- теориялық;
- гносеологиялық;
- сыншылдық;
- аксиологиялық;
- әлеуметтік;
- тәрбиелік-гуманитарлық;
- эвристикалық.
Дүниеге көзқарастық функция - дүниенің біртұтастық бейнесін жасау, оның
құрылымы жөнінде, дүниедегі адам орны, оның қоршаған
ортамен байланысы туралы
көзқарасты қалыптастыру.
Методологиялық функция
- философия коршаған дүниені, шындықты, ақиқатты
танудың негізгі әдістерін жасайды.
Теориялық функция - философия бүкіл дүниені, құбылыстарды ұғынуды мейлінше
жалпылайды, концептуалды - логикалық жүйелер жасайды, теориялық тұжырымдар түзейді.
Гносеологиялық функция - философия қоршаған дүниені, шындықты, дұрыс әрі айқын
тануды (таным тетігін) мақсат етеді.
Сыншылдық функция - философия кез келген теорияны,
білім қағидаларын сыни
ойлаудан өткізіп, ондағы қайшылықтарды анықтап, мәнді тұстарын айқындайды. Бұл
функцияның міндеті - догмаларды әшкерелеу, білімнің дәйектілігін
пысықтау және таным
шеңберін мейлінше кеңейту.
Аксиологиялық функция - философия заттар мен құбылыстарды бағалағанда оларды
моральдік-әдептілік, этикалық,
әлеуметтік, идеологиялық, мәдени, рухани және т.б.
құндылықтар жағынан қарастырады.
Әлеуметтік функция - философия қоғамды зерттегенде, оның пайда болу себептерін,
дамуын,
құрылымын, қозғаушы күштерін, қоғамда болатын қайшылықтарды айқындап, оны
шешу жолдарын, жетілдіру мәселелерін карастырады.
Тәрбиелік функция - философия гуманистік құндылықтар мен мұраттарды адам,
адамзат пен қоғам игілігіне жаратуды көздейді. Философия
- тарих қойнауындағы барлық
адмгершілік ізгіліктердің тәрбиелік мәнін ашып көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: