Бағдарламасы. 1 тарау. Жалпы ережелер


Лекцияның мақсаты: Ортағасырлық араб-мұсылман философиясы



Pdf көрінісі
бет38/82
Дата14.11.2022
өлшемі2,5 Mb.
#50089
түріБағдарламасы
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   82
Лекцияның мақсаты: Ортағасырлық араб-мұсылман философиясыОртағасырлық 
батысеуропалық философиясының догмалық ұғымдары.Теологиялық философияның көрнекті 
өкілдері туралы мағлұмат беру. 
Лекцияның жоспары: Ортағасырлық араб-мұсылман философиясының қалыптасуына 
әсер еткен факторлар, оның даму кезеңдері. Батысеуропалық ортағасырлық діни философияның 
мазмұны мен қалыптасуы, негізгі бағыттары, мектептері.
Мұсылмандық діни ілімнің қалыптасуы. Мутакаллимдер мен мутазилиттердің Құранды 
түсіндіруі. «Таза ағайындардың» неоплатонизмі. Классикалық суфизмнің философиялық 
қырлары. Өмір сүріп отырғанның бәрі Құдай және Құдай бәрінде өмір сүреді. Мухиддин ибн 
Араби: әмбебап адам концепциясы. Әл-Ғазалидің құдайы алғашқысебепті рационалды түсінуді 
сынауы. Суфизмнің түркілік тармағы. Қожа Ахмет Йасауи: әлемдегі және өзіндегі Құдайды 
«басынан кешіру» және жету тәжірибесі. Араб-мұсылман философиясындағы универсализм, 
энциклопедизм, пантеизм және перипатетизм. Әл-Кинди: ақыл-ой – дүниені танып білудің 
жалғыз бастауы және өлшемі. «Екінші Ұстаз» Әл-Фараби білімнің энциклопедизмі. Әл-
Фарабидің онтологиясы, гносеологиясы, логикасы, натурфилософиясы, этикасы, өнер 
философиясы. Әл-Фарабидің қайырымды қала ілімі және қазіргі заман. Ибн Синаның ғылымдар 
классификациясы. Ибн Рушд: философияны ортодоксалды мұсылмандықтан қорғау. 
Ортағасырлық 
Еуропада 
христиандықтың 
таралуы. 
Рим-католик 
шіркеуінің 


орталықтандырылған, экономикалық, идеологиялық және саяси мықты ұйымға айналуы. 
Апологетика – христиандық көзқарасты философиялық құралдар арқылы негіздеудің бірінші 
талпынысы. Юстин, Татиан, Тертеуллианның ілімдері – христиандықты философияға қарсы 
қою. Оригеннің теологиялық іліміндегі неоплатонизм элементтері. Патристиканың екінші 
кезеңі. Августин Аврелий, Дионисий Ареопагит, Максим Исповедниктің еңбектеріндегі 
философияның христиандық догматикасы. Номинализм және реализм: универсалийлер туралы 
пікірталастар. Пьер Абелярдің бірқалыпты реализмді дамытуы. Фома Аквинскийдің 
Құдайтанымы А.
Орта ғасыр мәдениетіндегі философияның феномені, Аврелий және Ф. Аквинаттың діни 
философиясы.
5.1-дәріс. Орта ғасырлық шығыс мәдениетіндегі араб –мұсылман философиясы 
Лекцияның мақсаты: Ортағасырлық батысеуропалық философиясының мистикалық аскетті 
ұғымдары.Теологиялық философияның көрнекті өкілдері туралы мағлұмат беру. 
Лекцияның жоспары:
Орта ғасырдағы мұсылман философиясының қалыптасу жағдайлары, негізгі бағыттары. 
Араб тілдес перипатетизмнің энциклопедизмі. 
Ислам мәдениетіндегі суфизмнің орны мен рөлі. 
Батыс философиясында өнер мен ғылым өз дамуында белгілі бір уақыт аралығында тоқтап 
қалып, христиандық дінді идеологияландыру жүріп жатса, ал Шығыс философиясында әсіресе 
VІІ-Х ғасырларда араб-мұсылман ойшылдарының арқасында философия мен ғылым өзінің 
гүлденген кезеңін бастан кешіреді. Ортағасырлық араб-мұсылман философиясы деп арабтар 
мен Таяу және орта Шығыс халықтарының мәдени-саяси әсерімен қалыптаса отырып, 
Гибралтардан Индқа дейін созылған Араб Халифаты териториясында орналасқан, VIII-XIV 
ғасырдағы кезеңді қамтитын философияны айтамыз. Ортағасырлық араб-түрік философиясы 
мен мәдениеті антика мұрасын сақтай отырып, діни сипаттағы дамуды күшейтті. Арнайы білім 
салаларының дамуына әл-Хорезми, әл-Бируни, Ибн- Сина, Омар Хайям және т.б. ойшылдар өз 
үлесін қосты. Мұсылман әлемінің философтары мен ғалымдары Батыстың ғылымы мен 
философиясының қалыптасуына дүниетанымдық және теориялық зор ықпалын тигізді. 
Ортағасырлық араб- мұсылман философиясын екі негізгі кезеңге бөлуге болады: 
1.VІІ-ІХ - араб-мұсылман философиясының пайда болуы. 
2.IX- XV- араб-мұсылман философиясының ерте грек философиясын игеру кезеңі. 
Ортағасырлық араб- мұсылман философиясының негізгі бағыттары:
• Калам - исламдағы діни-саяси ағымдардың пайда болуымен қатар дамыған дискуссиялар, 
мұсылмандардың басқа сенім өкілдерімен, христиан өкілдерімен пікірталасы. Бұл пікірталаста 
құдайдың мәні, құранның негізі, құдайдың жазуы, бостандық мәселесі қаралды. Каламда екі 
бағытты атап көрсетеміз: ерте калам-мутазализм, кейінгі калам - ашаризм. 
• Мутазалиттер (ерекше, айрықша) - ХІ ғасырдың бірінші жартысында гүлденген калам 
мектебінің өкілдері. Олар Алладан басқа ешкімді мойындамайды, ең құдіретті Алла. Сондай-
ақ мутазализм-шийттердің идеялық ағымы болып табылады. Мутазализмнің атақты өкілдері 
ал-Алляф, ан- Наззам, ал-Джахисс. 
• Суффизм - исламдағы мистикалық аскеттік ағым. Адам үшін жоғарғы игілік адамның 
қоршаған ортадан, барлық қызықтан бас тартуы. Өкілдерінің бірі Қожа Ахмет Яссауи. 
Ортағасырлық араб-түрік философиясы грек философиясы мен Европа филоссофиясы - 
схоластика арасындағы байланыстырушы буын болып табылады. VІІІ-ХІІ ғасырдан бастап, 
шығыста ғылымның дамуына жол ашылады. Алдымен тригонометрия, алгебра, оптика, 
психология кейіннен, астрономия химия, география, ботаника мен медицина дамиды. Одан 
кейін біртіндеп діни-филоссофиялық бағыттар алдыға шыға бастайды. Орта ғасырлық араб-
түрік философиясының басты бағыты ислам мен мешіттің догматтарын сақтау, оны дамыту 
болды. Орта ғасырлық араб-түрік философиясының басты өкілдерінің бірі Ибн - Сина 
(Авиценна) (980-1037). Ол Әл-Фарабидің кейбір идеяларын шығармашылық тұрғыда 
жалғастырды: эманация идеясы, ақыл-ой туралы идея т.б. Ибн-Сина философиялық білімді екі 
салаға бөледі: теориялық және практикалық. Оның ойынша, егер теориялық философия 


ақиқатты игеруге ұмтылса, практикалық философия - игілікке жетуге ұмтылады. Теориялық 
философияға физиканы, математиканы, ал практикалық философияға саясатты, экономиканы 
жатқызады. Ал логика ғылымдардың барлығын пысықтайды, ол әлемді тану құралы. Барлық 
ғылымдардың шыңы метафизика деп аталынады, ал метафизика деп кейде теологияны, кейде 
философияны атайды. Қорытындылай келгенде, Ибн-Сина өз жауаптарында мынадай идеяларға 
келеді: егер философия ақыл-ой мәліметіне, дәлелге негізделген шындық туралы білім берсе, ал 
теологиялық білім сенімге сүйенеді. 
Әл-Фараби (870-950) Аристотельдің ізбасары болып табылады. Оның еңбектері 
«Герменевтика», «Қайырымды қала тұрғындары», т.б. Оның көптеген идеялары батыс европа 
идеяларымен философиялық концепциялардың дамуына теориялық әсерін тигізді. Фараби 
ғылыми болжамға, әлемді ғылыми танып білу мүмкіндігіне сеніп, қоғамдағы зорлық-
зомбылыққа қарсы шықты. Жер бетіндегі соғыссыз қоғам идеалын теориялық тұрғыда 
негіздеді. 
«Фусул әл-мадани» еңбегінде Әл-Фараби адамдық болмыс ретіндегі мәдениетті 
талдауды бірінші ұядан - отбасынан бастайды. Үйдің өзіне тән мақсаттары болғанымен, ол 
қаланың құрамдас бір бөлігі болып табылады. Қалада отбасылар келісімді, тату-тәтті өмір сүруі 
керек. Қала ұғымы мемлекетпен жақындастырылады. Тағы бір мағынасында қала ұғымы 
әлеуметтік-мәдени топ түсінігімен де байланысты қарастырылады. Әл-Фараби 4 түрлі қалалар 
бар дейді: қайырымдылар қаласы, надандар қаласы, адасқандар қаласы, азғындар қаласы. Бұл 
әлеуметтік мәдени типтер сол заманның мәдени бағдарларымен сәйкес келеді. Рухани мәдениет 
бастауларын Әл-Фараби адамдарды өзара байланыстыратын құндылықтардан - жан дүние 
үндестігінен, әдеміліктен, қайырымдылықтан, бақыттан іздеді. Қайырымды қала тұрғындары 
ақыл-ой, әділеттілік, теңдік, бақыт бастауларын жоғары бағалайды. Бұларға жету үшін мәдени 
тәрбиенің маңызы зор. Тәрбиенің негізгі мақсаттарының бірі - білімді қалыптастыру. Білімсіз 
адамгершілік молаймайды, білімсіз адам өзгелердің ақылдылығын аңғармайды. Ғылым мен 
тәрбие ұштаса келе жоғары мәдениеттілікке жол ашылады. Мәдениеттілікке тәрбиелеу 
мәселесін Әл-Фараби жалпы мұсылмандық білім жүйесі - мағрипатпен үндес қарастырады. 
Оның басты түйіні - мінсіз ақылды әрі жетілген адамды қалыптастыру (әл-камили әл-инсани).
Әбу-Жүсіп-әл-Кинди құдай, ақыл-ой, философия мәні, ғылымды классификациялау 
мәселелеріне көп көңіл аударған. Құдай туралы мынадай анықтама береді: «құдай - түп негіз, 
барлық нәрсенің бастауы», ол абсолютті шексіздік және мәңгілік. Адамның әлемді танудағы 
ақылдың рөлін анықтай отырып, әл-Кинди ақыл-ойдың төрт түрін және танымның үш сатысы 
туралы ой айтады. Ақыл-ойдың төрт түрі: белсенді ақыл-ой, енжар ақыл-ой, бейжай ақыл-ой, 
жариялаушы ақыл-ой. 
Болмыстық біртұтас принципін Ибн Араби (1165-1240) екі «ғарыштық» және «феноменальдық» 
деңгейде қарастырады. Араби үшін, Болмыстың бірлігі үш деңгейде – Абсолют ретінде, 
Атаулар (архетиптер) тұрғысынан, тұтас дүние көрінісінен білінеді. Абсолютте бәрі де 
өздігінен, жағдайын шектемей-ақ өмір сүреді. Болмыссыз өмір сүре алмайды. Өмір сүру 
бастауы туралы айтыста спекулятивті теологиясының жаңа түрі — калам, мутакалалимдік ағым
қалыптасты. Мутакалимнің пікірталасына иудаистер, христиандар сияқты мұсылман емес 
сарапшылар да қатысқан. 
Мутакалимдердің ой-толғаныстары мына мәселелерге «біртұтас құдайлық», «Құдайдың 
қалтқысыз туралығы», қылығына қарай Құдайдың «мейірімділігі және қаһары», күнә жасаған 
мұсылманның «өтпелі күйі», мұсылманның зұлымдыққа қарсы әрекетіндегі «тыйымды бетке 
басу» және игілік жасатар «жарлықты құптау» және т.б. 
Ибн Араби Болмыстың бірінші деңгейін – Абсолют, Құдай, Шындық деп атайды. Бұл деңгей - 
Болмыстық біртұтас мәнді реалдылығы, абсолютті жетілгені. Дүние болса, ол «Құдайдың 
көлеңкесі». Құдай жалғыздықта жапа шекпеу үшін өз атауын басқалар айту үшін дүниені 
жаратты. 
Ибн Араби, басқа суфистер сияқты, мұндай түсініктемені киелі хадиске (Пайғамбардың емес, 
Алланың өз сөзіне) сүйенгенін еске салады. 
5.2.-дәріс.Батыс Еуропалық орта ғасырлық мәдениеттегі философия және дін феномені. 


 Орта ғасыр мәдениетіндегі философияның феномені деп теологияны Европада V-XV 
ғасырларда таралған философиялық бағытты атаймыз, онда жоғарғы жаратушы ретінде 
құдайды, ал қоршаған орта оның туындысы. Осы кезеңде қоғамның рухани өмірінде үстемдік 
етуші дін болды. Ортағасырлық батысеуропалық философияның басты мәселелерінің негізі 
құдай болмысының дәлелі, сенім мен ақылдың ара-қатынасы адам жанының мәңгілігі болды. 
Антикалық философияға қарағанда орта ғасырдағы ойлау стилі теологиялық болды, яғни әлемді 
жаратушы ғарыш емес, құдай болды. Ортағасыр философтарының идеялары теологиялық ойға 
негізделді. Білімділіктің, зиялылықтың орталығы христиан дінінің шіркеуі болды. Шіркеу-
мемлекет ішіндегі мемлекет, яғни көптеген мемлекеттік функцияларды атқарды. Философия 
теологияға қызмет етті. Онтологиялық мәселе-жаратылу идеясы, креационизм болса, ал 
гносеологияда христиандық аян идеясы орын тапты. Ортағасырлық батысеуропалық 
философиясы басты екі негізгі идеяға сүйенді: барлық заттың бастамасы шындық пен 
туындылық. Ортағасырлық батысеуропалық философиясында үстемдік етуші дүниетаным 
христиандық болды. 
Ортағасырлық теологиялық философияның көрнекті өкілдері: Тертуллиан Карфагендік 
(160-220), Аврелий Августин (354-430), Боэций (480-524), Ұлы Альберт (1193-1280), Фома 
Аквинский (1225-1274), Ансельм Кснтерберийлік (1033-1109), Пьер Абеляр (1079-1142), 
Уильям Оккам (1285-1349), Николай Отрекурлык (ХІVғ.)
Орта ғасырлық батысеуропалық философиясын келесі кезеңдерге бөлуге болады:
Патристика (латынша - әке) – ІІ-VІғғ. алғашқы христиан философиясының негізін 
салушы шіркеу әкелерінің мектебі, ілімі. 
Апологетика ( грекше - қорғаймын, ақтаймын ) – ІІ – ІІІ ғ.ғ. пұттық политеизммен 
күресте христиандық догматика негіздерін қорғаған, уағыздаған ілім; 
Классикалық патристика - (ІV-Vғғ.) - тринитарлық мәселе, яғни әке, ұл және қасиетті рух 
мәртебесі арақатынасы туралы ілім; христологиялық мәселе, яғни Христостағы екіұдайлық
яғни құдайлық және адамдық екі бастама туралы; антропологиялық мәселе, яғни құтқару мен 
арылу барысындағы Құдайдың мейірімі мен адамның күнәһарлық табиғаты жөніндегі ілім; 
Соңғы кезең (VІ-V ІІІ ғғ.) - христиандық догматиканың орнығуы, теология мен 
ғылымның энциклопедиялық кодификациялануы. 
Схоластика (латынша мектеп) - ортағасырлық теологиялық ілім, философияның теологияға 
қызмет ететін тұсы. Схоластиканың үш кезеңі болды: 
- Балауса схоластика (ІХ-ХІІғғ.);
- Кемеліне жеткен схоластика (ХІІІғ.); 
- Құлдырау кезеңі (ХІV-ХVғғ.). 
Схоластикалық философияның негізгі мәселесі: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет