Жауабы: амиодарон



Дата30.01.2023
өлшемі13,01 Kb.
#63658
Байланысты:
АРУФАРМ13



  1. Препарат К каналдарын айқын тежейді, сонымен қатар Na, Ca каналдарын тежеп, бета адреноблокаторлық әсер көрсетеді. Жанама әсерлерінде гипо не гипертиреоидизм бар. Бұл қандай препарат, тобын, механизмін, фармакологиялық әсерлерін, қолдануы мен жанама әсерлерін көрсетіңіз.

Жауабы:АМИОДАРОН. Амиодарон аритмияға қарсы препараттардың III класына жатады (реполяризация ұзартатын,әрекет потенциалының ұзақтығын ұлғайтатын заттар классы) К каналдарын тежегіштер.
әм:Кардиомиоциттер мембраналарының иондық арналарын блоктайды, альфа және бетта-адренорецепторлардың қозуын тежейді. Амплитудасының айтарлықтай төмендеуіне байланысты барлық жүрек құрылымдарының әсер ету потенциалының ұзақтығын арттырады. Теріс хронотропты әсері бар. Калий мен кальций арналарының симпатолитикалық белсенділігі мен блокадасы миокардтың оттегіне деген қажеттілігін азайтады, теріс дромотропты әсерге әкеледі: өткізгіштік баяулайды және синус пен АВ түйіндеріндегі сыну кезеңі ұзартылады.
фарм:антиангинальді, аритмияға қарсы
қолданылуы:Ауыр аритмиялар (әдетте, басқа терапияның тиімсіздігі немесе мүмкін еместігі кезінде): атриальды және қарыншалық экстрасистолия, WPW-синдром, атриальды діріл және жыпылықтау, қарыншалық тахикардия, қарыншалық фибрилляция; коронарлық немесе жүрек жеткіліксіздігі фонындағы аритмиялар.
жанама әсерлері:көру жүйкесінің невриті, гипер немесе гипотиреоз, өкпе фиброзы, пневмонит, плеврит, бронхиолит, пневмония, перифериялық нейропатия және/немесе миопатиялар, экстрапирамидті тремор, атаксия, бассүйек-ми гипертензиясы, түнгі ұйқылар, брадикардия, асистолия, AV-блокада, жүрек айну, құсу, бауыр функциясының бұзылуы, алопеция, эпидидимит, анемия, фотосенсибилизация, аллергиялық реакциялар.

  1. Науқас ревматизм нәтижесінде пайда болған созылмалы жүрек жеткіліксіздігімен емделеді. Тағайындалған препарат ішке қолданылады, нәтижесінде науқастың жағдайы жақсарды, ісіну және ентігу азайды. Алайда, 1 айдан кейін науқаста тәбеттің төмендеуі, лоқсу, бас ауруы, бас айналу, көру қабілетінің өзгеруі (заттардың сары түске боялуы), сондай-ақ жүректің жұмысының бұзылыстарына шағымдар пайда болды. ЭКГ-да қарыншалық экстрасистолия байқалады (ЖЖЖ = 50 уд/мин).

1. Бұл науқас қандай дәрі алды?
2. Бұл асқынудың себебі неде?
3. Әрі қарай дәрігердің тактикасы?
Жауабы:ДИГОКСИН. Na иондары көптем кардиомиоциттерге енеді →4фаза жылдамдайды(автоматизм) →Синоатриалдық түйінге тәуелсіз импульс пайда болады→аритмия, экстрасистолия. Триггерная зона на прямую қозып, науқаста лоқсу пайда болады.
Кумуляцияға ұшырағандықтан.
Дифенин тағайындаймын. калий хлоридін тамыр ішіне енгіземіз.



  1. 18 жасар науқас дәрігерге тұрақты ентігу, жүрек жұмысының бұзылыстар, аяқтарындағы ісінулер, шырышты қақырықты жөтел, жалпы әлсіздік шағымдарымен жүгінді. 15 жасында жүректің митральды қақпағының ақауы анықталды. Науқастың жағдайы соңғы айда жүрекшелер фибрилляциясы пайда болған кезде нашарлады. Барлық белгілерді ескере отырып, дәрігер созылмалы жүрек жеткіліксіздігі диагнозын қойды.

1. Қай фармакологиялық топтың препараттарын тағайындау керек? Препаратты атаңыз.
2. Емдеу кезінде қандай асқынулар пайда болуы мүмкін. Олардың алдын алу және жою шаралары.
3. Жүректің белсенділігі мен гемодинамикасының көрсеткіштеріне препараттың әсері қандай?
ЖАУАБЫ:Жүрек гликозидтеріГликозидтерді тағайындаймыз, басқалардың әсері қысқа.
Интоксикация.Антидот енгіземіз. ЭДТА динатрий тұзын жүрек гликозидшенупануда дамыган аритмияда көк тамырға енгізеді.
Na иондары көптем кардиомиоциттерге енеді →4фаза жылдамдайды(автоматизм) →Синоатриалдық түйінге тәуелсіз импульс пайда болады→аритмия, экстрасистолия.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет