Бағдарламаның мазмұны


Құрамы: Бадам ұны (миндальная мука



бет6/19
Дата11.12.2023
өлшемі75,82 Kb.
#137717
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
3 Балжан - 21 Хит рецепт

Құрамы:
Бадам ұны (миндальная мука) – 75 гр.
Сарымай (слив.масло) – 75 гр.
Қант ұнтағы (сахарная пудра)–50 гр.
Қопсытқыш (Разрыхлитель) –½ ш.қ (ч.л)
Сарыуыз (желток) – 1 шт.
Ұн – 110 гр.
Тұз – шым-шым (щепотка)

Сары май (слив.масло) –50/70 гр (қамырға қосымша керек)




Салмасына (для начинки):
Сүзбелі ірімшік (творожный сыр) – 600 гр.
Қант – 110 гр.
Жұмыртқа – 2 шт.
Кілегей 33-35% (сливки) – 120 гр.
Лимон шырыны (лимонный сок) – 35 гр.
Лимон қабығы (цедра лимона) – ½ лимон
Дайындалуы:
Бөлме температурасындағы сары майды қант ұнтағымен бірге араластырамыз. Сарыуызды араластырып тағы да араластырып аламыз. Қалған құрғақ ингредиенттерді қосып тездетіп қамыр илейміз. Көп иилеп тұрудың қажеті жоқ (!!!). Түйіршіктер пайда бола бастаған кезде тездетіп шар тәрізді етіп жинап, пленкаға орап, тоңазытқышқа 1 сағатқа жібереміз.

Қамырды алып, 2 пергамент қағазының ортасында 3/5 мм қалыңдықта жайып, шанышқымен тесіп шығамыз. 180 °С та қызып тұрған пеште қызарғанша, шамамен 15-20 минут аралығында пісіріп аламыз.


Суыған қамырды блендердің көмегімен ұнтақтап аламыз. Қосымша дайындаған 50/70 гр. сарымайды ерітіп, ұнтақталған қамырға құямыз. Бізге өзара бірігіп тұрған ұнтақ керек.


Диаметрі 16/18 см болатын қалыпты (форма) майлап, ұнтақтан чизкейктің формасын шығарып дайындаймыз.
180 °С- та қызып тұрған пеште тағы 5 минут пісіріп алып, суытамыз.


Салмасы (начинка):
Бөлме температурасындағы сүзбелі ірімшікті қантпен араластырамыз (езбейміз). Ары қарай бір-бірден жұмыртқаны салып масса өзара біріккенше араластырамыз. Лимон шырынын, лимон қабығын және кілегейді қосып араластырамыз. Дайын болған салмасын алдын ала дайындаған қамырға салып, 90/130 °С та 60/90 минут аралығында пісіріп аламыз.
Дайын болған чизкейкті бөлме температурасына дейін суытып, тоңазытқышқа кемінде
6 сағатқа жібереміз.
Суыған чизкейкті қалауыңызша әрлесеңіз болады
«Таңқурайлы чизкейк»
Малиновый чизкейк»)




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет