Бағдарламасы. 1 тарау. Жалпы ережелер


  2.8. Қазіргі заман мәдениеттегі дін философиясы  Тәжірибелік (семинар) сабағының жоспары



Pdf көрінісі
бет80/82
Дата14.11.2022
өлшемі2,5 Mb.
#50089
түріБағдарламасы
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   82
 
14 
2.8. Қазіргі заман мәдениеттегі дін философиясы 
Тәжірибелік (семинар) сабағының жоспары 
 


1. 
Дін және өнердің дамуы: дәни рәсімдерді өткізетін 
орындардың 
архитектуралық формалары 
өзгешелігі.Сыртқы және ішкі кеңістігі.(осы тақырыпқа туризм 
саласынан мысал келтірініздер) 
2. 
Дін философиясы 
қоғам, 
адам және
Жаратушы арақатынасы туралы. 
3. 
Діни толеранттық 
идеясы.(осы 
тақырыпқа
туризм саласынан мысал келтірініздер) 
Оқытудың әдістемесі мен формасы: Пікірталас –семинар, 
15 
2.9.-15 тақырып-«Мәңгілік Ел» және «Рухани жаңғыру» – 
жаңа Қазақстан философиясы 
Тәжірибелік (семинар) сабағының жоспары 
1. 
Қазіргі Қазақстандағы жаңғыру үдерісі: әлеуметтік- 
саяси, экономикалық, мәдени қырлары. Қоғамдық сананы 
жаңартудың негізгі бағыттары. Рухани жаңғыру. .(осы 
тақырыпқа туризм саласынан мысал келтірініздер) 
2. 
XXI ғасырда ұлттық сана-сезімді қалыптастыру 
мәселесі. .(осы тақырыпқа туризм саласынан мысал 
келтірініздер) 
3. 
«Мәңгілік Ел» идеясы мен «Рухани жаңғыру» жобасы 
– Қазақстанның тарихи дамуының жаңа векторлары.(осы 
тақырыпқа туризм саласынан мысал келтірініздер) 
Оқытудың әдістемесі мен формасы: Пікірталас семинар 
 


ФИЛОСОФИЯ ПӘНІНЕН 
БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 
ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚТАР 
 
 

БӨЖ 
апта 
Модуль 1 

1 - БӨЖ тақырыбы: Философияның адам мен қоғам өміріндегі рөлі 
БӨЖ тапсырмалары: Ойланыңыз. 
1. 
Сократ «Философия дегеніміз Жақсылықпен Жамандықты 
тану құралы» деп анықтама берген.Адам өз өмірінде қандай бір 
сәтте философиялық сұрақтарға жауап іздейді. 
2. 
Эпикур «Философия –ақылға сүйеніп бақытқа жету жолы» 
деп анықтама берген.Бақытты болу үшін не қажет адамға»? 
3. 
Неміс ағартушысы Г.Лессинг: «Егер Құдай мені өзіне 
шақырып: «Бір қолымда Дүние жөніндегі толық ақиқат, екіншісінде 
ақиқатқа деген іңкәр бар. Қайсысын таңдап аласың?» - десе, мен: «О, 
Жаратқан, бүкіл ақиқаттың иесі сенсің, маған тек сол ақиқатқа 
іңкәрлікті берсеңіз болғаны», - дер едім» - дейді. Осы көркем сөзбен 
берілген ойды сіз қалай түсінесіз? 
4. 
«Философия қоғамға тәуелді болмауы керек, керісінше, қоғам 
философияға тәуелді болуы керек»,-деген екен орыс философы 
Н.Бердяев. Бұл тұжырым қазіргі қоғамда қандай ойларды туғызуы 
мүмкін? 
5. 
«Егер өлім болмаса, адамдар философиямен айналысар ма 
еді?»-дейді неміс философы А.Шопенгауер. 
БӨЖ тапсыру мерзімі: 1-2-апта 
1-2 

БӨЖ тақырыбы: Қазақ халқының философиялық дүниетанымының 
негізгі категориялары. 
БӨЖ тапсырмалары: 
1. 
Қазақ халқының философиялық ойланудың вербалдық-
дискурстік сипаты.
2. 
Қазақтардың философиялық дүниетанымының негізгі 
категорияларының ауыз әдебиетінде бейнеленуі. 
3.Индуизм және варналар. 
4. «Индуизм іліміндегі жан мәселесі» атты реферат жазу 
Тапсыру: 3 апта 


БӨЖ тақырыбы: Ортағасырлық философияның теоцентризмі және 
қазіргі заманғы діншілдік 
БӨЖ тапсырмалары: Ойланыңыз. 
1. Әл-Фараби философиясы бойынша бақыт мәселесі.Біз 
бақытқа әсемдік арқылы, әсемдікке - философия өнері арқылы 
жетеміз, ал олай болса, біз философия арқылы бақытқа 
жетеміз. Ал философияға ақыл-ой, шындық арқылы жетеміз. 
(Әл-Фараби). 
2. Әл-Киндидің философиялық ілімдері. 
3. Ибн-Сина философиялық ілімдерінің ерекшелігі. 
4. .Адам Құдайдың жолымен жүрмей, адамның жолымен жүрсе, 
ол шайтанға ұқсайды. (А.Августин). 



5. Философия дегеніміз не? Даналықты сүю. Философия 
дегеніміз не? Әсемдікті сүю. Даналық дегеніміз не? Ол нағыз 
әсемдік емес пе? (А.Августин). 
6. Құдайдың құдіреттілігін дәлелдеу мүмкін емес, оған тек қана 
сенім арқылы жетуге болады. (У.Оккам.) 
БӨЖ тапсыру мерзімі: 4 апта 

БӨЖ тақырыбы: Философияның адам мен қоғам өміріндегі рөлі 
БӨЖ тапсырмалары: Қайта өрлеу дәуірінің философиясындағы 
антропоцентризм және гуманизм. 
1.М. Монтень мен Э. Роттердамскийдің этикасы.
2.Н. Макиавеллидің әлеуметтік ойлары. 
3.Протестантизмнің еңбек пен байлыққа жаңа көзқарасы. 
4.Қайта өрлеу дәуірінің философиясындағы тұлға мәселесі. 
5.Дж. Бруноның натурфилософиясы. 
6.Қайта өрлеу дәуірі философиясындағы жаңа көзқарастар. 
БӨЖ тапсыру мерзімі: 5апта 


5 - БӨЖ тақырыбы: Жаңа Ұақыт кезеңіндегі қоғам мен тұлға туралы 
көзқарастар. 
1.Р.Декарттың философиясындағы рационализм. 
2.Ф.Бэкон: тәжірибе мен жалпылаудың бірлігі
3.Б. Спиноза және оның «Этикасы». 
4.Лейбництің «Монадологиясы» 
БӨЖ тапсырмалары: Келесі тақырыпта баяндама жазып келіңіз 
1. 
Томас Гоббстың қоғам мен тұлға туралы көзқарастары 
2. 
Дж.Локктың қоғам мен тұлға туралы көзқарастары. 
БӨЖ тапсыру мерзімі: 6-апта 


БӨЖ тақырыбы БӨЖ тапсырмалары: Ағартушылықтың адамзат 
тарихындағы әртүрлі типтерінің ортақ жақтары.Эссе жазу: Шарль 
Луи Монтескье табиғи факторларың негізінде қоғамның генезисі мен 
мәні туралы. Франсуа Вольтер: теңдік дегеніміз заң мен құқықтың 
алдында тең болу. Жан Жак Руссоның қоғамдық келісім-шарт 
теориясы. 
2. 
Жаттану концепциясы.
БӨЖ тапсыру мерзімі: 7-апта 

2 модуль 

БӨЖ тақырыбы:
Классикалық неміс философиясы 
1.И.Канттың «Этикасы».
2. З.И.Фихтенің «Ғылыми ілімі».
3.Ф.Шеллинтің «Натурфилософиясы».
4.Г.Гегельдің «Рух феноменологиясы».
5.Л.Фейербахтың «Антропологиялық философиясы». 
БӨЖ тапсырмалары: Эссе жазу: 


БӨЖ тақырыбы: XVIII ғ. соңы – XXI ғ. басындағы философия 
БӨЖ тапсырмалары: Эссе жазу: 
1. 
Тарихты материалистік тұрғыдан түсіну: материалдық өндіріс 
– жалпы қоғамның даму үрдісінің негізі.
2. 
Қоғамдық-экономикалық формациялар теориясы.
3. 
Фридрих Энгельс диалектиканың негізгі заңдары мен материя 
қозғалысының формалары туралы.
4. 
Анри Пуанкаренің конвенционализмі.



5. 
Неокантианттық – Канттың трансценденталдық идеализмі 
мен танушы ақыл-ойдың жаратылыстану және қоғамтанудағы 
рөлінің қайта өркендеуі.
6. 
Вена философиялық үйірмесі: философия – табиғи және 
жасанды тілдерді сараптауға бағытталған қызмет түрі.
7. 
Философиялық мистицизм. Эзотерика.Е.Блаватскаяның 
теософиялық мистицизмі.
8. 
Рудольф Штайнердің антропософиясы.
9. 
Карл Кастанеда танымының интуитивтік тәсілі.
10. 
Орыс марксизмі. Қоғамдық-саяси құрылымды өзгертуге 
практикалық бағытталғандық – Ресей материализмінің ерекшелігі.
11. В.И.Ленин пролетариаттың революциялық күрес тәжірибесі 
туралы.
12. 
Л.Н.Толстой мен Ф.М.Достоевскийдің өмірмәндік және 
адамгершіліктік философиясы.
14. 
С.Л. Франк, Н.А. Бердяев, Л. Шестов, Н.О. Лосский, 
И.А.Ильиннің философиялық ілімдерінің ерекшеліктері. 
БӨЖ тапсыру мерзімі: 
7 - БӨЖ тақырыбы: Қазақ философиясы 
БӨЖ тапсырмалары: Реферат жазу (таңдау бойынша): 
1. 
Әл-Фарабидің тіл философиясы және философиясының тілі.
2. 
Қожа Ахмет Йассауидің сопылық философиясы 
3. 
Қазақтың философиялық дүниетанымының «араласу» 
категориясының мәні 
4. 
Мағжан Жұмабаев поэзиясындағы өмір және өлім мәселесі 
БӨЖ тапсыру мерзімі: 8-апта 
10 
8 - БӨЖ тақырыбы: Болмыс – онтологияның орталық категориясы 
БӨЖ тапсырмалары. Келесі тақырыптар бойынша блиц-тест 
жасаңыз: 
1. 
Философия тарихындағы субстанция мәселесі 
2. 
Материя мен қозғалыстың бірлігі 
3. 
Сананың пайда болуы мен мәні туралы философияның және 
жаратылыстану ғылымдарының көзқарастары 
БӨЖ тапсыру мерзімі: 9-10 апта 
11 
9 - БӨЖ тақырыбы: Таным туралы ілім 
БӨЖ тапсырмалары. Келесі тақырыптар бойынша негізгі ұғымдарға 
(глоссарий) анықтама жазып келіңіз 
1. 
Философия мен ғылымдағы дүниені танып-білу мәселесі.
2. 
Ғылыми танымның ерекшеліктері.
3. 
Танымның жалпығылыми әдістері.
4. 
Ақиқат және адасу. 
БӨЖ тапсыру мерзімі: 11-апта 
12 
10 - БӨЖ тақырыбы: Диалектика заңдарының мәні 
БӨЖ тапсырмалары.
Тақырып бойынша өміріңізден диалектика заңдарымен байланысты 
салыстырмалы мысалдар келтіріп беріңіз. 
БӨЖ тапсыру мерзімі: 12-апта 
13 
11 - БӨЖ тақырыбы: Қоғам дамуының негізгі теориялары. 
Ақпараттық қоғам жайында тұлғаның қалыптасуының 
философиялық мәселелері 
БӨЖ тапсырмалары.
14 


Тақырыптар бойынша кроссворд жасаңыз (15 сұрақтан кем 
болмасын) 
БӨЖ тапсыру мерзімі: 13-апта 
БӨЖ тақырыбы: Қазіргі заманның жаһандық мәселелерін 
философиялық пайымдау 
БӨЖ тапсырмалары. Эссе жазу (таңдау бойынша): 
1.Қазіргі заман
жаһандық мәселелерін атаңыз. 2.Глобальдық 
модельдеу «Римдік клубтың» негізгі мәселесі ретінде. 3.Глобальдық 
мәселелерді зерттеудің негізгі бағыттарыБӨЖ тапсыру мерзімі: 15 
апта 
15 
«ФИЛОСОФИЯ» ПӘНІ БОЙЫНША БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫН 
ОРЫНДАЛУЫ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚТАР 
Студенттердің өздік жұмысы оқу процессінің басты көрсеткіші болып табылады. Оған: 
дәрістік сабаққа дайындық, конспект жазу; қысқаша дәріс курсына кірмеген 
материалдарды оқып үйрену, реферат түрінде жазу; силлабус бойынша үй тапсырмасын 
орындау; коллоквиум тапсыру, бақылау іс-шараларына дайындық (межелік бақылау және 
емтихан) жұмыстары жатады. 
Реферат 
Рефератты жазу кезінде келесі құрылымды ұстану керек: 
1) Бірінші бетінде рефераттың тақырыбы, факультет, студенттің тобы, аты-жөні 
жазылады. 
2) Жоспар (мазмұны). Мұнда рефераттың негізгі бөлімі және қай бетте екені көрсетіледі. 
3) Тақырыбы мен жоспардан кейін кіріспе жазылады. Мұнда берілген материалдың 
мақсаты мен міндеті және тақырыптың өзектілігікөрсетіледі. 
4) Негізгі бөлім. Мұнда рефераттың жоспарланған бөлімдері жазылады. 
5) Қорытынды бөлім. Тақырып мәселесіне қатысты автордың өзінің қорытындысы мен 
ұсынысы. 
6) Рефератты жазу үшін пайдаланылған әдебиеттер тізімі. 
Реферат көлемі компьютермен терілсе 10 беттен, ал қолмен жазылса 12 беттен кем болмау 
керек. Барлық беттері нөмірлену керек (бірінші бетіне номір қойылмайды, бірақ жалпы 
сан бетіне кіргізіледі). Жаңа бөлімді міндетті түрде келесі жаңа бетке және оның 
тақырыбын жазу керек. 
Тезисті конспект (ауызша жауап) 
Тақырыпқы байланысты негізгі түсініктер жазылады немесе жоспар жасалынады. Осыған 
студент сүйене отырып ауызша жауаптың құрылымын қалыптастырады. 
«» тақырыбы бойынша тезистік конспект жазу және ауызша жауап дайындау. 


Толық конспект (жазбаша жұмыс) 
Конспект жоспары құрастырылады. Тақырыптың негізгі сұрақтары қосымша әдебиеттерді 
пайдалану арқылы толық ашылады. 
Баяндама 
Баяндама жазу кезінде келесі құрылымды ұстану керек: 
1) Бірінші бетінде баяндама тақырыбы, факультет, студенттің тобы, аты-жөні жазылады. 
2) Қорытынды бөлім. Тақырып мәселесіне қатысты автордың өзінің қорытындысы мен 
ұсынысы. 
3) Баяндама жазу үшін пайдаланылған әдебиеттер тізімі. 
Баяндама көлемі компьютермен терілсе 4-5 беттен, ал қолмен жазылса 6-7 беттен кем 
болмау керек. Барлық беттері нөмірлену керек (бірінші бетіне номір қойылмайды, бірақ 
жалпы сан бетіне кіргізіледі). 
Слайд-шоу 
Слайд-шоу тақырыпқа сай электронды түрде болуы шарт. Студент тақырыпты қорғау 
барысында көрсетіліммен сәйкестендіріп түсіндіруі қажет. 


Список обязательной и дополнительной литературы и источников к курсу и теме
Основная литература:
1. Философияны ысаша тарихы. Сократтан Дерридаа дейін /ылыми ред. Нурышева Г.Ж. – Астана, 2018. –216 б.,
Джонстон Д.Ф, Астана, 2018. –216 б., Астана, 2018, 216.


Ағымдық, аралық және қорытынды бақылауға арналған материалдар
1-МОДУЛЬ
1. Философияның мақсаты мен мәні.
2.Философияның пайда болу алғышарттары. 
3.Философиялық білімнің негізгі сипаттары 
4.Философияның анықтамасының, формаларының және бағыттарының көптүрлілігі. 
5.Көзқарас және философия. Мифология, дін және философияның ерекшеліктері мен 
арақатынасы. 
6.Философияның қызметтері: көзқарастық, болжамдық, сыни, рационалдау және 
жүйелеу.
7.Қазақтардың алдыңғы философиялық дүниетанымның қалыптасу алғышарттары. 
Протоқазақтардың алдыңғы философиясы. 
8.Протоқазақтардың дәстүрлі сенімдері. Тәңірге, Жер-Суға, Ұмайға сиыну. 
9.Көшпелі өмір салтының негізгі сипаттамалары. 
10.Ведалардағы дүние, адам, өмір туралы алғашқы философиялық түсініктер. 
11.Ежелгі Үндінің ортодоксалды және ортодоксалды емес философиялық мектептері. 
Буддизм философиясы. 
12.Қытай философиясының негізгі мектептері. 
13.Конфуций: этикалық-әлеуметтік ілім және ерекше мемлекеттік саяси концепциясы. 
14.Ақсүйектік даналық пен қарапайым халықтың сенімдері арасындағы сабақтастықты 
қамтамасыз етудегі даосизм философиясының рөлі. 
15.Философияның Милет мектебі. Фалес, Анаксимандр, Анаксименнің 
натурфилософиялық ілімдері және Еуропа ғылымы мен философиясының қалыптасуы. 
16.Элея мектебінің өкілдері. Парменид және Ксенофан. 
17.Эфестік Гераклит философиясының қарама-қайшылықтығы. 
18.Антикалық философиядағы атомизм. Демокрит атомдар туралы.
19.
Пифагордың сандар және олардағы сәйкестік туралы ілімі. 
20.
Софистер мектебі. Софистер – даналық пен асыл қасиеттерге үйретушілер. 
21.
Сократ: адам мәселесіне бұрылыс. Сократтың рационалдық этикасы. 
22.
Ақиқат білімге жетудің Сократ ұсынған әдістері: ирония, майевтика, дефиниция. 
Сократтың логикасы. 


23.
Платонның болмыс туралы ілімі. Платонның мінсіз мемлекет туралы ілімі. 
Платонның этикасы. 
24.
Аристотель философиясының энциклопедизмі. Оның категориялар, материя және 
формалар туралы ілімі. 
25.Мұсылмандық діни ілімнің қалыптасуы. Мутакаллимдер мен мутазилиттердің
Құранды түсіндіруі. 
26.Классикалық суфизмнің философиялық қырлары. 
27.Әл-Ғазалидің құдайы алғашқысебепті рационалды түсінуді сынауы. 
28.Суфизмнің түркілік тармағы. Қожа Ахмет Йасауи: әлемдегі және өзіндегі Құдайды 
«басынан кешіру» және жету тәжірибесі. 
29.Араб-мұсылман философиясындағы универсализм, энциклопедизм, пантеизм және 
перипатетизм. 
30.Әл-Кинди: ақыл-ой – дүниені танып білудің жалғыз бастауы және өлшемі. 
31. «Екінші Ұстаз» Әл-Фараби білімнің энциклопедизмі. Әл-Фарабидің онтологиясы, 
гносеологиясы, логикасы, натурфилософиясы, этикасы, өнер философиясы. 
32.
Әл-Фарабидің қайырымды қала ілімі және қазіргі заман. 
33.
Ибн Синаның ғылымдар классификациясы. 
34.
Ибн Рушд: философияны ортодоксалды мұсылмандықтан қорғау. 
35.
Ортағасырлық Еуропада христиандықтың таралуы. 
36.
Апологетика – христиандық көзқарасты философиялық құралдар арқылы 
негіздеудің бірінші талпынысы. Юстин, Татиан, Тертеуллианның ілімдері – 
христиандықты философияға қарсы қою. 
37.Патристиканың екінші кезеңі. Августин Аврелий, Дионисий Ареопагит, Максим 
Исповедниктің еңбектеріндегі философияның христиандық догматикасы. 
38.Номинализм және реализм: универсалийлер туралы пікірталастар. 
39.Пьер Абелярдің бірқалыпты реализмді дамытуы. 
40.Фома Аквинскийдің Құдайтанымы. 
41.Гуманизм – Қайта Өркендеу дәуірінің ерекше белгісі. Данте Алигьери, Франческо 
Петрарка, Колюччо Солютати: адами бастауды асқақтату. 
42.Лоренцо Валла, Марсилио Фичино, Леонардо да Винчидің антропоцентризмі. 
43.Пико делла Мирандоло: адам – ғаламның орталығы және өз бақытын жасаушы. 
44.Ренессанс дәуірінің әлеуметтік-саяси концепциялары. 
45.Никколо Макиавелли: «мақсат құралдарды ақтайды». 
46.Томас Мордың ерік еркіндігі туралы гуманистік принципі. 
47.Томмазо Кампанелланың теократиялық мемлекеттік құрылымы. 


48.Реформация – адамды ренессанстық асқақтауға қарсылық.
49.Шіркеудің монополиясына Мартин Лютердің қарсы шығуы. 
50.Н. Кузанский, Н. Коперник, Д.Бруно, Г. Галилей әлем туралы.
51.Таным әдістерін (методтарын) іздеу: эмпиризм және рационализм, материализм және 
идеализм. 
2-МОУДУЛЬ 
52.Фрэнсис Бэкон – танымның эмпирикалық тәжірибесінің негізін қалаушы. «Білім – 
күш». Идолдар туралы ілім. Танымның индуктивтік әдісі. 
53.Рене Декарттың рационализмі. Субстанция мәселесі. Рационалдық дедукция және 
Декарттың дуализмі. 
54.Томас Гоббстың әлеуметтік-саяси көзқарастары. Қоғамдық келісім-шарт теориясы. 
55.Иммануил Канттың трансценденталды философиясы – таным теориясы. Адамның 
ақыл-ойының заңдары мен шекараларын анықтау. Антиномиялар туралы ілім. 
56.Вильгельм Гегельдің диалектика туралы ілімі. Гегель ғылыми категориялардың 
объективтілігі туралы. Абсолюттік идея – біртұтас әлемдік ақыл-ой. 
57.Людвиг Фейербахтың антропологиялық материализмі. Махаббат діні теориясы. 
Махаббат – ақыл-ой мен табиғаттың әмбебап заңы. 
58.Позитивизм: ғылымның үстемдігін және философияның пәні мен рөлін өзгертуді 
жариялау. 
59.Огюст Конт: философия – жаратылыстану ғылымдарының жетістіктерін жалпы 
қорытындылаумен айналысатын синтетикалық ғылым. 
60.Джон Стюарт Милльдің танымның индуктивтік логикалық әдістерін дамытуы. 
61.Герберт Спенсер биологиялық дүниеде эволюциялардың бар екендігі идеясы туралы. 
62.Позитивизмнің екінші кезеңі – механизмнің негізгі мәселелері. Эрнест Мах пен 
Рихард Авенариустің эмпириокритицизмі және субъективті идеализмі. 
63.Герменевтика – түсінудің жалпы теориясы. 
64.Эдмунд Гуссерльдің феноменологиясы. 
65.«Өмір философиясының» қалыптасу алғышарттары. Артур Шопенгауэрдің 
пессимистік философиясы: әлем - ақыл-ойсыз ерік және соқыр күш. 
66.Ф. Ницше христиандық құндылықтар туралы. Ең жоғары адам туралы ілім. 
67.Логикалық позитивизм, аналитикалық философия – позитивизмнің үшінші кезеңі. 
68.Карл Поппер: ғылыми тұжырымды демаркациялау және фальсификациялау 
принциптері. «Ашық қоғамдағы ашық ғылым». 
69.Томас Кунның ғылыми революциялар теориясы. 


70. Экзистенциализмнің қалыптасуының әлеуметтік-философиялық алғышарттары. 
71. М.Хайдеггер адамның нағыз және нағыз емес болмысы туралы. 
72.Жан Поль Сартр: адам – еркіндікті немесе еркіндік еместі таңдаушы жоба. 
73.А. Камю философиясындағы абсурд мәселесі. 
74. Психоаналитикалық философия. З.Фрейдтің бейсаналы туралы ілімі. 
75.К.Г. Юнг: ұжымдық бейсаналы және сана архетиптері. 
76.Постмодернизм: субъектісіз философиялық пайымдау. 
77.Жак Деррида: деконструкция – мәтінді зерттеу тәсілі. 
78.Структурализм: объектілердің тұрақты логикалық құрылымдары мен
байланыстарын іздеу. 
79. Прагматизм философиясы. Дьюи білім туралы.
80.Ресей тағдыры – орыс философиясының басты мәселесі. Орыс философиясының негізгі
бағыттары. 
81.В.С.Соловьевтің соборлық философиясы және этикасы. 
82.Асан Қайғының «Жерұйық» идеясы – тәуелсіз қазақ хандығын құрудың негізі. 
83.Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз жыраулардың шығармаларындағы адамгершіліктік-
этикалық сұрақтар. 
84.Бұқар жыраудың этикалық философиясы. 
85.Қазақстанның Ресейге қосылуы кезеңіндегі қазақтың қоғамдық ойының даму 
ерекшеліктері. «Зар заман» дәуірінің ақындары Дұлат Бабатаев, Шортанбай Қанаевтың 
философиялық көзқарастары. 
86.Қазақ Ағартушылығы: Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев 
философиясының антропоцентризмі және гуманизмі. 
87.Абайдың философиялық «Қара сөзі» - әлемдік мәдениеттің қайталанбас құбылысы. 
88.Абай Құнанбаевтың дін философиясы және адамгершіліктік философиясы. 
89.Шәкәрім Құдайбердиев: ақиқатты іздеу. «Үш анық» - болмыс, жан және адамның 
адамгершіліктік жетілуі туралы философиялық пайымдау. 
90.Онтология – болмыс туралы философиялық ілім. 
91.Материалдық және идеалдық болмыс. Болмыстың негізгі түрлері: «бірінші» және 
«екінші» табиғат болмысы; адам болмысы, рухани (идеалдық) болмыс, әлеуметтік 
болмыс. 
92.«Материя» ұғымы. Материя туралы философиядағы және ғылымдағы түсініктердің 
эволюциясы. 
93.Қозғалыс – материяның өмір сүру формасы. Қозғалыстың негізгі түрлері. 
94.Кеңістік пен уақыт – материяның атрибуттары. 


95.Болмыс және сана. Сананың генезисі. Философия мен ғылымдағы сана мәселесі. 
96.«Тұтастық», «жүйе», «құрылым», «бөлік» және «элемент» категориялары. 
97.Даму – болмыстың атрибуты. 
98.Диалектика – дамудың философиялық теориясы. Диалектиканың принциптері, заңдары
және категориялары. 
99.Танымның субъектісі мен объектісі. Танымның эмпирикалық және теориялық 
деңгейлері. 
100.Танымның сезімдік және рационалдық сатылары және олардың формалары. 
101.Әлеуметтік философияның пәні. «Қоғамдық болмыс», «қоғамдық сана» және 
«қоғамдық қатынастар» ұғымдары. 
102.Әлеуметтік институттар: жалпы анықтамалар және сипаттамалар. Қоғамның типтері. 
Қоғамның әлеуметтік құрылымы. 
103.«Мәңгілік ел» идеясы. Қазақстанның жаһанданушы әлемдегі өркениеттік 
идентификациясы. 
104.Ақпараттық қоғам философиясы. Дэниел Беллдің постиндустриалдық қоғам 
концепциясы. 
105.Рим клубының құрылуы – жаһандық мәселелерге назар аудару және оларды
шешу жолдарын іздеу талпынысы. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет