Бағдарламасы. 1 тарау. Жалпы ережелер



Pdf көрінісі
бет36/82
Дата14.11.2022
өлшемі2,5 Mb.
#50089
түріБағдарламасы
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   82
Аристотель (б.з.б. 384-322 ж.ж.) философиясы, жағынан, барлық көне грек 
философиясының қорытындысы іспетті. Ал, екінші жағынан, Аристотель көзқарасы ғасыр мен 
жаңа дәуірдің ғылыми ілімдерінің қайнар бастауы болды. Яғни бұл ұлы ойшыл көне грек 
данышпандары көтерген проблемаларға жан-жақты талдау жасап, өз заманының көкейкесті 
мәселелерді шешіп беруге ұмтылды. Ол, сондай-ақ, өзінің өмір сүріп отырған заманы әлі де күн 
тәртібіне қоймаған мәселелерді шешемін деп болашаққа ой жүгіртті. 
Аристотель философиясында алғаш рет өткен дәуір көзқарасына терең талдау жасалды. 
Ол «Метафизика» деп аталатын кітабында философияның негізгі мәселелерінің бірі -
болмысты 
жан-жақты анықтай отырып, өзіне дейінгі ойшылдарға, әсіресе, Платонның философиясына 
сын ескертпелер айтты. 
Аристотель - Платонның шәкірті. Ұстазының көзі тірісінде шәкірті оның 
шығармаларына сын көзбен қарап, пікірлерін ашық айтпағаны рас. Бірақ кейін келе, өзінің 
философия жүйесін жасау процесінде ол Платонның көзқарасына қарсы шықты. Аристотельге: 
«Сен неге көзінің тірісінде ұстазыңа қарсы шықпадың», - деп айып таққанда, ол: «Платон 
маған дос, бірақ ақиқат одан да гөрі қымбатырақ» - деп жауап беріпті. 
Эллиндік философия. Эллинизм дәуірі (б.з.б. ІІІ-ІІ ғасырдағы) басталды. Эллинизм 
ойшылдары стоялықтар – Аристотель ілімін, эпикуршілдер Демокритті, скептиктер Элей 
мектебі мен софистерді, Платонды әрі қарай ілгері жалғастырушылар болды. 


Ендеше, заманның мәнін, ішкі рухани дүниесін түсіну үшін эллинизм дәуірі, ондағы 
стоялықтар, эпикуршілдер және скептиктер маңызды рөл атқарды. 
Стоялық бағыттың негізін салған – Зенон. Әсіресе, стоялық ойшылдар өзінің 
логикасында, физика мен этикасында табиғатты, яғни сезімдік материалды, ғарышты субъекті 
ретінде қарап, сол арқылы адамның негізін түсінуге ұмтылды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет