Бағдарламасы (10-сыныпқа арналған) Дайындаған: Маратқызы Салтанат 7М01501-Математика


«Мектеп курсындағы теңдеулер және теңсіздіктерді шешу» элективті курс



бет2/5
Дата21.10.2022
өлшемі0,8 Mb.
#44738
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5

«Мектеп курсындағы теңдеулер және теңсіздіктерді шешу» элективті курс

Түсінік хат


Мектепте математикалық білім берудің маңызды проблемаларының бірі – оқушыны есепті шешудің әдіс – тәсілдерімен қаруландыру және есептің шешімін өздігінен іздеп, таба білуге үйрету.Ұсынылып отырған курс жоғарғы сынып оқушыларының дайындық міндеттерін жүзеге асыруға көмектеседі. Курс 34 сағаттқа есептеліп , 10 сынып оқушыларына арналған. Бұл курс математикаға бейімі бар оқушының қызығушылығын , сұранысын есептерді шешу әдістерін қолдану барысында танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған. Математика курсының ең негізгі тақырыптарының бірі «Теңсіздіктер тақырыбы» бойынша білімдерін жүйеге келтіріп, оны айналамызды қоршаған өмірдегі күнделікті кездесетін жағдаяттарды шеше білуге қолдану әдістерін іздестіруге үйрету. Сондықтан да бұл курсты оқу кезінде жоғары сынып оқушыларының математикалық білімге қызығушылығын және сұранысын неғұрлым толық қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Осы курстың енгізілу мақсаты – мектеп оқушысына жоғары деңгейде жұмыс істеуге мүмкіндік беру мен бірге практикалық сабақтар арқылы болашақта білімге деген қөзқарасы тұрғысынан өзіне баға бере білуіне көмектеседі. Қолданбалы курс жоғары сынып оқушыларының ой- өрістерін мазмұнын дамытады, жаратылыстану – математикалық бағытына жататын пәндердің оқу мазмұнының маңыздылығын арттыра түседі.Бағдарламада ұсынылып отырған тапсырмалар , зерттеуге бағытталған және ұтымды ойлау дағдыларын дамытуға әсер етіп , нәтижесін болжай білу қабілетін қалыптастырады. Берілген курста « Теңдеулер және теңсіздіктерді шешу» бойынша теориялық және практикалық білім , білік негіздері жүйеленіп қарастырылды.
 
 
    • « Теңдеу және теңсіздіктерді шешу» тақырыбы арқылы әлем құрамы бейнелерінің математикалық тұтастығының дамуы жөнінде білімдерін тереңдету және кеңейту.
    • Теңдеулерді және теңсіздіктерді шешуді меңгерту, оқушылардың логикалық ойлауын дамытыу, теориялық білімін тәжірибеде қолдана білу дағдысын қалыптастыру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет