Бағдарламаның мазмұны



бет14/19
Дата11.12.2023
өлшемі75,82 Kb.
#137717
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
3 Балжан - 21 Хит рецепт

_______________________________________
«Какаолы ылғандандыру» (Какао пропитка)
Құрамы:
Сүт – 50 гр
Кілегей 33-35% (сливки) – 30 гр
Какао –1-2 ш.қ (ч. л)
Қант –1-2 а.қ (с. л)


Дайындалуы:
Барлығын бірге араластырып, отқа қойып, қайнатамыз. Суытамыз. Араластырамыз, дайын!
__________________________________
«Кофелі ылғалдандыру» (Кофейная пропитка)
Құрамы:
Қайнаған су (кипяток)– 100 гр.
Кофе – 1 ш.қ (ч. л)
Қоюлатылған сүт (сгущеное молоко) –1-2 а.қ (с. л)


Дайындалуы:
Қайнаған суға еритін кофені (растваримый кофе) салып дайындап, қоюлатылған сүтті саламыз. Дайын!
_________________________________________
«Шоколадты ылғалдандыру» (Шоколадная пропитка)
Құрамы:
Сүт – 50 гр
Кілегей 33-35% (сливки) – 50 гр
Қара шоколад (темный шоколад) –30-40 гр.


Дайындалуы:
Барлығын микротолқынды пеште (микроволновая печь) қыздырып, араластырамыз. Дайын!
_________________________________________



3 Балжан
«Манго - Маракуйя»
торты

«Манго - Маракуйя» торты
(торт «Манго-Маракуйя»)


Құрамы:
Бисквит: 18 см
Қант - 160гр
Жұмыртқа –5 дана (шт)
Ұн – 100 гр
Бадам ұны (Миндальная мука) - 60 гр
Кукуруз крахмалы– 30 гр
Қопсытқыш (Разрыхлитель) – 12гр
Қайнаған су (кипяток)– 3 а.қ (с.т)
Сұйық май (Растительное масло) – 20 гр.

Дайындалуы:
Миксердің ыдысына жұмыртқаны салып жәй жылдамдықта араластырамыз. Қанты 2-3 бөлікке бөліп саламыз. Жұмыртқа ағарып, 2-3 есе ұлғаяды. Құрғақ ингредиенттерді біріктіріп, араластырып алып, аз-аздан 3-4 бөлікке бөле отырып жұмыртқаға салып силиконды күрекшемен (силиконовая лопатка) астынан үстіне қарай жұмыртқаны басып алмай бір бағытта ақырындап аралстырамыз. Осы массаға сұйық май (растительное масло) құйып араластырамыз, сосын қайнаған суды (кипяток) құямыз. Қамыр дайын. 160-180°С- та 20-30 минут аралығында пісіреміз. Піскен соң толығымен суытамыз. Формадан босатамыз.
Салмасы (Начинка):
Манго – 150 гр.
Маракуйя – 100 гр.
Қант – 30- 40 гр.
Кукуруз крахмалы– 1 а.қ (ст.л)


Дайындалуы:
Түбі қалың тостағанға манго, маракуйя және қантты салып орташа отта қайнатамыз. Көп қайнатпаймыз. Енді қайнай бастаған кезде крахмалды кішкене сумен араластырып манго-маракуйяның үстіне саламыз. 2-3 минут қайнатамыз. Оттан алып басқа ыдысқа аударып, суытамыз. Суыған соң кондитерлік қалташаға (кондитерский мешок) салып, дайындап қоямыз.
Крем:
Сүзбелі ірімшік (творожный сыр) – 420 гр.
Ақ шоколад (белый шоколад) – 260 гр.


Дайындалуы:
Ақ шоколадты микротолқынды пеште (микроволновая печь) ерітіп дайындап аламыз. Сүзбелі ірімшікті миксердің жәй жылдамдығында араластыра бастаймыз. Жылдамдықты ақырындап арттырып отырамыз. Араласып жатқан сүзбелі ірімшікке еріген, суыған шоколадты қоса отырып аралстырамыз. Крем дайын!



3 Балжан
Ганаш. Қолға
жабыспайтын крем.


Ганаш-Қолға жабыспайтын крем. (2 кг тортқа арналған рецепт)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет