Бағдарламасы. 1 тарау. Жалпы ережелер



Pdf көрінісі
бет34/82
Дата14.11.2022
өлшемі2,5 Mb.
#50089
түріБағдарламасы
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   82
Байланысты:
umkd (4)

Лекцияның мақсаты: 
 Студенттерге Ежелгі Антика философиясының пайда болуы, 
ерекшеліктері дүниетанымдық көзқарастары туралы түсіндіру.Мектептері, кезеңдері
дүниетанымдық бастаулары туралы ұғымдарын түсіндіру. 
Лекцияның жоспары:
Көне грек философиясының қалыптасуы мен дамуы.
Көне грек өркениетінің және мифологиясының өзіндік сипаты.
Софистер және Сократ.
Платон, Аристотель ілімдері.
Эллинистік философия. 


Ежелгі Антика философиясы мен мәдениетінің өркендеген жері грек жері емес, Жерорта 
теңізі жағалауындағы елдер. Бұл елдерді бір кезде гректер жаулап алған болатын. Милет, 
Самос, Абдер сияқты қалалар Жерорта теңізіне жақын болып, оларда сауда-саттық және 
экономикалық қатынастар кеңінен өркендеді. Сондықтан бұл қалаларда ірі мәдениет ошағы, 
философиялық орта пайда болып, дами бастады. Алғашқы грек философиялық мектебі Милет 
қаласында пайда болды. Милет мектебі Ежелгі Грекияда б.з.д. VI ғ. өмір сүрді. Бұл Милет 
мектебінің негізін қалаушылар Фалес, Анаксимандр, Анаксимен. Бұлар дүниені біртұтас, бір-
бірінен бөлінбейтін жалпы процесс деп қарай отырып, оның негізін материалдықтан іздеді. 
Фалес (б.з.д. 640-560 ж.ж.) дүниенің негізін судан, Анаксимандр (б.з.д. 610-540ж.ж) 
апейроннан (шексіздіктен), Анаксимен (б.з.д. 546ж. туған) ауадан іздеді. Олар өткен дәуірдегі 
мифологиялық көзқарастан бас тартты. Алдымен жаратылыстану саласын зерттеушілер болды. 
Олар дүниеде не бірінші деген мәселені емес, керсінше, дүниенің біртұтастығын белгілі бір 
материалдық бірінші негіз арқылы шешуге тырысты. 
Эфестік Гераклит (шамамен б.д.д.540ж.). Оның есімі философия тарихында өшпес із 
қалдырған. Сонымен қатар, Гераклит тарихта Қараңғы деген қосымша атпен белгілі. Мұндай 
теңеу оның шығармаларының ерекшелігіне: ойлау машығының сипатына, тіліне, стиліне қарай 
айтылады. Гераклиттің ойлары өте қысқа әрі жинақты келеді. Ол түсініксіз сөздер арқылы 
терең ой жүйесін ширатып, әрбір құбылыс пен заттың мәнін ашуға тырысады. 
Гераклит қарама-қарсылықтардың бірінсіз-бірі өмір сүрмейтіндігін дәлелдеп шықты. Ол 
дүниенің тұрақсыздығын, оның үнемі қозғалыс пен өзгерісте, жалпы дамуда болатынын 
айқындап берді. «Өзендегі суға екі рет түсе алмайсың, өйткені ол ағып жатыр» дейді. Мұның 
өзі барлығы ағып, үнемі дамуда болады деген пікірді білдіреді. Гераклит қарама-
қарсылықтардың бір - бірінен ажыраспайтынын, бір - біріне өтетінін, алмасатынын, бірін-бірі 
толықтыратынын, бірі жойылса, екіншісі де жоғалатынын айқындап берді.
Гераклит сол кездегі басқа ойшылдар сияқты жаратылыстану саласымен айналысып
дүниенің негізін материалдық біртұтастықтан іздеді. Сондықтан да ол дүниенің негізін отта деп 
есептеді. 
Гераклит – көрнекті диалектик, теориялық ойлаудың шым-шытырман тұңғиығына, оның 
қайшылықтары мен бұрылысы көп жолдарына батыл көз жүгірткен ғұлама философ. 
Гераклиттің диалектикасы көптеген келелі мәселелерді көтерді. Сондай проблемалардың бірі 
таным процесін, әсіресе, диалектикалық танымның салыстыру әдісімен қалыптасатынын атап 
көрсетті. Салыстыру арқылы жақсылық пен жамандықтың, әсемдік пен көріксіздіктің т.б, жігін 
ашып, мәнін негіздеуге тырысты.
Грек философиясында Гераклит диалектикасына қарама-қарсы бағытта пайда болған сол 
кездегі ағымдардың бірі - Элей мектебі болды. Ол мектептердің өкілдері – Парменид пен 
Зенон. Парменид пен Зенон бастаған Элей мектебі келелі философиялық мәселелерді көтерді. 
Ең алдымен олар болмыс туралы проблеманы жан-жақты талқылады. 
Элей мектебі болмыс туралы философиялық мәселе көтере отырып, оның мәнін ашуға 
әрекеттенді. Болмысты тек ойлау арқылы білуге, түсінуге, сырын ашуға болады. Ендеше, негізгі 
мәселе – ойлаудың болмысқа деген қатынасы. Бұл - Элей мектебінің ашқан жаңалығы. Мұның 
өзі кейін философияның негізгі мәселесіне айналды.
Элей мектебінің негізін қалаған Парменид деген ойшыл. Оның ұстазы атақты ақын, 
ойшыл Ксенофан.Міне, Парменид болмыс туралы терең ой-пікірлер қозғаған. Ол: «Болмыс бар, 
болмыс емес жоқ» - кесіп айтты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет