мәселеде Абай Алтынсарин секілді деизмге жақын. Құдай - өз заңдары бойынша дамып
жататын өлшемнің алғашқы себепшісі деп түсінді.
Абай Құнанбаев өзінің аса дарындылығы, ой-өрісінің тереңдігі, халқына деген
қамқорлығымен әлемге танымал болды. Абайдың дүниеге көзқарасы ойы мен қыры мол,
күрделі. Дүние туралы пікіріне келсек, деизмге жақын дедік. Біріншіден, сыртқы дүниенің
санадан тыс өмір сүретіндігін қуаттайды. Мысалы, қырық үшінші қара сөзінде адам «...көзбен
көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілмен татып, мұрынмен иіскеп, тыстағы дүниеден хабар
алады» (А.Құнанбаев. Шығармаларының бір томдық жинағы. А., 1961, 48-бет), - дейді.
Сонымен бірге көптеген өлеңдерінде, отыз сегізінші сөзінде жан-жануарларды, адамды,
тіпті, машина, фабрикаларды алла жаратты деген тұжырым жасайды. «Мен» және «менікі»
деген философиялық мәселені қарастырып, өзіндік тұжырымға келеді. Ақынның ойынша «мен»
- ақын, жан, «менікі» - адам денесі. «Мен» өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан, «менікі» өлсе өлсін,
оған бекі» деп, дене өлгенімен жан өлмейді деген қорытындыға келеді. Абай таным туралы
құнды пікірлер қалдырды. Түйсіктеріміз арқылы дүниеден хабар аламыз, пайда, залалды
айыратын қуаттың аты - ақыл дейді.
Көптеген өлеңдері мен қара сөздерінен диалектикалық тұжырымдар бейнесін көруге
болады.
Достарыңызбен бөлісу: