Бағдарламасы. 1 тарау. Жалпы ережелер



Pdf көрінісі
бет40/82
Дата14.11.2022
өлшемі2,5 Mb.
#50089
түріБағдарламасы
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   82
Фома Аквинский (1225-1274) - италияндық діни ойшыл. Католиктік шіркеудің ең ірі 
ойшылы. Дегдар отбасынан шықса да, ол ата-анасының қарсылығына қарамастан, 
доминикандық діни ұйымға кіреді. Париждегі Сен-Жак монастырында, кейін Париж 
унверситетінде дәріс береді. Сонан соң Италияға қайтып келіп, Рим Папасының сарайында 
болады. Сол жылдары ол Аристотельдің философиясын тереңдетіп, өз ілімінің негізіне 
айналдырады. 1269 ж. Парижге қайтып оралып, Құдайтану қосындысы жұмысын жалғастырады 
(1266—1273). 1274 ж. Неапольдан Лионға шіркеулік кеңеске бара жатып қайтыс болады. Логик, 
метафизик, теолог, Фома әулие Аристотельдің рационалды философиясын христиан дінімен 
сәйкестендіруге тырысқан. Ф. Аквинский ойынша, дін мен білімнің қарым-қатынасы 
гармонияға, бейбіт жарасымға құрылуға тиіс. Философия қарама-қайшылыққа ұрынған 
шағында (мысалы, уақыт шеңберіндегі жарату мәселесі), оның көмекке дінді шақыруы қажет. 
Ф. Аквинский- теоретикалық теологияның негізін салушы. Негізгі еңбектері: «Теология 
жиынтығы», «Философия жиынтығы». Ол Құдайдың барына 5 дәлелді келтіреді: 
1. қозғалыс: барлық заттың алғашқы қозғаушысы – құдай; 
2. себеп: барлық нәрсенің бір себебі болады: ол – құдай; 
3. кездейсоқтық пен қажеттілік; 
4. сапа дәрежесі: заттардың сапасы әр түрлі, ең жоғарғысы құдай; 
5. мақсат: қоршаған заттың белгілі бір мақсаты болады, құдай - мәңгі.
Ф. Аквинский томизм бағытының негізін қалаушы. Томизм – Ф.Аквинский іліміне негізделген 
католиктік философияның бағыты. 
6-дәріс. Қайта Өркендеу дәуірі философиясы 
Дәріс сабағының қысқаша мазмұны. Қайта Өркендеу дәуірі философиясының қалыптасуының 
әлеуметтік-экономикалық алғышарттары. Өнер мен жаратылыстану ғылымдарының гүлденуі 
және оның философиялық ойға әсері. Тоецентризмнен антропоцентризмге өту. Гуманизм – 
Қайта Өркендеу дәуірінің ерекше белгісі. Данте Алигьери, Франческо Петрарка, Колюччо 
Солютати: адами бастауды асқақтату. Лоренцо Валла, Марсилио Фичино, Леонардо да 
Винчидің антропоцентризмі. Пико делла Мирандоло: адам – ғаламның орталығы және өз 
бақытын жасаушы. Ренессанс дәуірінің әлеуметтік-саяси концепциялары. Никколо Макиавелли: 
«мақсат құралдарды ақтайды». Томас Мордың ерік еркіндігі туралы гуманистік принципі. 
Томмазо Кампанелланың теократиялық мемлекеттік құрылымы. Реформация – адамды 
ренессанстық асқақтауға қарсылық. Шіркеудің монополиясына Мартин Лютердің қарсы 
шығуы. Николос Кузанский, Николай Коперник, Джорлано Бруно, Галилео Галилей және 
Иоганн Кеплердің ілімдерінің ортағасырлық схоластикадан арылудағы рөлі. Дүниенің 
гелиоцентристік бейнесінің қалыптасуы. Ренессанс және Реформация мәдениетіндегі 
философия 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет