Құрамы: Ақ шоколад(Белый шоколад) – 300 гр.
Сары май (бөлме температурасындағы) – 140 гр.
Кілегей 33-35% (Сливки)– 100 мл
Глюкоза шәрбаты (Глюкозный сироп) – 40 гр.
Дайындалуы: Ақ шоколадты әр 30 секунд сайын араластыра отырып микротолқынды пеште (микроволновка) ерітеміз.
Құрамы: Бисквит: Жұмыртқа – 220 гр.
Қант – 100 гр.
Ұн – 110 гр
Банан – 1 дана (шт)
Шоколадты мусс (Шоколадный мусс): Кілегей 33-35% (сливки) – 120 гр
Банан пюресі (пюре банана) – 40 гр.
Сүт (2,5-3,2%) – 40 гр
Сарыуыз (желток) – 60 гр
Сүтті шоколад (молочный шоколад) – 180 гр.
Жартылай шайқалған кілегей (полувзбитые сливки) – 180 гр
Желатин – 7 гр
Салқын су (холодная вода) – 42 гр.
Қарақатты мусс (Ежевичный мусс): Қарақат пюресі (ежевичное пюре) – 210 гр.
Жүгері крахмалы (кукурузный крахмал) – 8 гр.
Қант – 80 гр.
Желатин – 8 гр.
Кілегей 33-35% (сливки) – 350 гр.
Глазурь: Ақ шоколад (белый шоколад) – 500 гр.
Сұйық май (растительное масло) – 110 гр.
Бояғыштар «майда еритін» – ақ/күлгін
(Жирорастворимый краситель – белый/фиолетовый)
Дайындалуы: Бисквит: Жұмыртқа мен қантты жақсылап миксерлейміз, масса ұлғайып, ағарып, тығыз көбік (плотная, пышная пена) болғанға дейін миксерлейміз. Ұнды електен өткізіп қосып, силиконды күрекшемен (силиконовая лопатка) араластырамыз. Табаға (противень) 1 см биіктікке жайып, үсіне банан слайстарын орналастырып 170°С-та
12-14 минут шамасында пісіріп аламыз.
Шоколадты мусс (Шоколадный мусс): Желатинге су құйып, бықтырып аламыз. Кілегейді, сүтті және сарыузды түбі қалың ыдысқа құйып «англез» кремін дайындаймыз, яғни 80°С дейін жеткіземіз. Быққан желатинді қосып шоколадтың үстіне құямыз. Қол блендерін (погружной блендер) пайдаланып араластырып, 35°С дейін суытыңыз. Жартылай шайқалған кілегейді (полувзбитые сливки) қосыңыз.
Қарақатты мусс (Ежевичный мусс): Желатинге су құйып, бықтырып аламыз. Кілегейді жартылай шайқап аламыз (полувзбитые сливки). Түбі қалың ыдысқа қарақат пюресін, крахмал және қантты салып, кішкене қоюланғанша қайнатамыз. Бығып тұрған желатинді микротолқынды пеште (микроволновая печь) ерітіп, кішкене суытып алып қосамыз. Суытамыз және ақырындап, абайлап жартылай шайқалған кілегейді (полувзбитые сливки) қосыңыз.
Глазурь: Ақ шоколадты бу моншасында (водяная баня) н/е микротолқынды пеште (микроволновая печь) ерітіп қалаған түсіңізді шығару үшін бояғышты қолданасыз. Үстіне сұйық майды құямыз да қол блендерін (погружной блендер) пайдаланып біркелкі болғанша езіп аламыз. Қалауыңызша вафли ұнтақтарын (вафельные крошки), бадам жапырақтарын (миндальные лепестки) қоссаңыз болады.
Тәттімізді (пирожное) видеода көрсетілгендей етіп жинаймыз. Бізде формамыз 20/30 см. Дайын болған пирожныйларымыздың тігінен ортасынан (по вертикали от середины) кесеміз. Тігінен кесу өз табаларыңыздың ұзындығына байланысты. Ал ені 3 см болады. Бізде 8/3 см пирожный шықты.