Бағдарламасы. 1 тарау. Жалпы ережелер



Pdf көрінісі
бет31/82
Дата14.11.2022
өлшемі2,5 Mb.
#50089
түріБағдарламасы
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   82
Лекцияның жоспары:
Еретедегі Қытай мифологиясының ерекшеліктері, философиялық мектептер жүйесі.
Дао ілімі, Конфуцийдің философиялық – этикалық ілімі және Легизм мектебі. 
Ежелгі Қытай философиясы, Қытай мәдениетінің жарық бастамасы – көне тарихтың, 
мәдениеттің, философияның елі мен жері. Мамандар Қытай өркениетінің басталуын ся дәуіріне, 
яғни б.д.д. III – II мыңжылдықтың саясына жатқызады. Б.д.д. XVII-XIIғ.ғ. Шан-Инь 
мемлекетінде қола мәдениеті дамиды, шаруашылықтың құлдық
қоғамдық түрі жетілді. Шан-
Инь дәуірінде Қытайда алғаш жазу пайда болған. Ежелгі Қытай тілінің грамматикасы 
қалыптаса бастаған. Шан-Инь қоғамының саяси билігі ван топтары арқылы жүргізілді. Ван 
шаруашылық мәселесіне де, әскери, діни билікте де ең жоғарғы басшы болды. Ванның билігін 
шандықтар дәріптеп, оны тәңірге теңеген. «Шан-ди» деген титулға ие болған ван өзін «Мен-
адамдардың арасындағы ерекше жаратылыспын. Жалғызбын» деп жариялады. Шан — жер 
кіндігінің Ұлы қаласы, Қытай — жердің Ұлы орталығы деген уағыздар таралды. 
Өте көне дәуірде, аспан мен жер де болмаған заманда, әлем түрсіз хаосқа ұқсаған. Сол 
түрсіз тұңғиықта, делінген мифте, екі рух (немесе екі құдай) – инь және ян пайда болды да, 
дүниені реттейді. Кейіннен ян рухы аспанды, инь рухы жерді басқаратын болды. 
Ян – еркек бастамасы, күн нұрындай жарық, ашық бекем және күшті. Ян жалпы 
жағымды нәрсенің бастамасы. 
Инь - әйел бастамасы, аймен байланысты, сондықтан көлеңкелі, күңгірт және әлсіз. 
Екі бастама өзара байланыста болған, сол үйлесімділіктің нәтижесінен күллі мәнді 
нәрселер туындайды. Дүниеге деген осы қосжақты көзқарас кейінгі чжоу дәуіріндегі 
философиялық тексте усин бағдарламасымен толықтырылды. Усин бағдарламасы бес алғашқы 
элементтердің немесе бес субстанцияның – оттың – судың – жердің – металдың - ағаштың 
өзара байланысымен өзара алмасуына негізделеді, соған сүйенеді. 
Қытайдың көне текстері – философиялық толғаныстың шежіресіндей. Көне текстерде 
«Өзгерістер кітабында» («И цзин»), «Өлеңдер кітабында» (Ши цзин»), «Тарих кітабында» (Шу 
цзин») және т.б. ертедегі мифтер мен рухани қайнар көздерге толы шығармалар болып 
табылады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет