Бағдарламасы. 1 тарау. Жалпы ережелер



Pdf көрінісі
бет39/82
Дата14.11.2022
өлшемі2,5 Mb.
#50089
түріБағдарламасы
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   82
 Құдайдың бар екенін рационалды (ақылмен) дәлелдеу; 
 Жалпылықтың жекелікке қатынасы немесе «универсали», яғни жалпылық ұғым мәселесі. 
Осы сұрақтарға жауап бере келе схоластикада екі бағыт пайда болды: 
Номиналаизм (лат.nomo- ат, атау) бойынша алдымен қандай да бір зат пайда болса, оған 
ат беріледі. Олар құдайдың бар екендігін былай дәлелдейді: Әке - құдай, ұл - құдайы, рух - 
құдай. Номинализм өкілдері - П.Абеляр, Росцелин, Дунс Скот, Жан Буридан, Роджер Бэкон. 
Реализм бағыты бойынша алдымен заттың өзі емес, оның жалпы атауы 
«универсалийлер» пайда болады, яғни сөз, соған сәйкес зат болады. Құдайдың бар екендігін 
былай дәлелдейді: Құдай туралы сөз бар, яғни құдайдың заты да, өзі де бар. Реализм өкілдері: 
А.Кентерберийский, Шампо. 
Аврелий Августин Ә у л и е (354-430) - христиандық теолог, «шіркеу аталарының» 
(католиктерде) бірі, христиандық дүниетаным жүйесін жасаған әулие. Христиандық әлемде дін 
және философия мәселелері бойынша шексіз беделі болған және «Ұстаз» деген атаққа ие 
болған. Антиктік мәдени мұра мен оған христиандықтың қатысы туралы пікірталаста сенім мен 
ақылдың үйлесімдігі туралы ілімді тұжырымдап, «Қасиетті Жазу» мен «Қасиетті Өсиеттің» 
күмәнсіз беделдігін мойындай отыра, адамның діни өміріндегі ғылым мен философияның рөлін 
кемітпеді. Августин жүйесіне рухани бастауларды әсірелеу тән. Адам үшін, дейді ол, Құдай мен 


дүние арасында таңдау бірден-бір абыройлы құндылық болып табылады. Адам тіршілігі 
құндылықтарының арасында ылғи жақсы көріп аялайтын игіліктер мен тек пайдалануға 
жарайтындарын бөлуге болады. Біріншісіне тіршіліктің бастауы болып табылатын абсолютті 
жақсылық ретінде Құдайды сүю жатады. Екіншісіне адамзат мәдениетінің жемістері мен 
нақтылы дүнияуи игіліктерді қосуға болады. Оларсыз тіршілік ету мүмкін емес. Бірақ оларға 
үйреніп, жақын көруге болмайды. Августин Құдайға біртіндеп жақындатып, тән мен жанды 
тазартатын, аскеттік сипатта болатын «катарсис» жүйесін тұжырымдады. Августиннің 
мәдениетке деген көзқарасы «Құдай қаласы туралы» еңбегінде берілген. Ол екі адамдық 
қауымдастықты бөліп қарастырады: «Жер қаласы» — Құдайды ұмытқан өзімшілдікке 
негізделген мемлекет пен мәдениет және «Құдай қаласы» — өзін ұмытқан, Құдайға деген 
сүйіспеншілігі шексіз рухани бірлестік. Рим империясының соңғы уақытына ұқсас «Жер 
қаласы» нәпсіқұмарлық пен күнәһарлыққа толы және «алғашқы күнәдан» бастау алады. Осы 
қалада өмір сүруге мәжбүр адам бар ықыласын Құдайлық Қалаға бағыттауы керек. Августиннің 
теологиялық ілімдері оның эстетикасымен де тығыз байланысты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет