«Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында көптілділік пен функционалдық сауаттылықтарын арттыра отырып,оқушылардың білімдерін критериалды бағалау енгізу арқылы жетілдіру » Мектеп ұжымының 2017-2021 оқу жылына жоспарлаған мақсаттары мен міндеттері Мақсаттары:
1
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы сәуір айындағы«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында және білім беруді дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында айқындалған міндеттерді іске асыруда білім беру мазмұнын жаңарту бағыттарын анықтау
2
Білім беру мазмұнын жаңартуда педагог мамандардың кәсіби қалыптасуын жүзеге асыруға қолайлы жағдай туғызу
3
Білім беру ұйымдағы инновациялық үдерістерді белсендіру мен қолдаудағы әдістемелік қызметтің рөлін күшейту
4
Тілдердің үштұғырлығы мәдени жобасын ендіруге байланысты іс –шаралар жоспарын жүзеге асыру
5
Оқу процесінде «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын басты бағыт ретінде пайдалана отырып, оқытудың заманауи үлгісін қалыптастыру, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» тәжірибесін, қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу;
6
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: «Жалпыға Ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» мақаласын басшылыққа алу;
Міндеттері:
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, мемлекеттік білім стандартында көрсетілген міндетті базалық білім деңгейін, әрбір оқушының меңгеруін қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастыру;
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген білім беру жүйесін жаңғыртудың негізгі бағыттарын жүзеге асыру. Білім мазмұнын жаңарту аясында мектеп білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту;
Оқушылардың білім сапасын арттыру, Ұлттық бірыңғай тестілеуге және оқу жетістіктерін сырттай бағалау жұмысында жүйелі дайындаудың әдіс – тәсілдерін жетілдіру;
Үштілде оқыту үдерісін енгізу және дамытуға байланысты кешенді іс – шараларды ұйымдастыру жұмыстарын жетілдіру;
Оқытудың мазмұны мен пішінін өзгертуде педагог мамандардың кәсіби өздік білімдерін көтеру мақсатында әдістемелік қызметтің, пән бірлестіктерінің жұмыс белсенділігін арттыру, кәсіби педагогикалық шеберлікпен шығармашылықты дамытуға бағытталған педагогтардың
біліктілігін көтеру жұмыстарын жалғастыру;
Мектеп жасындағы балаларды толық оқумен қамтамасыз ету және мектеп оқушыларын сабаққа қатысуына бақылауды күшейту,
«Мектепке жол» және «Қамқорлық» акциялары жұмыстарын жалғастыру;
Елбасының дәстүрлі халыққа жолдауы негізінде Қазақстандық патриотизм, мораль мен парасаттылық нормалары, құқығымен еркіндікті құрмет тұтуға тәрбиелеу жұмыстарын жандандыру;