тұтастықтың негізгі принципі: «Құдайда барлығы біртұтас». Жалпы тұтастық бұл ең алдымен
жаратушы мен жаратылыс тұтастығы.
10-дәріс. Қазақ философиясы
Дәріс сабағының қысқаша мазмұны. Қазақтардың тұтас халық ретінде бірігуі - XV-XVIII
ғасырлардың жыраулары мен ақындарының негізгі тақырыбы. Асан Қайғының «Жерұйық»
идеясы – тәуелсіз қазақ хандығын құрудың негізі. Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз жыраулардың
шығармаларындағы адамгершіліктік-этикалық сұрақтар.
Бұқар жыраудың этикалық
философиясы. Қазақстанның Ресейге қосылуы кезеңіндегі қазақтың қоғамдық ойының даму
ерекшеліктері. «Зар заман» дәуірінің ақындары Дұлат Бабатаев, Шортанбай Қанаевтың
философиялық көзқарастары. Қазақ Ағартушылығы: қалыптасуының қоғамдық-саяси
алғышарттары, еуропалық және орыс Ағартушылығынан өзгешеліктері. Шоқан Уәлиханов,
Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев философиясының антропоцентризмі және гуманизмі.
Абайдың философиялық «Қара сөзі» - әлемдік мәдениеттің қайталанбас құбылысы. Абай
Құнанбаевтың дін философиясы және адамгершіліктік философиясы. Шәкәрім Құдайбердиев:
ақиқатты іздеу. «Үш анық» - болмыс, жан және адамның адамгершіліктік жетілуі
туралы
философиялық пайымдау. Кеңестік кезеңдегі қазақстандық философияның негізгі мәселелері:
диалектиканың, жаратылыстану ғылымдарының, ұлтаралық көзқарастардың, ғылыми
атеизмнің, қазақтың қоғамдық және философиялық ой тарихының мәселелерін,
әл-Фарабидің
филосфиялық мұрасын зерттеу. Посткеңестің кезеңдегі қазақстандық философия: қазақтың
ұлттық философиясы мен мәдениетінің рухани бастауларын, қазақ философиясының
«ақтаңдақтарын» зерттеу, тәуелсіз Қазақстанның жаңа даму жолдарын іздеу, дәстүрлі және қала
мәдениетін философиялық пайымдау, фарабитану ренессансы.
Достарыңызбен бөлісу: