«Теңдеу және теңсіздіктерді шешу» тақырыбы бойынша білімдерін жүйелеу және тереңдету.
Әртүрлі әдіс – тәсілдерді пайдалана отырып , оқушылардың есеп шығаруға практикалық дағдыларын дамыту және қалыптастыруға жағдай жасау.
Шығармашылық және логикалық ойлауларын дамыту.
Өздігінен білім алу және алған білімдері мен дағдыларын орынды пайдалана білу.
Оқушының математикалық мәдениетін көтеру.
Курс міндеттері Курсты оқу нәтижесінде оқушылар мыналарды үйренеді: Есеп шығарудың әртүрлі әдіс – тәсілдері , негізгі алгоритмдері туралы білім алады.
Сызықтық теңдеу, теңсіздіктерді шешу;
Параметрлері берілген теңдеулерді әртүрлі әдістермен шешуге ;
Тригонометриялық теңдеу,теңсіздіктерді шешу; Нәтижесін график арқылы көрсетуді;
Әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс жасауға ; Есеп шығарудың ұтымды жолын таңдауды ;
Қорытынды ой жасау және нәтижені сараптауды ;
Білу керек Курс мазмұнын меңгеру деңгейіне қойылатын талаптар Курсты оқу нәтижесінде оқушылар келесі білім , білік және әдістерді меңгереді:
Математика нақтыны тану және бейнелеу әдісі екендігі туралы көзқарастары қалыптасады ;
Саралау , салыстыру , теңестіру , жүйелеу , қорытындылауды үйренеді
Математикалық әдебиеттермен өздігінен жұмыс жасай алады ; Өз қызметіне анализ жасап , жұмыс нәтижесін бағалай алады.
Стандарттық емес теңдеулер шешудің негізгі әдістерін біледі , теңдеу шешу әдістерінің теориялық негізін түсінеді ;
Әртүрлі әдістермен стандартты емес теңдеулерді шеше алады ;
Пікірталасқа қатысып ,өз қызметінің нәтижесін болжай алады ;
Әртүрлі типтегі теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу (5 сағат) Сызықтық теңдеулер мен теңсіздіктер
Сызықтыққа ұласатын теңдеулер мен теңсіздіктер. Квадрат теңдеулер мен теңсіздіктер.
Виет теоремасы