Математика пәнінен «Мектеп курсындағы теңдеулер және теңсіздіктерді шешу» Элективті курсының бағдарламасы (10-сыныпқа арналған) Дайындаған:Маратқызы Салтанат
7М01501-Математика
Жоспар
Элективті курс туралы түсінік
10-сыныпқа арналған «Мектеп курсындағы теңдеулер және теңсіздіктерді шешу» элективті курстың бағдарламасы
Пайдаланылған әдебиеттер
Элективті курс-оқушылардың әртүрлі танымдық қызығушылығын қанағаттандыратын, профильдің мазмұнын толықтыратын, оқу жоспарының жаңа элементі. Элективті курс кез келген тақырыпта болуы мүмкін, яғни жалпы білім бағдарламасының шекарасында жататын және одан тыс аймақта.
Элективті курс, ол оқыту процесін актуализациялау мен индивидуализациялаудың жаңа механизмі. Жақсы ұйымдастырылған элективті курстардың жүйесі оқушыға белгілі талап тілегіне сәйкес білім алып шығуына мүмкіндік береді.
Элективті курстар мектептің жоғары сатысында профильді оқыту жүйесінде маңызды роль атқарады. “Жалпы білім берудің профильді оқыту тұжырымдамасына” сәйкес жоғары сыныптардағы оқытудың мазмұнын дифференциациялауды әр түрлі курстардың мына 3 типінің негізінде жүзеге асырылады: базалық, профильді, элективті. Бұл үш типтің әр бір курсы профильді оқыту мәселесін шешуде өз үлесін қосады.
Жоғарыда атап өткендей базалық пәндердің профильді және элективті курстардың көлеміндегі ара қатыс жобамен алғанда оқу жоспарының жалпы сағат санынан сәйкесінше 50%, 30%, 20% болу мүмкін.
Мектепте элективті курстар білім беру мекемесінің оқушы компонентіне бөлінген сағаттардың есебінен жүзеге асырылады. Элективті курстар әдетте Х-ХІ сынып оқушыларына өткізіледі. Сонымен бірге оқушыларға кәсіби таңдауына бағдар беру мақсатында мектептің ІХ сыныптарында кәсіп алдындағы дайындықты өткізуді қарастыруға болады. Бұл үшін базистік оқу жоспарында арнайы ұйымдастырылған қысқа мерзімді курстарға аптасына 2 сағат (68 сағ) бөлінеді. Олардың мақсаты оқушыларға жоғары сыныптағы профильді оқытуға қатысты өз шешімін табу. Жоғарыда айтып өткендей бұл жағдайда оқу жылы барысында оқушы 8 әр түрлі курсты (бір ай мерзімде ), 4 курсты (тоқсан ішінде) немесе 2 түрлі курсты тыңдауы мүмкін.
Мектепке элективті курсты енгізе отырып, оған бағдарлама мен оқу құралы қажеттігі мен қоса оны оқытудың толық әдістемелік жүйесі керек екендігін есекеру қажет. Элективті курстардың жұмыстарын ұйымдастыру келесі ретке сәйкес жүргізідеді: оқушы өзінің қызығушылығына, жоспарлаған кәсібіне байланысты таңдаған профильі мен оған қатысты элективті курстарға сәйкес жеке жоспар құрады да мектеп әкімшілігіне өткізеді;
алдынғы екі пункті ескеріп мектептің келесі оқу жылына оқу жоспары жасалады;
соған сәйкес сабақ кестесі құрылады. Сабақ кестесінде сыныптар, элективті топтар, қатар жүретін базалық топтар және қатар жүретін прфильді топтар ескеріледі.
оқу пәндері мен ендірілетін элективті курстардың жиынтығы анықталады;