Бағдарламасы. 1 тарау. Жалпы ережелер



Pdf көрінісі
бет33/82
Дата14.11.2022
өлшемі2,5 Mb.
#50089
түріБағдарламасы
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   82
  
Даосизм - қоршаған дүниенің құрылымы мен тіршілігінің негізін түсіндіру және адам
табиғат пен ғарыштың игілікке апаратын жолын табу мәселесін қарастырады.
Даосизмнің негізін б.з.д. VI ғ. соңы - б.з.д. V ғ. басында өмір сүрген Лао Цзы (Қарт 
ұстаз) салды. Даосизмнің қайнар көзі - «Дао-Дэ- цзин» деп аталатын философиялық трактатта 
көрсетілген. «Дао» - «жол, алғашқы бастама, алғашқы түпнегіз» деген мағынаны білдіреді. Дао-
заттардың табиғи өсу, өнуімен бірге, әлемнің негізін құрайды. Бүкіл әлем Дао заңына 
бағынады. Даосизм философиясының негізгі мәселесі - ұлы
Дао
туралы, жалпылама Заң және 
Абсолют туралы ілім. Даоны ешкім жасаған жоқ, бірақ бәрі де содан тараған. Дао барлық 
жерде, әрқашан, әр уақытта, шексіз өз үстемдігін жүргізеді. Оны сезім арқылы көруге, естуге 
болмайды. Дао табиғаттың, қоғамның, адам мінезі мен ойының табиғи, бірақ көрінбейтін заңы. 
Оның бастамасы да, аяғы да жоқ. Сондықтан ол атаусыз. Ол уақыт пен кеңістіктен тәуелсіз, 
солай бола тұра, жарық дүниедегі барлық нәрсенің негізі мен бастамасы, аты мен түрі. Дао 
сансыз заттарды жасаса да, әрекетсіз күйін сақтайды; бос қуыс сияқты, бірақ мәңгі, 
таусылмайды, оларды әруақытта реттейді. 
Ұлы аспанда Даоның ықпалында. Өмірдің мәні де, мақсаты да, оны танып білу, соның 
тәртібіне еру, сонымен жарасу. Даоны тану дегеніміз табиғаттың заңын ұғыну және сол 
тәртіпке үйлесе білу. 
Легизм – (латынша заң дегенді білдіреді) – фацзя мектебінің заң туралы ілімі, ерте 
қытайдағы саяси-этикалық ілім, адамды, қоғамды және мемлекетті басқару туралы көзқарастар. 
Легизм Чжоу династиясының билігі ыдырай бастағанда қалыптасады. Легизмнің көрнекті 
өкілдері – Гуань Чжун (б.д.д. 645), Шан Ян (б.д.д. 390-338), Хань Фэй цзы (280-233 шамасы). 
Легистер байырғы рулық қатынастарды, оның тірегі – ақсүйектік тұқым қуалаушылықты 
сынады. Олар елді басқарудың рулық дәстүрі мен рәсімдерін қабылдамады. Осыған орай 
бастапқы Конфуций ілімімен тай-таласта қалыптасты. Конфуцийдың этикалық талаптарын 
«ойын» сөзге жатқызды. 
Конфуций басқару идеясын жэнь және ли принципіне сүйеніп жалғастырса, легистер 
оның орнына заңға (фа) сүйенген мемлекеттік реформаны жасады, басқару теориясын ұсынды. 
ГуаньЧжун: «Заңдар – халықтың әкесі де, шешесі де... Билеуші мен шонжар да, мәртебелі мен 
төменгілер де, байлар мен кедейлер де – бәрі де заңға бағыну керек. Басқарудың түп
өнері 
осында»,- дейді. 
4-дәрісАнтика мәдениетіндегі философия 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет