Бағдарламасы 11 «а» cынып, сағат саны 34 2022-2023 оқу жылы Құрастырған: Бекмаганбетова Г. О. Биология пәнінің мұғалімі


Бактериофагтар (бактериялардың вирустары)



бет32/36
Дата07.10.2024
өлшемі233,13 Kb.
#147010
түріБағдарламасы
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36
Байланысты:
Микробиология қолданбалы курсы 11 сынып

Бактериофагтар (бактериялардың вирустары).
Бактериофагтар(«бактерия» және гректіңphagos- жалмаушы) – бактерияға спецификалы енетін, оларды толық жойғанша (лизистегенше) ішінде паразиттенетін бактериялардың вирустары. Алғаш рет күйдіргі таяқшаларының өздігінен лизистену құбылысын 1898 жылы ресейлік микробиологияның негізін салушылардың бірі Н.Ф.Гамалея байқаған. 1915 жылы ағылшын бактериологы Ф.Туорт стафилококтардан фильтрат дайындаған осы бактериялардың жаңа дақылын ерітетінін байқаған. Француз ғалымы Ф.Д,Эрелль ғана (1917 жылы) дизентериямен ауырған науқастардың нәжісінен сүзгіден өте алатын агентті бөліп алып, осы құбылысқа дұрыс баға берген. Еріткіш агентті (нәжіс фильтратын) дизентерия бактериялары өсіп шыққан сұйық сорпалы ортаға қосқан кезде, орта толық мөлдірленген. Дәл осындай әсерді Д,Эрелль тығыз ортаға еріткіш агентті сәйкес бактериямен араластырып сепкен кезде байқаған. Біріңғай өскен бактериялар фонында дөңгелек немесе дұрыс емес пішінді стерильді дақтар – «негативті колониялар» немесе «таңдақтар» деп аталған, бактериялар лизистенген аймақтар пайда болған.
Ф.ДґЭрелль өзі ашқан еріткіш агентті бактериялар вирустары деген шешімге келіп, оны «бактериофаг» - бактерияларды жалмаушы деп атады. Бактериофагтар кеңінен таралған және бактериялардан басқа да микроорганизмдерде кездеседі, мысалы, саңыруқұлақтарда. Сондықтан бактериофагтарды сөздің кең мағанасындафагтардеп жиі атайды.
Бактериофагтарды алдына бактерия түрінің атауы қойылып латын, грек немесе орыс алфавиттерінің әріптерімен қатар сандық индекспен атайды. Туыстас фагтарды атау үшін фагтар бөлініп алынған микробтардың туыстастық және түрлік аттарын пайдаланады: колифаг, стафилофаг, актинофаг, микофаг ж/е т.б.
Бактериофагтардың құрылысын зерттеу үшін металмен немесе фосфорлывольфрам қышқылымен шаңдандыру арқылы контрастталған үлгілерін электронды микроскоппен зерттейді. Пішіні мен құрлымдарының ұйымдастырылуына байланысты фагтарды бірнеше морфологиялық типтерге бөледі: жіпше тәріздес; майда куб тәріздес (кейбіреулерінде өсінді аналогтары болады); сперматозоид пішіндес фагтар, дәлірек айтсақ басы куб тәрізді де жиырылатын немесе жиырылмайтын құндағы бар құйрықшалы өсінідісі болады. Фагтардың мөлшері 20 дан 800 нм (жіпше тәріздесі) болады.
Тиянақты түрде, өсіндісінің жиырылатын құндағы бар, сперматозоид пішінді, ірі бактериофагтар зерттелген, мысалы, Т2, Т4, Т6 колифагтары. Олар икосаэдр пішінді, 65-100 нм көлемдегі бастан және ұзындығы 100 нм-ден асатын құйрықтық өсіндіден тұрады (14 - сурет). Құйрықтық өсіндінің ішінде басымен жалғасып жататын, қуыс, цилиндр пішіндес өзегі болады, ал сыртында – бұлшық ет сияқты, жиырылуға қабілетті құндағы болады. Құндақ, бастың қасында өзекті қоршап жататын жиекке жалғанған. Өсіндінің дистальды ұшында тікенектері бар алтыбұрышты базальды пластинка болады, одан жіпше тәрізді құрылымдар – фибриллаларшығады.
Бактериофагтарда не ДНҚ не РНҚ болады. Фагтардың нуклеин қышқылдары екіжіпшелі, біржіпшелі, сызықтық, сақиналы болады. Фагтардың көпшілігі екіжіпшелі, сақинаға тұйықталған ДНҚ-дан тұрады.
Сперматозоид пішінді фагтарда суперспиралді екіжіпшелі ДНҚ басының ішінде орналасып капсидпен қоршалаған. Капсид полипептидті суббірліктерге ұқсас, икосаэдр (куб) түрінде орналасқан ақуыз молекулаларынан тұрады. Басының құрамына аспарагин, глутамин және лизиннен тұратын полипептид те кіреді. Фагтардың кейбіреулерінің басының ішінде ДНҚ-ның суперспиралденуін қамтамасыз ететін гистонтәріздес ақуыз болады. Құйрықтық өсіндісінің жиырылатын құндағы да спираль тәріздес орналасқан, құрамында АТФ пен СА2+ иондары бар ақуыздық суббірліктерден құралған. Фагтардың кейбір түрлерінің (мысалы, Т2) өсінідісінің дистальды бөлігінде лизоцим ферменті болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет