Бағдарламасы 1-тарау. Жалпы ережелер Оқу бағдарламасы «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік



бет3/6
Дата30.08.2023
өлшемі102,57 Kb.
#105687
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
10 -11 с КжБН 399 КТЖ

Оқу пәнінің мазмұны 11-сыныпта 4 бөлімнен тұрады:

  1. «Стартап акселератор (1)»;

  2. «Стартап акселератор (2)»;

  3. «Кәсіпкердің өзін-өзі алға жылжытуы»;

  4. «Даму стратегиясы».

  1. «Стартап акселератор (1)» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

  1. «Питчинг»;

  2. «Команда құру және кәсіпкерлік қызметтегі командалар рөлі»;

  3. «Канва бизнес-моделі, маңызды құндылықтарды анықтау. Бизнес- жоспар құрылымы»;

  4. «Стартап-жобалардағы маркетинг»;

  5. «Стартап-жобалардағы коммуникация арналары;

  6. «Тұтынушылық және сатыпалушылық бейілділік»;

  7. «Стартаптардағы пайда арналары».

  1. «Стартап акселератор (2)» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

  1. «Бизнес ресурстар және ресурстарды басқару»;

  2. «Кәсіпкерлік қызметтегі серіктестік»;

  3. «Бизнестегі маңызды қызмет»;

  4. «Кәсіпкерлік қызметтегі салықтар»;

  5. «Шығындар құрылымы»;

  6. «Жобаның аяқталуы және оның нәтижелерін талдау – бизнес- жобалардың питчингі».

  1. «Кәсіпкердің өзін-өзі алға жылжытуы» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

  1. «Жеке адамның активтері мен пассивтері»;

  2. «Жинақтаулар, кредиттер және депозиттер»;

  3. «Дүниежүзілік ақша бірліктері, электронды ақшалар»;

  4. «Қор нарығы»;

  5. «Жеке бюджетті басқару»;

  6. «Өзін-өзі алға жылжыту»;

  7. «Түйіндеме және түйіндеме құру тәжірибесі»;

  8. «Нетворкинг (кәсіби жүйелер)»;

  9. «Кәсіпкердің іскерлік қарым-қатынасы - келіссөздер мен келіссөздер жүргізу тәжірибелері»;

  10. «Эмоционалдық интеллект»;

  11. «Тайм-менеджмент».

  1. «Даму стратегиясы» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

  1. «Бизнес ауқымын кеңейту – нарық дамуын болжау»;

  2. «Бизнес дамуының тәсілдері мен түрлері»;

  3. «Сапаны басқару»;

  4. «Халықаралық бизнес»;

  5. «Тұтынушының құқығын қорғау»;

  6. «Кәсіпкердің құқығын қорғау, бизнесті қолдау институттары»;

  7. «Кәсіпкерлердің жауапкершілігі (экономикалық, әлеуметтік, заңды, экологиялық, этикалық)»;

  8. «Мақсаттарды қоя білу»;

  9. «Өзіндік өмір стратегиясы».

  1. 10-сыныпқа арналған «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» оқу пәнінің базалық мазмұны:

  1. «Кәсіпкерлікке кіріспе». XXI ғасырдың қажетті дағдысы болып табылатын, ерекше ой тәсілі ретінде кәсіпкерлік туралы түсінік. Кәсіпкерлік ой дамуының тәсілдері. Экономикадағы және заманауи әлем дамуындағы кәсіпкерлер маңызы. Кәсіпкерлік призмасы арқылы оқушылардың өз көзқарасы мен мақсаттарын салыстыру. Кәсіпкер мен бизнесмен арасындағы айырмашылықты түсіну. Жас кәсіпкерлердің рөлін түсіну мен олардың қоғамдағы оң имиджін қалыптастыру. Нақты кәсіпкерлердің мысалдары мен тарихы. Қазақстан экономикасына тарихи экскурс. Экономика не зерттейтінін түсіну, микроэкономика мен макроэкономика арасындағы айырмашылық. Экономикалық түсініктермен, өндіріс үрдісінің ресурстары мен факторлары, нарықтың қызмет ету механизмі, сұраныс пен ұсыныс заңымен, нарықтық тепе- теңдікпен және терминологиялармен танысу. Кәсіпкерлік идеялар көздері (нарық мұқтаждықтары, хобби және т.с.с.). Тоқсандықтың оқу үдерісінің құрылымы: 1. Теориялық оқыту сабағы; 2. Теориялық білімді бекіту үшін офлайн-ойын, ойын дебрифингі; 3. Бизнес-кейстермен жұмыс жасау – өткен материалдар бойынша Қазақстан мен әлемнің нақты кәсіпкерлерінің сәттіліктері, сәтсіздіктері, қиындықтары мен шешімдерін көрсету.

  2. «Заманауи жағдайлардағы кәсіпкерлік». Кәсіпкерліктің экономикалық негіздері мен кәсіпкерлік қызмет түрлері. Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуындағы географиялық-аймақтық ерекшеліктерін, стартап және инновацияларды түсінеді. Баға бойынша және бағалық емес, жетілген және жетілмеген бәсекелестік түсінігі. Баға белгілеу – экономикалық категория ретінде баға қызметі мен мәні. «Көк мұхит» және «қызыл мұхит» стратегияларымен танысу. Әрекеттегі қазақстандық және әлемдік компаниялардың бизнес-кейстерінің мысалдары. Оқушылар арасында бақталастық сезімін құру мен бәсекелестік қағидаларын ұғыну.

Виртуалды кәсіпорынды құру үшін алынған білімдерді, топтық жұмыс- ойындар аясында, тәжірибеде қолдану. Тоқсандықтың оқу үдерісінің құрылымы:

  1. Теориялық оқыту сабағы; 2. Ойын түрінде топтарда тәжірибелік жұмыс жасау.

  1. «Әрекеттегі маркетинг». Нарықта отандық өндірушілердің нақты өнімдерін жылжыту бағдарламаларын құру призмалары тұрғысынан маркетингті оқыту. Топтарға бөлу, FMCG нарығында жұмыс жасайтын Қазақстанның нақты компаниясын таңдау. Әр команданың міндеті – облыс нарығында ұсынылған нақты өнімді жылжытудың маркетингілік стратегиясын жасау (мақсатты аудиторияны, ұранын, неймингін, коммуникацияның офлайн- және онлайн- каналдарын анықтау, жарнамалық өнімнің сыртқы түрін жасау мен әлеуметтік желілерде позициялау).

Тоқсандықтың оқу үдерісінің құрылымы: 1. Теориялық оқыту сабағы; 2. Өнімді жылжытудың маркетингілік стратегиясын жасауда алынған білімді қолдану бойынша топтарда тәжірибелік жұмыс.

  1. «Ойлау дизайны». Ойлау дизайны әдістемесінің кезеңдерін қолдана отырып практикалық тапсырмалар арқылы клиенттерге бағытталған шешімдерді құру. «Эмпатия» кезеңінің аясында оқушылар мәселелік жайттарға тереңірек енеді. Адам (пайдаланушы), оның физикалық және эмоционалдық қажеттіліктері, жүріс-тұрысы, ойлары зерттеудің маңызды обьектісі болып табылады. Топтық жұмыс аясында олар сұрақтар қояды, тыңдайды және бақылайды. Келесі «Талдау және синтез» кезеңінде оқушылар жиналған ақпаратты талдайды, жүйелейді және түсіндіреді – барлық тыңдалынған және көрген ақпаратты нақты, маңызды мәселеге айналдырады. Осы кезеңде оқушылар аналитикалық ойлау дағдыларымен танысады, маңыздысын ажыратуға, ойлап табылған нәрселерді құрастыру және нақты міндеттерге айналдыруға үйренеді. «Идеяларды ойлап табу» кезеңінде оқушылар команданың басқа қатысушыларының идеяларымен өзінің идеяларын ойлап табу мен дамыту үшін оң әсер ету тәсілдерін меңгере отырып ми шабуылының қағидаларымен танысады. «Прототип жасау» және «Тестілеу» кезеңдерінде таңдалынған идеяларды болашақта іске асыруда кері байланысты алу үшін қолданылады.

Тоқсандықтың оқу үдерісінің құрылымы: 1. Теориялық оқыту сабағы;

  1. Адамға бағытталған инновациялық шешімдерді жобалауда алынған білімдерді қолдану бойынша топтарда тәжірибелік жұмыс.

    1. 11-сыныпқа арналған «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» оқу пәнінің базалық мазмұны:

  1. « Стартап акселератор (1)». 10 сыныпта алынған білім мен дағдылар негізінде жеке өзіндік бизнес-идеямен жұмыс жасау. Жеке бизнес-модельді құру туралы түінікті қалыптастыру, өзгерістерді басқару дағдылары. Бизнес-модель жүйесін құру призмасы тұрғысынан жеке бизнесті құру мен жүргізудің тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру. Оқушылардың жеке бизнес-идеяларын қорғауы (жаздық демалысқа үй тапсырмасы), идеялардың келісілген бағалауы мен 2-5 адамнан тұратын командалар құру (хакатон форматында қызығушылық танытқан тараптар (мектептер, аймақтық жоғары оқу орындары, жергілікті компаниялар) тарапынан мәселелерді құруға да мүмкін болады). Заманауи стартап-акселераторлар мысалымен негізгі құрал – канва бизнес-моделімен (Canvas) танысу. Бизнес-жоспар құрылымын түсіну. Өз өнімнің/қызмет көрсетудің құндылық ұсынысын, қолданушылар сегментін, коммуникациялар арналарын, пайдаланушылармен қатынас пен табыстар түсімдерін анықтау. Тоқсандықтың оқу үдерісінің құрылымы: 1. Теориялық оқыту сабағы; 2. Өзінің жеке жобасын жасауда алынған білімдерді қолдану бойынша топтарда тәжірибелік жұмыс жасау;

  2. «Стартап акселератор (2)». Оқушылардың өзіндік жеке жобаларын жасаудың қорытынды кезеңі. Маңызды құндылықтарды құруға қажетті ресурстармен (материалды, физикалық, адами, зияткерлік) танысу. Әр ресурстарды талдау: оқушылардың жеке жобаларына қажетті ресурстарды таңдау, ресурстар құнын анықтау, олардың орналасуын анықтау. Маңызды құндылықтарды құру үшін ресурстарды басқару. Бизнес-концептіні құру (бизнес-модельдер, нарық мәселелері, команданың сипаты, мақсаттар). Тоқсандықтың оқу үдерісінің құрылымы: 1. Теориялық оқыту сабағы; 2. Өзінің жеке жобасын жасауда алынған білімдерді қолдану бойынша топтарда тәжірибелік жұмыс жасау;

  3. «Кәсіпкердің өзін-өзі алға жылжытуы». Жеке қаржылық сауаттылықпен танысу, жеке қаржы ресурстарын басқара білу мен өзін-өзі алға жылжыту бағдарламасын жасақтау. Өзіндік презентация, өз-өзін сату, түйіндеме құру мен кәсіби байланыстар орнату бойынша тәжірибелік білім;

  4. «Даму стратегиясы». Кәсіпкердің стратегиялық ойлау қабілетін дамыту. Бизнес-кейстер мен теориялар арқылы ішкі нарықта және халықаралық нарықтарда да бизнестің дамуының моделін таныстыру. Бизнесті қолдау институттарының рөлін бөліп қарастыру. Мақсат қою құралдары арқылы жеке дербес өмірлік стратегия мен мансапты (1-20 жыл) құру.

«КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ БИЗНЕС НЕГІЗДЕРІ» ПӘНІ 10 СЫНЫП



р/с

Бөлім



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет