 1 ас.қ (ст.л)
Кремге керек заттар: Сүтті шоколад (молочный) - 400 гр.
Қара шоколад (черный) - 300 гр.
Кілегей 33-35% (сливки) - 1 л
Сүзбелі ірімшік (творожный сыр) - 350 гр.
Салмасына (начинка): Шие (вишня) - 600 гр.
Жүгері крахмалы - 2 ас.қ (ст.л)
Қант - 3-4 ас.қ (ст.л) Су (крахмалға)
Дайындалуы:
Корждардың дайындалуы: Ақуызды кішкентей көпіршіктер пайда болғанға дейін миксейлерміз де, қантымызды 2-3 бөлікке бөле отырып қосамыз.Ақуызымызды қоюлығы орташа болғанға дейін миксерлейміз. Қант ұнтағын қосып, қатты қоюланғанша миксерлейміз. Ақуыз бен қант араласып болғанша қалған құрғақ заттарды біріктіреміз. Құрғақ заттарды ақуызды массаға аз-аздан қосамыз, силиконды күрекшемен араластырамыз. Дайын болған массаны формаға жақсылап, біркелкі етіп саламыз. (Форманың диаметрі 35×40). Конвекция режимінде 140 °С-та 40 минут пісіреміз (Конвекция жоқ болса 140 °С-та 30 минут ортасын, 10 минут астын пісіреміз.) Піскен коржымызды пештен шығарып, суытамыз. Осылайша 4 коржды пісіріп аламыз.
Кремнің дайындалуы:
Кілегейді қатты ысытамыз, бірақ қайнатпаймыз. Шоколадқа қосып, жақсылап араластырамыз. Кремді пленкамен "в контакт" жауып, тоңазытщышқа 8 сағатқа қоямыз.
Мұздаған кремді миксерлеп, аз-аздан сүзбелі ірімшікті қосамыз.